Материалдар / қалыптастырушы бағалау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

қалыптастырушы бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалыптастырушы бағалау және оның түрлері.Қалыптастырушы бағалау және оның түрлері.Қалыптастырушы бағалау және оның түрлері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2021
168
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЛЫПТАСТЫР
УШЫ БАҒАЛАУ
ЖӘНЕ ОНЫҢ
ӘДІСТЕРІ
Орындаған: Тұрар Арайлым
Қабылдаған: Жәнібекова Г.





«Бағалау» термині «жақын
отыру» дегенді білдіретін латын
сөзінен шыққан.
Бағалау – одан арғы білім алу туралы
шешімді қабылдау мақсатымен
оқытудың нәтижелерін жүйелі
түрде жиынтықтауға бағытталған
қызметті белгілеу үшін
қолданылатын термин.

БАҒАЛАУДЫҢ
МАҚСАТЫ:


• Оқытудың қиындықтарын анықтау;



• Жетістіктер туралы кері байланыс
(оқушылар, мұғалімдер және ата- аналар
үшін);



• Болжау және сұрыптау;



• Стандарттарды бақылау және орындау;



• Оқыту бағдарламасының мазмұнын және
білім беру стилін бақылау.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ
БАҒАЛАУДЫҢ СИПАТТАМАСЫ 


Қалыптастырушы бағалау- бұл
баланың оқуын үздіксіз бақылау үдерісі.
Қалыптастырушы бағалау бағасыз бағалау
болып табылады, ол критерийлерге сәйкес
бағалауға негізделеді және кері
байланысты меңзейді.



Қалыптастырушы бағалаудың
мақсаты- оқу үдерісінің барысында
мұғалім мен оқушы қызметін түзету.
Қалыптастырушы бағалау оқу нәтижесін
жақсартуға бағытталған.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ
БАҒАЛАУ


Қалыптастырушы бағалау –сабақта
күнделікті жүзеге асатын, білім мен
дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын
бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім
беру процесінде оқушы мен мұғалімнің
арасындағы өзара тығыз байланысты
жүзеге асырады. Сонымен қатар,
оқушыларға жаңа материалды меңгеруде
тапсырмаларды қаншалықты дұрыс
орындағандығын білуге және оқытудағы
мақсаттар мен міндеттерді орындауға
мүмкіндік туғызады (ауызша сұрақ,
жазба, практикалық жұмыстар т.б.)

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ
БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 


Оқушының күнделікті білім сапасы.



Нәтижеге жетудегі оқулықтар мен
кемшіліктерді анықтау, жою.



Оқушының бағалаудан алған жағымсыз
әсерінің азаюы.



Бағалаудың әділдігі, ашықтығы және өзінөзі бағалау дағдылары.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ
БАҒАЛАУ


Мұғалім үшін оқытудың келесі деңгейін
жоспарлау үшін тексеру жұмыстарының
нәтижесін қолданады; оқушыға білімін
арттыру үшін пайдалы кеңестер береді;
жұмыс нәтижесі бойынша әр оқушыға
жеке- жеке мақсаттар қояды.



Оқушы үшін өз қатесі негізінде үйренуге
көмектеседі; маңыздыны түсінуге
көмектеседі; қолынан не келетінін
түсінеді; білмейтін тұстарын анықтайды;
нені істей алмайтынын түсінеді.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ
БАҒАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ. 


Оқушының жетістік деңгейін
нақты сипаттайды



Білімге деген ынтасын
арттырады.



Баланың өзіне деген сенімділігі
артып, жауапкершілікті
сезінеді.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ
СТРАТЕГИЯЛАР














Сыныпта барлық оқушылар қабілеттілікті тұрақты емес, өспелі
ұғым ретінде қарастыратын орта құру.
Оқушыларды сабақтың мазмұнын, сондай-ақ оның не мақсатпен
жүргізілетінін көрсететін жоспарлау үдерісіне тарту.
Оқу мақсаттарын түсіндіру және оқушылардың табыс
критерийлерін белгілеуі.
Сыныпта тиімді әңгімелесу және мақсатты жауап алу
тәсілдерін пайдалану және жоспарлау.
Оқушыларды оқуда табысты болу туралы сараптамалық
пікірталасқа тарту – табыс критерийлеріне сәйкес болып қана
қоймай, осы критерийлерге қалайша сәйкес болу қажеттілігін
білу.
Оқушыларға өзара және өзін өзі бағалау жөніндегі жақсы
сарапшы болуға мүмкіндік беру.
Жетістік пен жетілдірудің неден тұратынын анықтауға,
түсініктемелерге сәйкес жұмыс істеуге уақыт беруге баса назар
аудара отырып, оқушылар мен мұғалімдерге уақытында шолу
жасап, кері байланыс орнатуға үздіксіз мүмкіндік беру.



Қалыптастырушы бағалаудың осы
стратегиялары мұғалімдерге де, оқушыларға
да міндеттер мен әдістерге қатысты
қабылданатын шешімдерді реттеуге болатын
құрылым ұсынады. Әдістер өзгеріп отырады
және стратгияларды орындауда қолдануға
болатын көптеген тәсілдер баршылық, бірақ
қағидаттар тұрақты әрі негізді болуы қажет.
Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі жастағы
балалармен жұмыс істегенде қолданатын
әдістер алуан түрлі болып келеді, бірақ
тиімді тәжірибе үшін соңғы критерийлер
жүйесін құрастыратын стратегиялар мен
қағидаттар үнемі бір.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ



Қалыптастырушы бағалаудың әдістәсілдері



Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі
барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен
ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді
«Қол сигналы», «Бағдаршам», «Қорытындылауға
арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе»,
«Сөйлеу үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш
минуттық үзіліс», «Ауызекі баға», портфолио,
журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және
тағы басқа түрлерін қолдануға болады.
Қалыптастырушы бағалаудың 18 және одан да көп әдістәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты
түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға
жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс
ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады.
Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған
соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен
бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың
түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты
белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс
орындалған жақтарын көрсетеді.







Қалыптастырушы бағалау әдістерінің басты
ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін
бағалауда, сондай-ақ оқушылардың
аналитикалық құралдар мен мысалдарды
қолдануында танымдық прогрессін анықтау.
Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту
деңгейін жаксарту барысында қолдануға
болады. Қалыптастырушы бағалау әдістерін
бірнеше түрге жіктеуге болады. Әдістердің бір
түрі мұғалімнің сабақ түсіндіру және
жаттығулар орындау барысында қолданылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТ








Кохаева Е.Н. Қалыптастырушы бағалау:
әдістемелік құрал\ Астана: «Назарбаев
Зияткерлік мектебі» ДББҰ, Педагогикалық
шеберлік орталығы, 2014ж.
«Мұғалімге арналған нұсқаулық» ІІІ деңгей,
үшінші басылым\ «Назарбаев Зияткерлік
мектебі» ДББҰ, 2012 ж
Пит Дадли «Оқытудың белсенді әдістері»\
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,
Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана,
2013ж.
Р.Х.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкина
Оқушы жетістіктерін бағалау\ Әдістемелік
нұсқаулық – «Билим», 2012.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!