400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қамқоршылар күні» мерекесіне арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға тілек білдіретін азаматтардың (қамқоршылық, қорғаншылық, бала асырап алу) санын көбейту үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Авторы: Абдиева Салтанат Калдыбаевна

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, М.Мақатаев атындағы №14 орта мектеп, әлеуметтік педагог



«Қамқоршылар күні» мерекесіне арналған сценарий

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ардақты ата -аналар, ұлағатты ұстаздар! Бүгінгі «Балаға мейірім сыйла» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасына сәйкес жыл сайын 29 қазанда «Мейірімді жүрек» республикалық акциясы аясында «Қамқоршылар күні» мерекесі өткізіледі. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді «Өзінің не өзгенің жетім балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны тек қана жаннат». Ендеше қымбатты қамқоршылар, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иеміз.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға тілек білдіретін азаматтардың (қамқоршылық, қорғаншылық, бала асырап алу) санын көбейту үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.14 жасқа толмаған балалар қорғаншылыққа алынады, ал қамқоршылық 14—18 жастағы кәмелетке толмаған балаларға жасалады. Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу қорғаншы немесе қамқоршы адамды тағайындау жолымен іске асырылады. Бұл адамдарды қорғаншылық және қамқоршылық органдары тағайындайды. Көмелетке толған, іс-әрекетке қабілеттері бар азаматтар ғана қорғаншылар және қамқоршылар бола алады. Бұлардан басқа, жеке басының сапасы, жасы, денсаулық жағдайы ескеріледі.

Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құкықтары мен міндеттері:

• баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, рухани және ізгілік адамгершілік көзқарастарының дамуына қамқорлық жасауға құқықты әрі міндетті;

• баланың пікірін, корғаншылық және қамқоршылық органының ұсыныстарын ескере отырып, баланы тәрбиелеудін тәсілдерін өз еркімен дербес белгілеуге құқықты;

• өзінің қамқорлығындағы баламен бірге тұруға міндетті. Қамқорлығындағы бала 16-ға толғанда қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімімен бөлек тұруларына жол беріледі;

• қамқорлығындағы баланың өкілі болып табылады және заңға сөйкес кез келген азаматтық-кұқықтық мәмілелер жасай алады.

Қамқоршының қорғаншыдан айырмашылығы көмелетке толмаған бала жасына байланысты, өзі дербес жасай алмайтын мәмілелер жасауға келісім береді (мысалы, қамқорлығындағы адамның үйін сату, мұрасынан бас тарту және баскалары). Қорғаншылар мен қамқоршылар өз міндеттерін ақша талап етпей тегін орындайды және олардың құқықтарының белгілі мерзімдік сипаты бар. Қамқорлығындағы адам 14 жасқа толғанда оған қамқорлық жасау токтатылады, ал қорғаншы міндетін атқарушы адам көмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Өз кезегінде, қамқоршылық камқорлығындағы адам 18-ге толғанда немесе ол кәмелет жасына жетпей некеге тұрса тоқтатылады. Отбасы - қоғамның алтын тірегі. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері ажырасқан отбасылардың саны артып, тастанды, жетім балалар мен жесір әйелдердің саны көбеюде. Мұндай етек алып бара жатқан мәселелер қоғамымыздың дамуына кесірін тигізіп отыр. Сондықтан да тақырыпты зерттеп, ата-аналардың балаларына дұрыс тәрбие бермеудегі бірнеше жолдарына тоқталып, оның себептерін анықтап, отбасындағы қиындықтарды талқылап көрейік .Отбасы тәрбиесі өте күрделі жүйе болып табылады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» десе, мәңгі жасағысы келетін халық атадан балаға ауысатын қара шаңырағын көзінің қарашығындай қорғап, болашағының үздіксіз өркендеуін үнемі қалт жібермей отырған. Отбасы тәрбиесіне ата мен баланың денсаулығы, материалдық-экономикалық жағдайы, отбасы мүшелерінің саны, тұратын жері, бәрі-бәрі өз әсерін тигізеді.

Отбасында баланы дұрыс тәрбиелемеудің мынадай бірнеше түрі бар.

  1. Бақылау және қадағалаудан тыс қалған балалар. Ата-аналар өздерінің жұмыстарымен балаға тиісті назар аудармайды.

2. Асыра қадағалау (гиперопека) түрінде тәрбиелеу. Оның өзінің екі түрі бар:

а) Баланың өмірі күнделікті бақылау үстінде. Қорытындысында, бала өз күшіне сенімсіздік көрсетеді, қарсы шығады.

ә) Баланы «пірім» деп тәрбиелеу. Бала отбасы мүшелерінің назары өзінде болуына үйреніп алады. Қорытындысында, бала өз мен-мендігін жеңе алмайды.

3. Дене күшін көрсету немесе қатал тәрбие. Баланы қатты жазалау.

4. Ата-ана өзінің тұңғыш баласына барлық махаббатын беруге

тырысады. Алайда, дүниеге екінші нәресте келгенде ата-ана

өздерінің міндеттерінің жартысын тұңғыш баласына жүктейді. Мысалы, ініңді ойнат, тамақтандыр, т.б. Қорытындысында бала ызасын інісінен алуға тырысады.

5. Жоғары моральдық деңгейде тәрбиелеу. Баланы кішкентай күнінен бастап

ата-ана еңбегінің ақталуын талап етеді. Қорытындысында бала бойында

мазасыздық пайда болады.

6. Ата-ана ман отбасының педагогикалық, психологиялық тұрғыдан

білімдерінің таяздығы

7. Айырылысу немесе айырылысудан кейінгі жағдай

8. Толық емес отбасы

9. Ата-аналық құқығынан айырылған, балалары мемлекеттік

ұжымда өмір сүреді

10. Асыранды бала

11. Ата-аналарға ұсыныстар тарату

Қорытынды

Қайырымды бола білу үлкен іс,

Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.

Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,

Біле білсең өзің үшін ол жеңіс-демекші бүгінгі «Қамқоршылар күні» мерекесімен құттықтаймыз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
15 сәуір
6085
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі