Материалдар / Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1577
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 2

Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың жұрнақ пен жалғау жайында алған білімдерін

кеңейту,түбір сөзге жұрнақ жалғатып,жаңа сөз жасату,сол

сөздермен сөйлемдер құрату.

Дамытушылық: қисынды ойлау,алған білім, білік, дағдыны қолдану

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды білімдікке, ұйымшылдыққа,еңбекқорлыққа,бірін-

бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Қолданылатын әдістері: түсіндіру, миға шабуыл, сұрақ-жауап, рефлекция,

семантикалық карта.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар,

фишкалар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

«Комплименттер бұрқасыны»

Мақсаты: оқушылардың көңіл көтеруіне арналған жаттығулар

Оқушылар шеңбер құрып тұрып , бір-біріне кезнкпен-кезек колдарына шеңберлі көңілді күннің суретін беріп, жағымды сөздер айтады. Мыс: Каусар сенің күлкің өте әдемі, өзіңе жарасымды.

Сонымен бірге келген қонақтарға да комплимент айтылады.

Сіздер мейірімдісіздер, сіздер әдемісіздер,сіздер көңілдісіздер, сіздер шыншылсыздар. Біздің сабақта көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын.

Құрметті ұстаздар, хош келдіңіздер! Сіздер ұстазсыздар, сіздер әншісіздер

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін. Зейіндерін аударамын. Оқу құралдарының түгелдігіне назар аударамын.

Сабақтың ұраны:

Тарихтың тал бесігі тербеледі,

Жылдар жылжып,ғасырлар дөңгеледі.

Көз жүгіртіп қарасам өткендерге,

Қасиетті ана тілім тербеледі.

Қазақ тілім,қазақ тілім,ана тілім,

Көркейе бер,көктей бер,дана тілім.Балалар ұранымызда айтылғандай бүгінгі сабақта әрқайсымыз өткен тақырыптар бойынша өзіміздің алған білімдерімізді көрсетейік.

Оқушыларды түбір, жұрнақ, жалғаудың белгілері бойынша топқа бөліп отырғызу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

4-5 оқушыдан үйге берілген 122-беттегі 4-жаттығу сұралады.

Берілген сөздерге жалғау жалғап, сөйлем құрастырып жазу.









Миға шабуыл

Өткенді қайталау

  • Сонымен , қосымша дегеніміз не?

  • Түбір сөз дегеніміз не?

  • Жұрнақ деніміз не?

  • Жалғау деніміз не?

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

Көркем жазу жазамыз. Жазуымыз әдемі болуы үшін, денемізді тік ұстаймыз. Шынтағымыз дәптердің үстінде болу керек, дәптерді сәл қиғаштап қояйық.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқиды. Жамбыл Жабаев туралы оқушылардан сұралады. Жұрнақ, жалғау, түбір сөздерді з-топ теріп теріп жазады.

Жұрнақ

жалғау

түбір

талап-ты

оқи-мын

жақсы

өс-тіп

серт-ке

деп

бес-тік

өлең ін

мен

жатта-п

күн-де

баға


пән-нен

төрт


2-жаттығу . 3-топқа үш жұмбақ беріледі. Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табады.

Түсі аппақ қардай,

Тәттілігі балдай. (қант)

Өзі суда өседі,

Суға қайнап піседі. (күріш)

Жазда да, қыста да,

Өзгермейтін бір түсте (Шырша)

Сергіту сәті: Оқушыларды орындарынан тұрғызып бүгінгі сабаққа қатысты термин айтылса, қол соғу керек. Қатысы жоқ термин айтылса аяқтарын тарсылдату арқылы сабақты қорытындылаймын.

4-жаттығу Берілген сөздерді құрамына қарай бөліп, сызбамен жаз

1-топ: Бақытты, үйге, адалдық.

2-топ: сыйлық, елде, көңілді

3-топ: ауылдың, жақсылық, көшемен.

Қосымшалы сөз

Түбір

Қосымша

бақытты

бақыт

-Shape1 ты

үйге

үй

-Shape3 Shape2 ге

адалдық

адал

-Shape4 дық

сыйлық

сый

-лық

елде

ел

-Shape5 де

көңілді

көңіл

-Shape6 ді

ауылдың

ауыл

-Shape7 дың

жақсылық

жақсы

-Shape8 лық

көшемен

көше

-Shape9 мен


5-жаттығу Тұсындағы қосымшаларды тиісті сөзге қосып жаз. 3-топқа үш сөйлем беріледі.



1-топ Ертеде адамдар балауыздан жасалған дәптерге жазған.

2-топ Оны ыстық пен оттан алыс ұстаған.

3-топ Қазан – қазақ халқының ас пісіретін бұйымы

ІV. Сабақты бекіту Шығармашылық тапсырма

1-топ: «Туынды сөздер» ұясы . Бірнеше сөздер беріледі. Соның ішіне туынды сөздерді үйге кіргізеді. Кітап, білім, атақты, сыныпта, ақылшы, мектептен, ғарышкер, таулы, ертегі, іскер, баланың,кенші,оқуды,дәрігер,қабатта,сыныптың,домбырашы,суретші,көбе-лектің,тігінші

2-топ: Берілген сөздерді сөз құрамына талда.

Мүсінші, етіктер, сауыншы, кітап, саяхатқа, дәптер, оқушы, оқулық, тапқыш, жылқы, ағаштар, еңбек, жалқаудың, әдепті.

3-топ: Шеңбер ішіне түбір сөздерді, жалғау жалғанған сөздерді сыртына жазамыз.

Қар, көшелер, мақта, дәптерің, тау, әжесі, қой, әкем, қыс, қаламың, үй, тастар, малды.

V. Бағалау Кері байланыс

VI.Үйге тапсырма

123- бет, 3- жаттығу ережелерді қайталау




























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!