400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалыптастырушы бағалау жұмыстарын тиімді жүргізудің ерекшеліктері мен маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға және жаңартылған бағдарламамен енді жұмыс істей бастаған ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалыптастырушы бағалау жұмыстарын тиімді жүргізудің

ерекшеліктері мен маңызы


Мақсатым: Жаңартылған форматтағы оқыту жүйесіне еңгізіліп отырған критериалды бағалаудың түрлерінің бірі қалыптастырушы бағалау бойынша жұмыстар жүргізіп, практика жүзінде жеткен жетістіктермен қалыптастырушы бағалау жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері, маңызы жайлы толығырақ ақпарат бере отыра, осы бағалау түрінін тиімділігін атап өту.



1-слайд. Баланың алғашқы қадамдар жасауға талпысыны бейнеленген видео-ролик ұсынылады.

2-слайд. Ой толғаныс.

*Алдарыңызға ұсынылған видео-роликте не көрдіңіз?

*Алғашқы қадамдарға талпыныс жасаған балаға қалай көмектесеміз?

*Қалай ойлайсыз балаға алға талпынуы үшін қолдау керек пе? Не үшін?

*Қолдаудың бала үшін маңызы бар ма? Қандай маңызы бар?

3-слайд. Тақырыпты анықтау. Тақырыппен таныстыру.

«Қалыптастырушы бағалау жұмыстарын тиімді жүргізудің

ерекшеліктері мен маңызы»


4-слайд. Тапсырма.

Қағаз таратылады. Қалыптастырушы бағалау туралы не білесіздер? Жалпы түрі, әдісі т.б

5-слайд. Кері байланыс.

Тыңдау (барлық қатысулардың ойларын толық)

Келісу. Толықтыру.

6-слайд. Қалыптастырушы бағалау түрлері ұсынылған парақтар тарыту.

Қолдарыңызға ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың түрлерін оқу әрекетін ұйымдастырудың яғни, сабақ барысының әр кезенінде қолдануға болады.

*Тақырыпты түсіндіру,

*Тақырыпты қайталау,

*Тақырыпты қорытындылау

*Тапсырма орындау

*Жеке, жұптық, топтық жұмыс жүргізгенде

*Кері байланыс беру кезінде т.с.с

7-слайд. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары ұсынылған қағаздар таратылады.

«Қалыптастырушы бағалау арқылы мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс.» Ал оқу мақсаттарын толық қамту үшін мұғалімдерге көмек ретінде қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, қолдарыңызға ұсынылған тапсырмаларға назар аударсаңыздар онда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге тапсырма үлгілері берілген.

-Иә, қазір осы жерде отырған мұғалімдердің ойында біз қалай үлгереміз, оның түк пайдасы жоқ немесе шамалы деген сияқты түсініксіз сауалдар болуы мүмкін. Өйткені өткен жылы біз енді осы жаңалықтармен таныса бастағанда көптеген түсінбеушілік, көптеген сұрақтар болды.

Бұл тапсырмалар негізінен не үшін керек. «Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады».

8-слайд. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларына қойылатын талаптар:

*Білім алушының яғни оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы қарастыру немесе өзгеріс енгізу.

Айта кететін мәселе өзгеріс енгізген кезде оқу бағдарламасы мен оқу мақсаттарынын аясында ғана өзгерту.

*Тапсырмалардың дескрипторлары дәл, нақты болуы.

9-слайд. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының мұғалім үшін тиімді жақтары:

*Нақты, дәл қойылған дескриптор арқылы білім алушы тапсырманың қай кезеңінде қиналды, қай бағалау критерийіне жете алмағаның анықтауға мүмкіндік береді.

*Білім алушының қай тақырыпта қиналатынын нақты анықтап алып, ата-анаға сындарлы кері байланыс беру. Бұл арқылы ата-ана үй жұмысын орындау барысында дәл сол қиындық бойынша жұмыс жүргізе алады.

* Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының дескрипторларына назар аудара отырып, қосымша жұмыс жүргізуге ыңғайлы.

10-слайд. Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдаулары ұсынылған парақтар таратылады. ( 3 тоқсан парағынан қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының дескрипторларын тауып көрсету).

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі- білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Бұл білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын-алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

11-слайд. Жиынтық бағалау тапсырмалары ұсынылған қағаздар таратылады.

*Қалыптастырушы бағалау арқылы біз балаларды жиынтық бағалау тапсырмаларын орындап, дағдылануына дайындық жасаймыз. Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау тапсырмалары бір-бірімен өте тығыз байланыста. Сондықтан қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындап, білім алушының жұмыс нәтижелеріне талдау жасап, сол талдау арқылы қосымша жұмыстар атқарып барып жиынтық бағалау тапсырмасын орындататын болсаңыз. Жиынтық бағалау тапсырмасының қорытындысы жақсы болатыны айқын.

12-слайд. Қорытынды.

Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім, ата-ана мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі болып келеді.

13-слайд. Рефлексия.

14-слайд. Назарларыңызға рахмет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.01.2019
897
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі