Науайы атындағы жалпы орта
мектебі
Мұғалімі: Ижанова Гүлжахан Сыныбы:4
«В»
Сабақтың
тақырыбы:Бердібек
Соқпақбаев «Қамқорлық»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі:
Оқушылардың білім деңгейлеріне қарай
тапсырмалар бере отырып,
оларды
шығармашылық ізденіске
баулу,жетілдіру
Қамқорлық
туралы түсінік беру. Жанашырлық,аяушылық сезімдерін
дамыту.
Адамға,жан-жануарларға, құстарға,өсімдіктерге
қамқорлық жасай білуге үйрету.
.
Дамытушылығы:
Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, ауыз
екі сөйлеуі дағдылары мен жазба тілдерін
дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды
жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге,үлкендердің ақылын тыңдауға
үйрету.Туған жерін,табиғатты сүюге,оны қорғай білуге
тәрбиелеу.Экологиялық мәдениетті
қалыптастыру.
Оқытудың
нәтижелері:
1. Жаңа тақырып
жөнінде түсінік
қалыптастыру.
2. Берілген
тақырыптың мағынасы мен мазмұнын
түсіндіру.
3. Өз пікірін
жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай
алдырту.
4. Оқушы өз
ойын еркін,сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай
алады.
Қамтылытын
модульдер:
1-модуль Оқыту
мен оқытудағы жаңа тәсіл,топтық
жұмыс.
2-модуль Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету
3-модуль-Бағалау
4-модуль-АКТ
пайдалану
5-модуль-көшбасшылық(топты
басқару
Қадамдар:
1.Үй
тапсырмасын тексеру
2.Топпен
жұмыс
3 Кері
байланыс
4.
Бағалау
Сабақ
барысы:
Мұғалімнің
іс-әрекеті:
1.Ұйымдастыру
2
Оқушының
зейінін сабаққа
аудару
Сәлемдесу
Балалар бір-біріне жақсы тілек
айтады.
Барлығымыз
қасымызда
тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі
сөздермен,көтеріңкі көңілмен
жеткізу:
-Сен нағыз
доссың;ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың;адал
доссың;
еңбекқорсың;қайырымдысың;
әдептісің;өнерлісің; ақкөңілсің;кішіге қамқорсың
т.б.
2. Топқа
бөлу
1-топ
Адамгершілік
тобы.
2-топ
Мейірімділік
тобы
3-топ
Қайырымдылық
тобы
Оқушының
іс-әрекет
1.Ережеге
бағыну
2.тапсырмалар
орындау
3.Бағалау
II.Үй
тапсырмысын
тексеру
1-тапсырма.
Көжек
ертегісінің мазмұнын
білу.
2-тапсырма
Енді мына
мақалға назар аударайық:
Туған жердей
жер болмас,
Туған жердей ел
болмас.
Қане кім мағынасын түсіндіріп
береді.
III.Жаңа
сабақ
1.Бердібек
Соқпақбаев 1924 жылы 15-қазанда Алматы облысы,Нарынқол
ауданы,Қостөбе ауылында туған.Балаларға арналған 20-дан астам
әңгіме,роман кітаптарын ұсынды. « Менің атым Қожа», «Балалық шаққа
саяхат», «Шынықсын денеміз»атты еңбектері бар. «Менің атым
Қожа»фильмі 1967 жылы Францияда өткен халықаралық балалар мен
жасөспірімдерге арналған фильмдер фестивалінде арнаулы жүлдеге ие
болды. Ол 1991 жылы дүниеден
өтті.
3-тапсырма
Ой
қозғау.Видеоролик
көрсету.
«Қамқорлық» сөзінің мағынасын қалай
түсінесіңдер.
1.Мәтінмен
жұмыс. «Қамқорлық»
2.Мәтінді
оқушыларға өз беттерінше тізбектей оқыту. Балалар түртіп алу жүйесі
бойынша«v»-білемін, «+»-жаңалық,
«?»-түсіндіріңіз сөздік жұмысын
жүргізу.
Жан
далбаса-асыға, аптыға,
тездетіп
Дуал- үйді,
бақты, қоршаңан
қоршау
Бейқам-алаңсыз
Безбүйрек-
аяусыз, аямады
Қол созым-
жақын жерде
Сергіту
сәті.
Қарға,
қарға,қарғалар.
Қар үстінде
жорғалар.
Боран соқса
далада,
Бұтаққа келіп
паналар.
4-тапсырма
Топпен жұмыс (
постермен қорғау)
1-топ Торғайдың
жан ұшыруы
2-топ Жантастың
қылығы
3-топ Қамқор
Қожа
Қамқорлық сөзін
қалай түсінесіңдер? Қамқорлық кімге,неге жасалады? Сызбамен жұмыс.
Әр топ өз түсініктерін
айту.
Құстарға
қамқорлық жасау видеоролик
көру.
5-тапсырма
Бекіту
сұрақтары.
1.Осы бөлімнен
торғай туралы қандай әңгіме оқып
едіңдер?
Жүсіпбек
Аймауытов(Торғай)
2.Саны азайып бара жатқан жан-жануарлар, өсімдіктер, құстар қандай
кітапқа тіркелген?
(Қызыл
кітап)
3.Б.Соқпақбаев
әңгімесі қалай аталады?
(Қамқорлық)
Үй
тапсырмасын беру
Бағалау:
1.Жалпы топқа баға беру,
мадақтау.
2.Әр оқушыға
баға қою.