жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Проблемалық сұрақтар
-
Қазақтың ата - кәсібі не?
-
«Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы» (Мақалдың мағынасын айт)
-
Біз қандай қазақпыз?
-
Мал шаруашылығының өркендеуінің негізі
-
Көбіне біздің еліміз нені көп өсіреді?
-
Қазақстанда кандай, қай түрлері өсіріледі?
-
Түйе шаруашылығымен Қазақстанның қай бөлігінде көп айналысады?
-
Қазіргі кезде Республикамызда малдың санын арттырумен бірге, сапасын арттыру үшін не істелініп жатыр?
-
Жігіт адамның неше жұрты бар?
-
Бөле деген кім? Сенің бөлең барма?
-
Нағашы жұрт дегенді қалай түсінесің?
-
Өз жұрты дегенді қалай түсінесің? Оған кімдер кіреді?
-
Жеті атаңды білесің бе?
-
Жеті санын неге қасиетті сан дейміз?
Отырып ойнайтын ойындар
«Бірде бір» ойыны.
Екі оқушы адымдап есіктен төрге қарай 1+1=2, 2+1=3, 3+1=4, 4+1=5 т.б деп жүреді, жаңылмай төрге бұрын жеткен оқушы жеңіске жетеді.
Қай сан жоқ?
13, 23, 33,...,..., 63.
«Қай санды жоғалттым» ойыны?
0, 1, ... 3, ...5, ...., .... 8, ..., 10.
«Қай буынды жоғалттым?»
Ба -... ма -... шо -...
Қар -... са -... ор -...
«Балық аулау» ойыны:
Суға қармақ салады. Балыққа қармақты салып, іліп алады да, балықтың артындағы сөзді оқыған бала балықты ұстай алады.
«Жеміс жинау» ойыны.
Күзде жемістер піседі, жерге түсіп жатыр. Шашылып, төгіліп жатқан жемістерді теріп, себетке салу керек. Жемістің артындағы сөзді оқу керек, содан кейін себетке салады.
Доп арқылы ойнайтын ойындар.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Мұғалім допты кез келген оқушыға тастап, сөз ойла, тез ойла дейді. Мысалы, а - дегенде немесе қай әріпті өтсең, сол әріпке байланысты сөз тауып айтады. Ата, ана, анар, алма т.б. б - дегенде балық, бала, бота, барыс, балта, Бекзат, т.б.
«Жыл мезгілі» ойыны.
Мұғалім допты кез келген оқушыға тастап, қыс - десе оқушы ұшып тұрып, қар жауады, мұз қатады, отын шабамыз. «Көктем» дегенде күн жылынады, қар ериді, жер көгереді, құстар келеді, т.б. осылай әр мезгілдің ерекшелігін атап, тілін, ойын дамытуға болады. Ойын барысында допты ұстап, кідіріп қалған бала жеңіліп қалады. Жылдам әрі нақты жауап берген бала жеңіске жетеді.
Математика сабақтарында ұлттық ойындарды
пайдалану

Жеті дегенім желме Сегіз дегенім серме Тоғыз дегенім торқа Он дегенім оймақ
Он бір қара жұмбақ
Бір дегенім білеуЕкі дегенім егеу
Үш дегенім үміт
Төрт дегенім төсек
Бес дегенім бесік
Алты дегенім асық
Жұмбақ өлең
Тау басында төрт бала
Кезек-кезек ойнаған,
Төрт баланың қолына
Төрт айды әкеп байлаған.
(жылқының төрт аяғы мен тағасы)
Жаңылтпаш:
Пеш үстінде 5 мысық
Пеш қасында 5 мысық
5 күн бойы жаттығып,
5 балапан кетті ұшып
Мұнда 5 саны неше рет қайталанған?
Қызықты есептер.
Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта бір мысық отыр. Әр мысыққа қарама қарсы 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық отыр?
Бөрененің ұзындығы 5 м. Минут сайын бөрененің 1 метрін кесіп отырған. Бөренені қанша минутта кесіп бітіреді?
Әпкесі 4 жаста, інісі 3 жаста. Әпкесі 7 жасқа толғанда, інісі неше жасат болады?
Ойды сергіту жаттығулары.
-
7 қосу 7 бөлу 7 неше болады?
-
Ең үлкен екі таңбалы санды ата?
-
Бір жұмыртқа 4 минутта қайнатылады, ал 5 жұмыртқа ше?
-
Жылдың 4 айы қалай аталады?
-
Екі ондықты үш ондыққа көбейткенде неше ондық болады?
-
Сенбіден кейін бір күн өткендегі күнді ата?
-
Жердің ортасында не бар?
-
Ең қысқа айды ата?
-
Кітаптың басында не түр?
-
Столдың төрт бұрышы бар еді, біреуін аралап тастады, неше бұрыш қалды?
Математикалық ойын есеп.
Табақ он бес алма
Қолымда төрт алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
Екеуін бердім апама
Екеуін алды атам да
Екеуін бердім әке - шешеме,
Үшеуін алды інім де
Нешеуі қалды өзімде.
«Жер, су, ауа» ойыны.
Допты кез келген оқушыларға тастап, жер дегенде жерде жүретін аңдар, жануарларды атап, су дегенде суда жүретін жануарлар мен жәндіктерді атап, ал ауа дегенде ауада ұшатын заттарды атау керек. Ойын осылай жалғаса береді. Кідіріп қалған немесе жаңылган оқушы айыбын өтейді.
Ойын соңында жаңылган оқущылардың өнерін тамашалау керек.
«Буын қос» ойыны.
![]()
Б
а Жа
![]()
Б
о Қа
Әр топтың оқушыларына сурет беріледі, оған сұрақ қойып атын атайды. Топтағы оқушылар ақылдаса отырып, қалаған суретке әңгіме жазады.
Сергіту ойыны.
Жел тұрды,
Ағаштар теңселді.
Күн бүлттанып,
Жаңбыр жауды.
Жаңбыр басылды
Күн ашылды.
Оқушылар өлеңнің мазмұнына қарай қимыл жасап отырады. Желді, ағашты, бүлтты, жаңбырлы, күнді саусақпен көрсетеді.
«Үндемес» ойыны.
1 - ші сыныпта математика сабағында 2+1- деп ауызша айтамын оқушы тез есептеп, тоқтап жауабын жазады. Немесе үндемей қол көтеріп жауап береді.
3-1, 4+1, 5-1, 3+2 т.б.
«Күн мен түн» ойыны.
Түн болды дегенде оқушылар түгел партаға жатады. 3+2 деп күн шықты. Оқушылар бастарын көтереді. Мысалдың жауабын қол көтеріп айтады.
«Әріп таңдау» ойыны.
Кімге қай әріп ұнайды?
Маған а - әрпі үнайды.
Атым – Ақмарал
Фамилиям – Артықбаева
Қай қала ұнайды? Алматы
Қандай жеміс ұнайды? Алма
Досыңның аты кім? Айжан
Анаңның аты кім? Т.б.
«Жылқы, түйе, қой, ешкі» ойыны.
Төрт бала молдас құрып отырып, төрт асықты кезекпен үйіріп тастап отырады. Санамақ арқылы қай баланың қандай «мал жинауына» келісіпті.
Бірінші бала - жылқы,
Екінші бала - түйе,
Үшінші бала - қой,
Төртінші бала - ешкі.
Ойын бастаушы асықтарды жоғары көтеріп, үйіріп тастайды, сол асықтардың нешеуі өзіне керекті қалыпта түссе, сонша мал жинаған болып саналады.
Егер асықтар: .
Алшы түссе - жылқы, омпы түссе - түйе, бүге түссе - қой, шіге түссе - ешкі болып саналады.
Ойын соңында қай бала көп мал жинаса, сол бала жеңіске жетеді.
«Кім жылдам» ойыны.
Тақтаға екі оқушыдан шығып, жарыса жазу. Бірі аңдардың атын, бірі құстардың атын жазады. Немесе бірі жемістің, бірі көкөністің атын жазады. Кім көп сөз тауып жазса, сол жеңіске жетеді. Қатесін ескеру керек.
«Сөйлемде қай сөз жоқ?»
..........тепті балалар
..........жатыр қамданып
..........бер балдырған.
..........денең сомданып.
Ұйқасын тап.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей..........
Бала ойнады,
Ойынға
.......келді, құс келді,
Гүлдер жапты
Геометриялық фигураларды анықтау
![]()

![]()
Қанша үшбұрыш бар? Қанша үшбұрыш бар?
Қанша төртбұрыш бар? Қанша төртбұрыш бар?
Қай фигура жетіспейді?
Сергіту ойыны
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
Санамақ
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Алақанды ашайық
Бесті беске қосайық
Кел, санайық ал, мұны.
Нешеу болды барлығы?
Ойын: Әдепті сөздер
Тәрбиеші балалармен «Әдепті сөз» сөздік ойынын ойнайды.Балалар жартылай шеңберге отырып, допты лактырып кағып алу аркылы бір-біріне әдепті сөздер айтады.
-Рахмет.
-Сәлем !
-Қалың қалай ?
-Сәлеметсіз бе ?
-Амансыз ба ?
-Қош келдіңіз ! Сізді көргеніме өте куаныштымын !
-Кешіріңіз ! Айыбы жоқ.Ғафу етіңіз. Окасы жок. Кешірім өтінемін.
-Сау болыңыз ! Қош болыңыз ! Көріскенше!
Ойын. «Досыңды тап»
Балалар екі топка бөлінеді. Бір топтың балаларының көздері таңылып,өз достарын танып табу ұсынылады.Олар өз досын қолын, шашын, киімдерін ұстап, сипау аркылы табуына болады.Достарын тапқаннан соң орындарын ауыстырады.
Ойын. «Бесінші артық»
Тәрбиеші төрт орындық қояды.Ойынға бес бала қатысады.Әуен ойнағанда балалар орындықтарды айнала жүреді.Әуен токтағанда балалар орындыққа отыруға тырысады. Артық орынсыз қалған баланы алдарына отырғызады. Орындықты біртіндеп азайтып отырады.Ойын осылай бір орындық калғанша жалғаса береді.Бұл ойын бірлікке татулыққа, сыйластыкқа тәрбиелейді.
Ойын-жаттығу «Көршіңе қуаныш сыйла»
Оқушыларға қатты қағаздардан әдемі етіп жасалған түрлі кескіндердің (гүлдің, жүрекшенің, көбелектің) үлгісі таратылып беріледі. Олар оның артқы бетіне қатап отырған сыныптасын қуантатын сөздер жазып, жария етеді және сыйға тартады.
Ойын-жаттығу соңында балалар өз әсерлерімен және сезімдерімен бөліседі, пікірлерін білдіреді.
Ойын-жаттығу
Тақтаға бұлттардың суреті ілінеді. Оқушыларға түрлі-түсті қағаздан жасалған гүл күлтешелері таратылып беріледі.Олар досының кеңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның көңлін көтеретіндей жазылған сөзді іледі.
Мұғалімнің балаларды 3-4 топка бөлуіне болады.Әр топ күлтелерден бір түсті гүл кұрайды.Сонда 3-4 гүл жасалынады.
Ойын-жаттығу «Мен қамқор баламын»
Балалар өз калаулары бойынша үстел үстіндегі түрлі суреттердіц (әже, ата, ана, әке, іні, қарындас, аға, ағаш, гүл, құс, ит, мысык, т.б.) ішінен біреуін таңдап алып, оған қандай қамқорлық көрсететінін айтады.
-
Камқор бала ағашка (гүлге) су құяды, топырағын қопсытады;
-
Қамқор бала әжесіне атасына су (орындык, таяқ) әкеледі;
Балалар достарының дұрыс жауаптарын колдап, алақандарын шапалақтайды.
Ойын-жаттығу. «Ойлан, тап!»
Бұл ойынның шарты бойынша балалар мұғалім қоятын мынадай сұрақтарға жылдам жауап беруі тиіс.
1) Қазір қай пәнді оқып отырмыз?
2) Мектепте саған сабақ беретін адамды кім деп атайды?
3) Бірге ойнайтын балаларды кімдер деп атайды?
4) Мектепке не үшін келесің?
5) Мектепке баратын баланы кім деп атайды?
Ромашка
Қанша бала болса сонша ромашка гүлінің күлтешелері жасалады. Күлтешенің екінші бетіне қызықты тапсырмалар жазылады.Балалар күлтешелерді үзіп алып тапсырмаларды орындайды: қаз болып жүреді, әтеш болып шакырады, ән салады, жаңылтпаштарды қайталайды.
Шыршалар әр түрлі болады
Жүргізуші айтады:
-Біз шыршаны әртүрлі ойыншықтармен әсемдедік, ал орманда шыршалар әр түрлі болып өседі, әрі кең, әрі қыска, әрі биік, жіңішке.Егер де мен айтсам : «биік»-қолдарыңды жоғары көтеріңдер «қысқа»-отырыңдар және қолдарыңды төмен түсіріңдер «кең»-шеңберді кеңейтіңдер «жіңішке»-шеңберді кішірейтіңдер Ал енді ойнаймыз! (Жүргізуші ойнайды, балаларды шатыстыруға тырысады)
«Жұбын табындар» ойыны.
Мұғалім 3 цифрын көрсетіп: «3 дегеніміз - 2 және неше?» дейді. Балалар 1 цифрын көрсетеді. Сол сияқты «4 дегеніміз - 3 және неше? 2 және 4 неше болады?»
«Бір санының орнына екі сан ата» ойыны.
Мұғалім 2 цифры жазылған карточканы көрсетеді, ал оқушылар 2 дегеніміз 1 және 1 деп қима цифрды көрсетеді, т.с.с.
Үйлерге орналастыр» ойыны.
Үйдің суреті ілінді. 2, 3, 4, 5 сандары біртіндеп көрсетіледі де, балалар олардың сәйкес құрамы болатын сандар жазылған карточкаларды орналастырады.
Мысалы: 5 үшін 4 және 1 мен 3 және 2 жағдайлар.
«Аукцион» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Сандар құрамына негізделген есептеу дағдыларын дамыту. Күнделікті өмірмен байланыстыру. Толық дөңгелек сандарға арналған есептер шығару.
Ойын мазмұны: Тақта алдына аукционға қойылған заттар. Жүргізуші, сарапшы белгіленеді. Теңге үлгелері 10 - 100 көлемінде оқушыларда болу керек. Сатып алушылар өзіне ұнаған затты таңдап аукционға түсетін заттарды атайды.
Мысалы: Сатып алушы қоян десе, аукционшы бағасын белгілейді - 10 теңге. Сарапшылар 10 т. Алушыларды санайды. 1,2 т.с.с. баға көтеріледі. Соңғы баға, еншіге анықталғаннан кейін зат сатылады. Оқушы м/н 40 теңге құрамына б/н ақшаны апарады. .
«Қимақ» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Қосу, азайту амалындағы сандардың аталуы туралы
түсініктерін қалыптастыру.
Ойын мазмұны: Ойынға сынып түгел қатысады. Тақтаның алдына жіпті керіп, оған тапсырма жазылған карточка ілінеді. Ортаға шақырылған оқушының көзін байлап, ойын басқарушының көмегімен жіптегі карточканы қиып алады. Оқушы тапсырманы орындаған соң, қосу, азайту амалдарындағы сандардың атауларын толық айтып береді.
Гүлдер, аралар» ойыны.
Дидактикалық мақсаты: Толық ондықтарды қосу, азайту аркылы дағдыларын қалыптастыру. Ойын — тест арқылы қажетті жауапты таңдай білуге дағдыландыру.
Құралдар: Өрнек жазылған гүлдер, сандар жазылған карточкалар. Аралар суретін ілу.





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген