400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қамқорлық" акциясы туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
10 қаңтар мен 10 ақпан аралығындағы Республикалық "Қамқорлық" акциясының өткізілу барысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарасай ауданының білім бөліміне

«Б. Қосынов атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталықпен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «Қамқорлық» акциясы туралы



Біз, қазақ халқы, ежелден жесірін жылатпаған, жетімін қаңғыртпаған халықпыз. Мейіімділік, қайырымдылық ұғымы ата-бабамыздың жүрегіне ұялаған үрдіс. Қазіргі таңда осы үрдіс жалғасын табуда. «Б. Қосынов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» мемлекеттік мекемесінде мектеп директоры Д. Б. Саусакбаевтың басқаруымен «Қамқорлық» акциясы өтті.

Ана жүрегі қашанда мейірімге толы. Ананың ыстық алақаны теңдессіз. Әйтей ауылының тұрғындары, Қаскелең қаласының жаны жомарт кәсіпкерлері, жүрегі мейірім нұрына толы мектеп мұғалімдері мен оқушылары сапалы қысқы курткалар, сапалы қысқы етіктер, сөмкелер мектебіміздегі көмекке зәру, жарымжан, жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға көмек қолын созды.

Зиялы қауым өкілдерінің сөзімен айтсақ, «Балам дейтін жұртым болмаса, жұртым дейтін азамат қайдан шығады» дегендей, болашақ ел азаматтарының сағын сындырмай, ұрпаққа үлгі боларлықтай үлгілі іс жасасақ, өнегелі ұрпақ тәрбиелеуің деп сеніммен айтуға болады.

Қаңтар айында «Қамқорлық акциясында» жетім статусындағы Кадыровтар отбасындағы 3 балаға толық сыртқы жылы киімдермен(3 балаға куртка, қалың етік) қамтамасыз етілді. Көпбалалы отбасынан шыққан жағдайы төмен отбасының 5 сынып оқушысы Қабыл Назымға қысқы етік сыйға берілді. Жетім статусындағы 10 сынып оқушысы Құлатай Асельге сумка берілді.

Қаңтар айының 11 жұлдызында «Қамқорлық», «Мейірімділік», «Қайырымдылық» тақырыбында қабырға газеттерін шығарды.

Оқушыларды мейірімділікке үйрету мақсатында «Аялы алақан» тақырыбында 5-9 сыныптар арасында ЭССЕ жазудан сайыс өткізілді. Жақсы ЭССЕ жазып көзге түскен 7 сынып оқушысы Калиханова Фатима ерекше көзге түсті.

Мектебіміздің «»


«Қамқорлық» акциясы барысында оқушылардың мектепке толық баруын қамтамсыз ету мақсатында оқушылардың әл-ауқатын ескере отырып, 10.01-10.02.2019 жыл аралығында мектебімізде ата-аналар мен мұғалімдердің көмегімен 152 000 мың теңгеге 23 оқушыға киім және оқу құралдары бойынша көмек көрсетілді. «Қамқорлық» акциясын өткізудің іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Мектеп бойынша оқушыларды есепке алып және олардың қозғалысы туралы құжаттар жүргізілді. «Қамқолық» акциясы барысында мектебіміздің 35 оқушы көп балалы, 5 оқушы жағдайы төмен отбасынан, 6 оқушы жартылай жетім отбасы, 5 толық емес отбасы балалары екені анықталды. Осы оқушылардың ішінен 10 қаңтардан бастап 1-11 сынып бойынша 51 оқушы мектеп асханасынан тегін тамақпен қамтылды.

Мектеп ұстаздары,ауыл сыртындағы саяжайларда, шаруашылық бөлімдерінде, компьютер клубтары мен ауылға жақын базарларға, қиын балалар тобына жататын, қараусыз қалған, жағдайы төмен отбасы балаларын анықтау үшін кесте бойынша рейдке шықты.

Сабаққа бармау, мектептен бас тартудың түрлі жолдарын іздейтін оқушыларға және ата-аналарға мектеп әкімшілігі тарпынан үгіт-насихат жүргізілді.

Ата-аналарға кеңес беру үшін «Қамқорлық» акциясы бойынша түсіндіру жұмыстары мен ақпараттық стенд және «сенім» телефоны ұйымдастырылып жұмыс жүргізілді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.03.2019
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі