Қамқорлық
жасау –қайырымды қоғамның қағидасы
Өмір-
бізге берілген сын. Сол ұлы сынды
бір-біріне жанашыр, қамқор болу, жүрек
жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу
әрбір адамның өмірлік борышы.
Қайырымдылық
қазақтың бойына жастайынан дарыған ең
асыл қасиет. Ізгіліктің анық көрінісі
болып табылатын игі істі өзгелерге
дәріптеу біздің міндетіміз емес пе?!
Қазіргі
таңда елімізде «Қамқорлық» қайырымдылық
акциясы дәстүрлі түрде жыл сайын өз
жалғасын табуда.
Қайырымдылық
іс-шарасына қатысып өз жүрегін де,
өзгенің жүрегін де меірімділікке бөлеп
жүрген бірегей жандарымыз жетерлік.
Дәл
бүгін мен осы жайтқа куә болдым. Менің
алтын ұям Сәкен Сейфуллин атындағы №2
мектебімде қайырымдылық дәстүрлі акция
қарсанында «Қайырымды жандар» атты
кеші өтуде.Залға жиналған адамдарды
көріп, жүрегім жібіп кетті.Себебі ол
адамдар жаны жайсаңөзге жандарға қолұшын
созғысы келетін қайырымды адамдар.
Кешті салтанаттты түрде ашық деп
жариялап, мектебіміздің бітіруші түлегі
Шалтаева Еңлік пен асаба Сұлтанбай
Досбол ағамыз мәнді де сәндіетіп
жүргізуде. Сахна төрінен мектебіміздің
жарық жұлдыздары өнер көрсетуде. Ал
бастысы мектебімізге эстрада жұлдыздары
келіп халықты өз өнерлерімен қуантуда.
Еліміздің мәдениет қайраткері Ерлан
Стамғазиев ағамыз қоңыр дауысымен
әуелетіп ән шырқап жібергенде, көңіліміз
бір көтеріліп қалды. Мейрамбек
Беспаевтын шәкiртi, «Тарту» тобының
әншici Райым Уайыс пен Ермек Мұқашев
әндерімен бізді тәнті етті. Мектебімізден
түлеп ұшқан Ербол Сасанов ағамызда бұл
кеште бой көрсетті. Т. Жургенов өнер
академиясының студенттерін айта кетсем,
олардың өнері мені таң қалдырды.
Республикалық деңгейде өнер көрсетіп
жүрген мектебіміздің оқушылары да қапы
қалмады.
Қайырымдылық
кешіміздің мәнін, сәнін келтірген
аға-апайларымызға үлкен алғысымды
білдіремін. Бұл концерт үшін алтын
уақыттарын қиып , уақыт бөлгендеріңізге
шексіз ризамын.
Ал
кештің өтуіне демеушілік көрсеткен
Бургебаева А, Ж.Шамаданова, Е.Тілеспаев
жеке кәсіпкерлерге ерекже алғысымызды
білдіреміз. Қайырымдылық акциясының
өтуіне басты себепкер болған 2 мектеп
мұғалімдер ұжымына сансыз рахмет!
Мейірім
– адам баласына берген табиғаттың ең
үлкен сиы. Жүректері мейірімге толған
жомарт жандар сиремесін!
Біз
қазақ елі «Бір үйдің баласындай» жарым
жандарға көмек қолын созсақ бізден
асқан бақытты ел болмайтынына біз кәміл
сенеміз!