400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Қамқоршылар күніне арналған сценарий (екі тілде)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қамқоршылар күніне арналған сценарий (екі тілде) Сценарий ко дню опекуна (на двух языках) Мақсаты: Қамқорлықтағы оқушылардың Қамқоршыларымен мектеп арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қамқоршылар күніне орай өтетін «Мейірімге толы жүрек» атты мерекелік іс шараның сценарийі

Мақсаты: Қамқорлықтағы оқушылардың Қамқоршыларымен мектеп арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау.

І-жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер, қамқоршы ата – аналар! Бүгінгі қамқоршылар күніне арналған «Мейірімге толы жүрек» атты мерекелік іс шараны назарларыңызға ұсынамыз!

ІІ-жүргізуші: Добрый день, уважаемые зрители! Сегодня замечательный день! День, наполненный добротой, нежностью и лаской.

І-жүргізуші: Бұл шара қайырымдылықты дәріптейтін, жылы жүректі қамқор жандарға арналған кішігірім құрмет. Адамдық жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдылық бойларыңыздан табылып, осынау балаларымызға қамқорлық көрсетіп, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді сіңіріп, тәрбие беріп отырғандарыңыз үшін бас иеміз.

Алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысының міндетін атқарушы Жумагулова Жанат Амангазиновнаға беріледі.

НОМЕР:

Жүргізушы: Біздің қамқоршы ата – аналарымыз балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, адамгершілікке тәрбиелеп жатқанына сеніміміз мол. Бар жақсылығын аямай, жылы қанатының астына алып отырған ата – аналар, өздеріңізге арнап Анель мен Ералы өнерлерін көрсетеді. Құрмет қошеметпен қарсы алыңыздар!

Ведущий: Как здорово, что есть такие праздники, которые дарят радость общения, поднимают настроение, дают энергию, зарождают в сердце человека мир любви. Каждый человек рождается на этот свет, словно звездочка, дарящая сияние. И мы верим в вашу счастливую звезду! Мы любим Вас и спасибо Вам, за то, вы есть в нашей жизни!

НОМЕР:

Жүргізуші: О,қамқоршым,

Таянышым, тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашан да,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Құрметті көрермендер! Сіздердің құрметтеріңізге Боранбаева Данеля ән шырқайды! Қабыл алыңыздар!

ІІ Жүргізуші: Ну а наш праздничный концерт подошел к концу. 
И хочется завершить его словами великого философа Астрогора: 
Собирайте камни знаний, укрепляйте каплями терпения, дарите капли любви, ищите капли мудрости, ловите капли радости, храните капли надежды. Пусть из этих капель собирается река и море вашего духовного благополучия. 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілей отырып, бүгінгі мерекелік іс шарамызды аяқтаймыз. Балаларыңыз үміттеріңізді ақтайтын азамат пен азаматшалар болып өсуіне тілектеспіз! Қош сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
02.04.2022
1856
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі