жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесің?
Тексерілді: А.Ермурзаева
МАД пәні мұғалімі: Г.Оразбаева
Тақырыбы: «Қамқорлық жасау» дегенді қалай түсінесің? |
||||||
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты |
0.4.3.3. Өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың тәсілдерін түсіндіру, оларды атай білу. |
|||||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: • «Қамқорлық жасау» деген ұғымды түсіндіре алады. Көпшілік балалар: Қамқорлық жасау іс-әрекеттерін атайды. Табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттарды атайды. Кейбір балалар: Қамқорлық жасау не үшін керек екенін айтып бере алады; Қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдаяттармен және іс-әрекеттермен күрес жолдарын айтып береді. |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин. |
(Ұ) Ұсынылатын мәтін (мысал ретінде) Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, қыста ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау – табиғатты көркейтіп, құстарды аялап, қамқор болуға үйрету. Балаларға бағыт-бағдар бере отырып, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыта отырып өздіктерінен өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға бейімдеу. Қызығушылығын ояту: Ойын-өлең: Торғай. |
|
||||
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. |
Педагог Б. соқпақпаевтың «Қамқорлық» әңгімесін айтып береді. (Ұ) Педагог балаларға бүкіл топ ішінде жайылып қойылған суреттерді жинауды және онда бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Қамқорлық). Кейіннен ҰОҚ тақырыбы тұжырымдалады: «Қамқорлық жасау». Педагог балалардың қамқорлық жасау жайында не білетінін анықтап, бүгінгі ҰОҚ-да не білгілері келетінін, неге үйренгілері келетінін сұрайды (Балалардың пікірлері тыңдалады). Болжамдар: – Қамқорлық жасауға, ағаштарды отырғызу жататын шығар. – Табиғатқа зиян келтіретін амалдарға жануарларды қоректендіру жататын шығар. Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз?
|
Табиғатты қорғауға байланысты бейнеленген суреттер. |
||||
ҰОҚ-ның ортасы III. ҰОҚ-ның тақырып бойынша жұмыс 6 – 27 мин. |
(Ұ) Презентация бойынша жұмыс. Педагог балаларға экранға қарап, қандай заң бұзылғандығын анықтауды сұрайды. (Слайдта пайдалы және зиян іс-әрекеттер көрсетіледі. Мысалы, ағаш отырғызып жатқан бала мен ағаш сындырып жатқан баланың қайсысы заңды бұзып жатыр?) (т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Қамқорлық жасау керек пе, керек емес пе? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ – керек, 2-топ – керек емес. (Не үшін? Неге?). Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз: ықтимал болжамдайық мүмкін солай дейік ал, егер… (Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс. (1-тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.) Педагог экология жайында түсінік береді. Бұл – табиғатты, қоршаған ортаны зерттеп, қорғауға бағытталған ғылым.
2-тапсырма. Суреттер бойынша әңгіме құрастырады. 3-тапсырма бойынша ережелер құрастырады. 4-тапсырма бойынша «Табиғатты қорғау» тақырыбына сурет салады. (т) Табиғатты қорғау неге қажет? Зиян амалдар мен пайдалы ісәрекеттерді бөліп, суреттерді тәртібімен қойып шығу. Педагог балаларға табиғатты қорғау туралы түсініктерін қорытынды жасауға әкеледі. (Ұ) Өзекті мәселе. Табиғатқа пайдалы іс-әрекетке ағаш отырғызуды жатқыза аламыз ба? БОЛЖАМДАР. Ойланшы, бұл іс-әрекет табиғатқа қалай көмектесе алды? (Ұ) Динамикалық кідіріс. (Ұ, т) Зерттеу. Педагог балаларға тіршілік үшін бәріміз бірге табиғатты қорғамасақ не болатындығы туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды? (Ағаштарды кесу. Ағаштың суреті бар карточка тақтаға бекітіледі). Ағаштарды кесіп азайтып, не тіпті жойып жіберсек, не болады, болжамдаңыз. Ал егер ағаштарды көптеп отырғызып жүрсек, не болады? (Таза ауа, желден). Сонымен жануарларды аялап, сақтауға тырысу табиғатты қорғауға жатады ма? (Қошақанды емізіп жатқан бала. Сөз жазылған карточка тақтаға бекітіледі). Өсімдіктерді қорғауға не керек? (Жарық, су. Сөздер жазылған карточкалар тақтаға бекітіледі). Осы іс-әрекеттердің барлығы қамқорлық екенін түсіндіру. (Ұ) Өзекті мәселе. Қамқорлық жасауға не керектігін салыстырамыз. (Қандай көмек жасасақ та, бәрі қамқорлық екен деген қорытындыға келеді). |
Интерактивті тақта
Жарық, су. Сөздер жазылған карточкалар. Ағаш отырғызып жатқан суреттер. Музыкалық сүйемелдеу. |
||||
|
(Ө) Өзекті мәселе. Біздің табиғат осы қалпында сақталып келе жатқанына не көмектеседі? (Балалардың болжамдары: көмектесу, қорғау, қамқорлық жасау,…) Тәжірибелік-зертханалық жұмыс іс-әрекеті (ҰОҚ уақытының мүмкіндігі болып жатса, педагог пен балалар іс-әрекетінің шапшаңдығына байланысты): «Қағаз неден жасалады?». Нәтижесінде балалар қағаздың ағаштан жасалынып, оны көп ысырап етпеуін үйренуі керек. Әр тәжірибенің элементі туралы сипаттау керек. Балаларға сурет бойынша тірек сөздердің көмегімен сұрақтар құрастыруға тапсырма беру. Балаларға түсінікті және қарапайым суреттерді қолдану. Үлгі сұрақтар: қамқорлық не үшін керек екен? Біз оларға қандай қамқорлық жасадық? Табиғатқа қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер? т.б. ҰОҚ-ны қорытындылап, осы ұғымдармен балалар жетік танысуы керек. Табиғатқа қамқорлық – табиғатты зиян заттардан қорғап, оны сақтап қалу. Пайдалы ісәрекет – нәтижесінде жақсы көрсеткіштер болатын іс-әрекет. Зиян келтіретін амалдар – өзінен кейін жамандық қана қалдыратын амалдар. (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. Сұрақтарға жауап береді. Суреттер бойынша табиғатқа қандай қамқорлық жасау керектігі туралы әңгімелейді. |
Әліппе-дәптер. |
||||
ҰОҚ-ның соңы IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия. 28-30 мин. |
(Ө) Педагог балалардың өздеріне қорытынды жасатады: Жануарларға тіршілік үшін жылу, тамақ, су және ауа керек. Өсімдіктерге де осы компоненттер қажет. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау арқылы, біз табиғатты қорғаймыз. Сондықтан жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау біздің парызымыз. рефлексивті бағалау. Педагог балаларға жапырақты кез келген түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды: 1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім. 1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын. |
Әліппе-дәптер. Түрлі
түсті
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген