Қамшы өру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қамшы өру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қамшы туралы мәлімет . Оның жасалу жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру ұйымының атауы

« №5 арнайы мектеп- интернат» КММ-сі

Күні: 04.02.2025ж

Пәні:

Кәсіби еңбекке баулу

Сынып: 8 «ә»

Қатысқандар саны: 8

Қатыспағандар саны :

Бөлім:


Былғарымен жұмыс

Педагогтің аты-жөні:

Абуова Райхан .

Сабақтың тақырыбы:

Қамшы жасау .

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға қамшының түрлерін , жасалу жолдарын таныстыру. Қамшының қолданылу аясын, тарихи және мәдени маңызын түсіндіру. Қамшы жасаудың теориялық негіздерін үйрету, сарамандық жұмыс барысында ; қамшының бөлшектерін біріктіруді орындату .

Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қол еңбегіне қызығушылығын арттыру, шеберліктерін шыңдау.

Ұлттық қолөнерді құрметтеуге, дәстүрлерді сақтауға тәрбиелеу. Еңбекқорлыққа , төзімділікке, мақсатқа жетуге баулу.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мәдениетке құрмет, дәстүрлерді сақтау , ұлттық мақтаныш, еңбекқорлық, шеберлік.

Пәнаралық байланыс

Математика , тарих, бейнелеу өнері

Көрнекіліктер қолдану

Суреттер, үлгі , технологиялық нұсқау карта, дайын бұйым , интерактивті тақта , слайд.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



I.Ұйымдастыру.

- Сәлемдесу.

- Топқа бөлу . «Асық тандау» әдісімен екі топқа бөлу .

Жасыл, қызыл асықтар салынған қоржын ішінен асық таңдау арқылы топқа бөлінеді .

- Мезгіл , ай, күн апта атауларын сұрау.

- Оқушыларды талапқа сай отырғызу, зейінін сабаққа аудару

2. Психологиялық ахуалды қалыптастыру. Мұхтар Нүсіпұлы қамшы өру шебері сіздерге ізгі тілегін және сәттілек тілейді . ЖИ арқылы. (00:56 мин)

1.Мұғаліммен сәлемдеседі.

2. Қоржынан асық таңдау арқылы топқа бөлінеді


3.Мезгіл, ай ,апта күндерін атайды .

3. Қазақстанның қамшы өру шеберінің тілегін тыңдайды .









Жарайсыңдар!







Асық түрлі-түсті.Қор-жын



Интерактивті тақта






  • Өткен сабақты қайталау .

«Қамшы бөлшектерін жасау»

«Тақия» әдісімен сұрақ жауап алу .

Экранда тақиялар бар ұяшықтар болады. Оқушылар кезкелген тақияны таңдайды . Тақия үстін басқанда сұрақтар беріледі . Сол сұрақтарға жауап береді . Әр сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға асық беріледі .

1. Қамшы неше бөлшектен тұрады ?

2.Қамшының сабын қандай ағаштан жасаймыз ?

3.Қамшы сабының ұзындығын қалай өлшейміз ?

4.Қамшының құлағы қандай материалдан жасалады ?

5.Қамшы түрлері .

6.Сүндет қамшы дегеніміз не?

7.Бәйге және Көкпар қамшы қандай болады ?

8.Баптау қамшы қандай қамшы ?

Оқушылар экранда не көріп тұрсыңдар?

-Ия дұрыс қамшы.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қамшы жасау».



Сұрақтарға жауап береді.

















-Экранда қамшыны көріп тұрмыз деп жауап береді

Дескриптор:

1 Қамшы бөлшектерін біледі

2.Сұрақтарға жауап береді.

Өз ойларын айтады.

ҚБ: Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс!


Интерактивті тақта

Суреттер

үлгілер

асық


Сабақтың ортасы









































Жаңа сабақ тақырыбы

Мағлұмат беру .

Қамшы жасау .
Қамшы -баға жетпес ұлттық құндылығымыздың бірі . Бұл бүгінде әр қазақтың шаңырағына сән беретін ұлттық бұйым. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде, салт-дәстүрінде қамшының алатын орны ерекше. Ол бірегей өнер туындысы ғана емес, сый-сыяпаттың төресі, ер жігіттің серігі, шаңырақтың киесі саналған. Сол себепті, әрбір қазақ қамшының қасиетін біліп жүруі керек.

Қазақта қамшыны ұстау мен қолданудың тәрбиелік мәні мен ережелері бар. Яғни, қамшыны әдетте, оң қолға екі бүктеп ұстайды. Қамшы өрімін салбыратып ұстау дұшпандықтың, әдепсіздіктің белгісі деп танылған. Сондай-ақ, жөн, жол көрсеткенде де саусақпен емес, қамшымен нұсқайтын болған. Қамшы жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Оның әрқайсысының атқаратын қызметі, мақсаты, мағынасы да бар. Қамшының түрлері туралы айтар болсақ, оның сүндет қамшы, неке қамшысы, баптау қамшы, бәйге қамшы, соп қамшы, аңшы қамшы, көкпар қамшы, үйір қамшы, барымта қамшы, дойыр қамшы, ноғай қамшы, бәсіре қамшы деген түрлері бар. Ал қамшы жасайтын адамдарды өрімші деп атайды. Қамшы өрілетін таспа санына қарай, үш өрімнен бастап, қырық өрімге дейін барады. Әдетте, қамшыны екі жасар серке, болмаса құнан өгіздің иі қанған терісінен өріп дайындайды. Шоқан Уәлиханов өз естеліктерінде былай деп жазған екен : «Қамшының сабының өлшемі шындақ пен жұдырықтай не 7 тұтам, өрімнің ұзындығы бес алақанның көлеміндей, тұтаммен есептегенде өрімі сабынан бір-екі тұтам ұзын болуы керек»- деп.

Қамшының түрлерін көрсету .

Біз бүгін сендермен қамшының өрімін өруін жіппен өретін боламыз.

Қамшыны жасау жұмыс барысы:

1.Қамшы өріммін өру .

2.Қамшы құлағымен өрімді біріктіру .

3. Қамшы сабына қамшы құлағын орнатып , біріктіру. ,

4. Әшекейлеу тәсілдері ;түйін, шашақ, ою арқылы орындау.

Сергіту сәті «Бәйге» әдісі.

Шарты : Оқушылар орындықта отырып , арқан тарту арқылы тұлпарларды мәреге жеткізіп , берілген сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар

  • Қамшының жасалу жұмыс барысы .

  • Қамшы өрім түрлері

  • Өрімнің өлшеммін қалай анықтаймыз?

  • Қамшы бөліктерін ата.

  • Қамшыны қандай материалдармен жасаймыз ?

  • Қамшыны әшекейлеу тәсілдері ?

Сарамандық жұмыс

1) Жұмыс орнын дайындау 2)Қауіпсіздік ережесін қайталау.

3) Өзіндік жұмыс .

Үш өрімді өру, қамшы құлағымен өрімді біріктіру .

Қамшы сабына құлағын орнату және оны бекіту .

4) Жасалған жұмыс сапасын тексеру , ауызша есеп беру .

5). Жұмыс орнын жинастыру






Тыңдалым дағдысымен жұмыс



Қамшы туралы мағлұмат алады





Қамшының түрлерімен танысады .

























Қамшының жасалу жолдарымен танысады .
















Технологиялық нұсқау картамен жұмыс жасайды.


















Сергіту сәтінде оқушылар орындыққа отырып тұлпарды арқан арқылы мәреге жеткізіп ,ондағы берілген сұрақтарға жауап береді .

Арнайы киімдерін киіп , жұмыс орнын дайындайды .

Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып,

қамшы өреді , қамшы бөлшектерін біріктіру жұмыстарын орындайды
















Дескриптор:

1.Қамшы түрлері және жасалу жолдарын біледі































































Дескриптор:

1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді


ҚБ:Жарайсың! Өте жақсы! Дұрыс! Талпын!





Дескриптор:

1.Қамшы бөлшектерін біріктіру жұмыстарын орындай алады.

Қ.Б: Мақтап , мадақтау










Суреттер

Дайын бұйым .



















































Тех. нұсқау карта . үлгі ,суреттер





















суреттер

Тех. нұсқау

карта.

Қамшы сабы, құлағы , бігіз ,жіп қайшы .


Сабақтың соңы











Бекіту.

«Сен білесің бе ?» ойыны: әр түрлі сұрақтар беріледі .

1.Қамшының түрлері ?

2.Қамшы неше бөлшектен тұрады ?

3.Қамшының жасалу жұмыс барысы ?

4.Өрім саны қанша болады ?

5.Бүгін біз неше өрімді меңгерді ?

6. Қамшыны жасау үшін қандай материалдар қажет ?

2 топқа сұрақтары бар плакат беріледі. Сол сұрақтарға жауап береді , Қай топ бірінші және дұрыс жауап берсе сол топ жеңімпаз болады .

Оқушылардың білімін 10 баллдық жүйемен бағалау .

Рефлексия

«Бағдаршам» арқылы оқушылар кері байланыс жасайды . Интерактивті тақтада оқушылардың есімі жазылған бағдаршамдар бар , сабақты қалай түсінгенін сол бағдаршамдағы түстерді басу арқылы көрсетеді .

Қорытынды .






Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады,жазады .


Өздері кері байланыс жасайды.Осы тақырып бойынша қаншалықты түсінгенін немесе түсінбегенін «Бағдаршам» арқылы көрсетеді

Дескриптор:

1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді

Өз ой қорытындысымен бөліседі.









Оқушыларды 10 баллдық жүйемен бағалау








Интерактивті тақта

бағдаршам суреті







ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«№5 арнайы мектеп –интернат» КММ-сі



















Ашық сабақ

Тақырыбы :

«Қамшы жасау »

8 «Ә» сынып







Кәсіби еңбекке баулу пәні мұғалімдері :

Налжанов Нұрдаулет , Абуова Райхан



Жетісай 2025 жыл.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2025
52
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі