400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалыптастырушы бағалау-оқыту тиімділігін арттыру құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектеп тренерлері мен мұғалімдер үшін пайдалы деп ойлаймын. Қалыптастырушы бағалаудың оқыту үшін тиімділігін түсінуге, қалыптастырушы бағалау үдерісімен таныса отырып тапсырмаға мақсат қоя білуге, ойлау дағдыларының деңгейін анықтауға, бағалау критерийін, дескрипторын құра білуге бағыт береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»



Мектеп: № 277

Өткізген: Ерғалиева Ш. Б.


Мерзімі: 18.04.2018 Өтілетін орны: А -22

Тақырыбы:

Қалыптастырушы бағалау-оқыту тиімділігін арттыру құралы

Мақсаты:

Қалыптастырушы бағалаудың оқыту үшін тиімділігін түсіну, қалыптастырушы бағалау үдерісімен таныса отырып тапсырмаға мақсат қоя білу, ойлау дағдыларының деңгейін анықтау, бағалау критерийін, дескрипторын құра білу.

Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдер өзара ой бөліседі;

Жаңа әдістер жайлы ойларын жинақтайды;

Критериалды бағалау түрлерімен танысады;

Қалыптастырушы бағалау бойынша бағалау критерийін, дескриптор құрады;

Кері байланыс береді;

Топтар бір-бірін өзара бағалайды, критерий арқылы бағалайды.

Дереккөздер:

МАН 2016 ж., «Мектеп тренеріне арналған нұсқаулық», «Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық».

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, слайд, үлестірме қағаздар, постер, маркер, бағалау түрлері, қарындаш.

Коучинг барысы

Жұмыс түрі

Коучтың іс-әрекеті

Қатысушы іс-әрекеті

Ынтымақтас

тық орта құру

5 минут

9.15-9.20

Шеңберде өзі танитын әріптесінің жанына барып ерекше таныстыру.


Сыни ойлана танысады.

Топқа бөліну

2 минут

9.20-9.22

Сандар арқылы топқа бөліну

1 2 5 7

Топ ережесін еске түсіру


Сандарды таңдау арқылы топтасып отырады.


Қызығушылықты ояту

3 минут

9.22-9.25

-Неліктен осындай топтарға бөліндік деп ойлайсыздар?

-Әр топ өз топ атауы бойынша не біледі, топта ойласып ортаға салайық?


Әр топ өз топ атауы бойынша топта ойласып, ойларын ортаға салады.

Мәтінмен жұмыс

8 минут

9.25-9.33

«Ойлан, жұптас, талқыла» жұптық жұмысы.

Қиып берілген мәтінді ретімен орналастырып оқып, басқа топқа түсіндіру.

1.Қалыптастырушы бағалау үдерісі.

2.Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру.

3.Кері байланыс беру.

4.Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы.

Жұпта жұмыс жасап, топта талқылайды.


Топтық жұмыс

12 минут

9.33-9.45


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма дайындау үлгісін толтыру тапсырылады.

Критерий арқылы бағалау ұсынылады:

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасының

оқу мақсаты,

ойлау дағдыларының деңгейі, бағалау критериі,

дескрипторының тақырыпқа сай келуі.

Үлгіге қарап, таңдалған пән бойынша бөлім, тақырып, оқу мақсаты, ойлау дағдыларының деңгейі, бағалау критерийлері, тапсырма, дескриптор құрады.

Таныстыры

лым

5 минут

9.45-9.50

Таныстырылым: слайд арқылы критериалды бағалау түрлеріне таныстырылым жасау.

Қатысушылар тыңдап, жазып отырады.

Рефлексия


5 минут

9.50-9.55


Рефлексия: «Көп нүкте»

1.Мен өз тәжірибеме ...

2.Маған ұнағаны ...

3. ... мен үшін түсініксіз болды.

Қатысушылар көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазып сөйлемді толықтырады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі