Материалдар / Қалыптастырушы бағалау деген не?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қалыптастырушы бағалау деген не?

Материал туралы қысқаша түсінік
білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін үздіксіз жүргізілетін бағалау түрі.Қалыптастырушы бағалау білім беру процессінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2020
10317
26 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?

Қалыптастырушы бағалау – сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін үздіксіз жүргізілетін бағалау түрі.Қалыптастырушы бағалау білім беру процессінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады. Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны.

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Мұғалім оқушының қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізетінін айқындай алады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үстінде үнемі жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау күнделікті, әр сабақта, ауызша, жазбаша, жоба қорғау түрінде қолданылады. Бағалау барысында біз үнемі оқушыны емес оның жұмысын бағалап жатқанымызды есте ұстауымыз қажет, демек жұмысты тексеру барысында оның кемшіліктерін емес оң тұстарына көбірек мән беруіміз қажет. Оқыту нәтижесінде оқушылардың нені білетініне және түсінетініне көз жеткізу үшін әр түрлі мәліметтерге терең талдау жүргізу процесі болып табылады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты оқыту барысында мұғалім мен оқушы қызметіне жөндеулер енгізу болып табылады. Жөндеулер мұғалім мен оқушы бірлесе оқытуды жақсарту үшін ендіріледі. Қалыптастырушы бағалау мұғалімге оқушының оқу мақсаттарына жету процесін бақылауға, оқу процесіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, ал оқушыға – өзінің білімі үшін жауапты екенін сезінуге итермелейді.

Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері:

Оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары.

Қалыптастырушы бағалау үдерісі

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей əсер ететін үдеріс болып табылады. Мұғалімнің іс-əрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру жəне жоспарлау;

  • қалыптастырушы бағалау əдістерін таңдау;

  • қалыптастырушы бағалау нəтижелерін талдау;

  • кері байланыс беру;

Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары:

  • оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу,

  • білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау,

  • мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.

Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:

  • оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;

  • білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;

  • білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;

  • білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;

Күтілетін нәтиже

  • Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады

  • Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді.

  • Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.

  • Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

  • Өзінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді түсіну үшін бағалау критерийлерін біледі және түсінеді.

  • Оқу нәтижесін дәлелдеу үшін білім алудың бірнеше түрлерін қолданып әр түрлі ойшылдардың әрекеттерін және қабілеттіліктерін қолданады.

  • Рефлексияда қатысу, өзін және өзінің сыныптастарын бағалай алады.

  • Нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көз қарастарды білдіруде және сыни ойлауда білімдерін қолданады.

Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу əрекеттері нəтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады. Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың əрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып отырған дұрыс. Жеке жұмыс нəтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру манызды болып табылады. Жұмысты əрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.

Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауынша болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейін қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нəтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз əрекетімен келісуге, өзара əрекеттесуге, пікір алмасуға, сындарлы (конструктивті ) кері байланыс беруге үйрету маңызды.

Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тəсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім əр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды : кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сəйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім білім алушылардың атын жазып алуы қажет. Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:

-Бұл туралы сіз не ойлайсыз?

-Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?

Егер білім алушылар тəжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:

-Сіз қазір не істеп жатырсыз?

-Сіз қалай ойлайсыз, əрі қарай не болады?

-Ссы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?

Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және əр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:

-жаңа идеяны тұжырымдауды;

-екі(одан да көп) идеяларды салыстыруды;

-идеяларды бағалауды;

-топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;

-сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.

Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- өзі бағалау және өзара бағалау.

Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дүниеcіне, басқа адамдардың ортаcында өз орны тағы басқа бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам cанасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне cыни көзқараспен қарауға үйренеді. Бағалау арқылы оқушыны cенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің cыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, cебебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде cөйлеуге мүмкіндік береді, cынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталаcқа түсуіне cенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.

Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:

1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?

2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?

3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме?

4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?

Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген. Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді. Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!