400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қамырдан жасалынған өнімдер" сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен мұғалімге керекті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қамырдан жасалған өнімдер. Ашытқы және ашытқысыз қамыр.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қамыр түрлері бойынша білімін тереңдету, одан жасалатын тағам түрлерімен таныстыру.

  2. Дамыту: Қамырдан жасалған өнімдердің жасалу технологиясымен, әсемдеп безендіру тәсілдерін түсіндіру.

  3. Тәрбиелік: Эстетикалық жолмен безендіру, жетілдіру, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас сабақ



Сабақтың барысы


І Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды түгелдеу

2. Еңбек- құралдарын тексеру


ІІ Үй тапсырмасын сұрау

  1. І-тамақ деген не?

  2. Оның қоюына нелер кіреді?

  3. Көжелер қандай түрлерге бөлінеді?

  4. Езбе көже деген не?


ІІІ Жаңа сабақ.


  1. Суреттермен жұмыс.

Сұрақ. Мына суреттерді ортақ не байланыстырады? Ұннан не жасалады?

Нан, тоқаш, самса

Нан туралы мақал-мәтел, тақпақ үйге берілген тапсырма.

Нанның негізі не?

Сонда қалай ойлайсыңдар бүгінгі біздің тақырып қандай болмақ? Слайд. Біздің тақырыбымыз қамырдан жасалған өнімдер болғаннан кейін, біз қамырдың түрлерімен танысамыз. Жалпы қамыр жасау үшін бізге алдымен ұн керек.

Ұн өнімдерін 4 топқа бөлуге болады:

  1. Ұннан жасалған тағамдар - тұшпара, манты, үй кеспесі, варениктер, құймақ, жайма құймақ.

  2. Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер – ватрушка, пирожкилер, пончиктер(ірі бауырсақ), бәліш.

  3. Дәмділенген нан өнімдері –(май мен сүтке иленген, яғни майқоспа нан өнімдері)-қарапайым майқоспа нан, әртүрлі тоқаштар, қаусырма.

  4. Ұнан жасалған кондитерлік өнім - пирожный, торт, печенье, прәндік.

Бұл өнімдерді дайындау үшін қамырдың алуан түрін пайдаланады.


Мәтінді екі топқа беремін. Оқушылар мәтінмен жұмыс орындайды.

1. Ашытқы қамыр.

2. Ашытқысыз қамыр.

Оқушылар Венн диаграммасын толтырады. 2 оқушы- ашыған, 2оқушы – ашытқысыз.


ІV Практикалық жұмыс жоспары:

І топ – Аспаздар пирог әзірлейді.

ІІ топ – Шеберлер бәліш түрлерін әзірлейді.

1.І топқа пирог әзірлеудің технологиясымен таныстыру. Слайд.

2.ІІ топқа бәлішке пішін берудің технологиясымын таныстыру. Слайд.

3.Техникалық қауіпсіздік ережені сұрау.

Өткір,үшкір заттармен қалай жұмыс істеміз?

Электор приборлармен қалай жұмыс істеміз?

Ақауын қалай анықтаймыз?


V Қортынды.

1.Сабақта қандай тақырып өттік?

2.Қамырдың қандай түрін білесіңдер?

3.Ашыған және ашымаған қамырдың айырмашылығын түсіндір.


VІ Рефлексия.

1.Бүгінгі сабақта мен ...... үйрендім.

2.Сабақта маған ....... ұнады.

3.Бұл сабақта ......... ұнамаған жері.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі