400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қалыптастырушы бағалауды қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалыптастырушы бағалауды қолданудың тиімділігі

Бағалау-оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау; «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіреді, себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылауы болып табылады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты: оқушылардың оқуын жақсарту. Оқушы үшін өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, мұғалімнің бағалауы, ұсыныс жасауға үйретуі,топтық бағалау,жазбаша кері байланыс, ишара арқылы бағалау оқыту үшін бағалаудың ажырамас бөлігі.

Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны. Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.Бұл тек оқушы үшін емес пән мұғалімі үшін де жан-жақты ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Сондықтан да қалыптастырушы бағалауда мұғалім жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуі керек. Қадамдап жоспарлау кезінде оқу материалының аралық деңгейін анықтау мақсатында, бағдарламалық материалды қайталауда әрі қорытындылауда қалыптастырушы бағалау техникасын орынды жоспарлап, қолданған жөн.

Қалыптастырушы бағалаудың түрлері :

•      Қалыптастырушы бағалау әртүрлі формада іске асады (ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барысында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.

Мен өзім бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан,бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып қалыптастырушы бағалаудың бағдаршам, жасыл қалам, бас бармақ, қатені анықтау, түрткі сауал сияқты әдіс-тәсілін ұсынар едім.

Қалыптастырушы бағалаудың басты алға қойған міндеті бағалау критерийлері мен дескрипторлардың орындалуы.

І. Жасыл қалам. Оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындағаннан кейін оған мұғалім ұсыныстар жазып ата-анаға ұсынады. Ата-ана үйде ұсыныстар негізінде баласымен қайталау , қатемен жұмыстар жасайды.

ІІ. Қолмен белгі беру. Түсінемін және түсіндіріп бере аламын (Бас бармағын жоғары көтеру арқылы)

Мен әлі түсіне алмай отырмын (Бас бармағын жанына қарату арқылы)

Мен әлі сенімді емеспін (Қолын бұлғау арқылы)

ІІІ. Формативті сұрау

Таныстырылым, бейнефильм, диаграмма, кесте, сурет, рольдік және іскерлік ойын, мәтінді талдау, т.б. жұмыстардан кейін мұғалім

«Неге? Не себепті? Не үшін?»деген сияқты сұрақтар бере отырып, оқушыға көмекші сөз тіркесін ұсынып отыруы тиіс.

Мысалы: Тақырыптың негізгі идеясы болып.........табылады. Себебі........... Менің ойымша...................... .

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Бағалауда ашық пікір айтқан мүшелеріне смайлик беріледі

«Жұмбақ құрастыр» әдісі оқушыларға кесте беріледі. Керекті сөздер беріледі.

Қандай?

Не істейді?

Осындай тағы да не бар?

Көмекші сөз




емес




емес

«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы аясында оқушылар қымыз, шұбат, айран сөздеріне өте жақсы жұмбақтар құрастырды. Керекті сөздер:дәмді, шипалы, күбіде піседі, сусын т.б Тақырып бойынша алған білімдерін осы арқылы бағалауға болады.

Математикадан ұзындық , уақыт, көлем бірліктерін өткен кезінде де «Иә,жоқ, білмеймін» әдісін пайдаландым.

Пікірлер

иа

жоқ

білмеймін

Минут уақыттың өлшем бірлігі




Минут-уақыттың ең үлкен өлшем бірлігі




Минут сөзін қысқартып жазуға болмайды.




Бір минутта ең үлкен кітапты оқуға болады.




Осы әдісті бірінші күні қолданғанда оқушылардың басым бөлігі шатасып басқа графаларға белгілесе, келесі күні қайтадан орындау барысында өз қателіктерін түзетеді.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы оқытылған материалды бір-бірінің жұмыстарын бағалау әдісімен бекітуге мүмкіндік береді.Оның артықшылығы-оқушылар басқалардың жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын байқап үйренеді,сонымен қатар өзінің алға жылжуын талқылай алады. Өз жұмысындағы қателіктерді көріп, қажет болса түзетуге мүмкіндік алады. Жұпта отырған оқушылар өз жұбының жұмысын тексереді.

Формативті бағалау тиімділігі

Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.

  Негізгі бақылау жұмысына  дейін білімін жүйелейді.

Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының ағымдағы дәрежесін анықтау, оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жандандыру. Ол оқушыларға білім алудың мақсаты мен міндеттеріне қаншалықты жеткені, жаңа тақырып меңгеру кезінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқаны туралы түсінік береді.



№10 жалпы орта білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Г.А.Төлеуғалиева



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі