жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қамқор болып өсемін 1-сынып
Мектеп: Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі
Тақырып: Қамқор болып өсемін
Құндылық: « Сүйіспеншілік»
Қасиеттер: адамдарға, қоршаған ортаға сүйспеншілік,қайырымдылық,мақтан тұту,құрметтеу.
Мұғалiм: Адиева Салтанат Замирқызы
Сыныбы: 1
Оқушылар саны:
|
Сабақ мақсаты: Оқушыларды рухани- адамгершілік,сүйіспеншілік ,қайырымдылық туралы түсініктерін ашу Міндеттері:
-
адамзатты,табиғатты сүюге, мақтан тұтуға, құрметтеуге
тәрбиелеу -қайырымды, мейірімді,ізгілікті болуға тәрбиелеу |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
|
Сабақ барысы:
(Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп аламын)
«Орманға саяхат» 3. Үй тапсырмасын тексеру. №20сабақ «Балапан мен мысық» Д.Мамырова -Асан құстарға қандай қамқорлық жасады? -Қараторғай не себепті қуанды -Қамқорлықты қалай түсінесіздер? |
Балапан мен мысық суреті |
«Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.» Шәкәрім Құдайбердіұлы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді. Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. |
Өмірдерек |
|
Әңгiмелеу (сұхбат) 4.Аңыз әңгіме: Әжей мен балалар (әңгіме) Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты сырқат әжей тұрады. Бірақ Тұрар апа ешқашан жалғыз болмайды. Оған күн құрғатпай жақын жердегі метеп балалары келіп тұрады. Ұл балалар дүкеннен азық-түлік сатып әкеледі. Қыздар дәмді тамақ жасап береді. Олар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып, мұнтаздай етіп қояды. Мереке күндері тіпті жайнатып жібереді. Соғыс жылдары ел басынан өткен қиын-қилы оқиғалар жайындағы әжейдің қызық әңгімелерін шәкірттер ынтыға тыңдайды? -Балалар сырқат әжейге қандай қайырымдылық жасады? -Балалар сырқат әжейге қандай қайырымдылық жасады? |
Суреттер |
(оқушылар үш топқа бөлінеді)
оқулықтағы суреттерге қарап,оларға қандай қамқорлық жасау керектігін айту. |
|
Топпен
ән айту «Ақ әжем» Әнін жазған: К.Қуатбаев |
Музыка |
|
6.Үйге тапсырмасы. №20 сабақ «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Б.Момышұлы / бет/ |
Видео |
|
7.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу сазды әуенмен
(Музыка
әуенімен) көзімізді жұмып, терең тыныс алып, оқушылар, қазір
барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Бойларыңа үнемі
жаңа шуақ еңгізіледі. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның
басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты
сезіңіндер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Жаман әдет
пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай
адам болыңдар. Ықыластарыңа
рахмет. |
Музыка |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген