400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қан топтары.Қан құю.

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қан топтары.Қан құю.Резус –фактор.Агглютинация.Резус-конфликт

Мектеп: «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі» КММ

Мұғалім:Кокозова

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген

оқу мақсаттары

Адамның қан топтарының түрлерін және олардың белгіленуін анықтау

Қан құю ерекшеліктерін талдау

Агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, қан топтарын біледі, оларды белгіленуіне байланысты ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Антиген мен антиденеге байланысты қан топтарын салыстырады, қан құю кестесін қолданып, қан құюды болжайды.

Кейбір оқушылар:

Қанды дұрыс құймағанда болатын қауіптерді дәлелдеп бере алады, Резус-фактордың «оң» және «теріс» түрлерін сипаттап береді.

Сабақтың

құндылығы

Салауатты өмір салтын ұстану

Бағалау критерийлері:

  • Қан топтары және оның белгіленуін біледі.

  • Антиген мен антиденеге байланысты оларды ажыратады.

  • Қан құю кестесін ұғады, қан топтарына байланысты қан беретін және қан

алатын адамды мысалмен келтіре алады.

– Резус-факторға сипаттама береді, одан болатын («–» және «+») қауіптерді айқындайды.

Тілдік мақсат

Oқушылaрдың тілдік дaғдының төртеуін де түрлі әрекeттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мaқсаттарға қол жeткізу үшін қолдану

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Қан топтары, қан құю, резус-фактор, реципиент, донор, агглютинация

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Қан құю ережелерін жасаңдар. Қан құю үшін ереже міндетті түрде керек пе?

Талқылып жауаптарыңды беріңдер.

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Неліктен әр адам өз қан тобын білу міндетті екенін айта аласыңдар ма?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Қан құю кестесін дәптерге түсіру

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

4 минут








5 минут

I.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал туғызу

Қан топтары арқылы 4 топқа бөлу.

1-топ I (О)

2-топ II (А)

3-топ III (В)

4-топ IV (АВ)


II.Үй тапсырмасын сұрау. «Миға шабуыл»

1-топ I (О)

а) Тұмаудың қоздырғышы

б) Тұмаудың белгілерін ата.Қандай жолмен жұғады?

с) Тұмаудың алдын алу жолдары қандай?

е) Лимфада болатын лейкоцит жасушасының атауы

2-топ II (А)

а) Жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру не деп

аталады?

б) Иммунитеттің қандай түрлері бар?

с) Егу арқылы қалыптасатын иммунитет

е) Жүре пайда болған иммунитет дегеніміз не?

3-топ III (В)

а) ЖИТС дегеніміз не?

б) ЖИТС ауруының қауіптілігі неде?

с) ЖИТС қалай беріледі?

е) ЖИТС-тан сақтану жолдары қандай?

4-топ IV (АВ)

а) Адамда қанша литр қан болады?

б) Қанның ұюына қатысатын қан жасушасы

с) Плазмада қанның ұюына қатысатын нәруыз

е) Қанша пайыз қан жоғалту адам үшін қауіпті?

Суреттер,интербелсенді тақта,оқулық

Ортасы

3 минут

«Ой қозғау»

1.Адам организмінде қанша литр қан болады деп

ойлайсыңдар?

2.Қан топтары жайында не білеміз?

3.Неліктен әр адам өз қан тобын білуге міндетті?

4.Қандай жағдайда адамға қан құяды?


10 минут

І. Оқулықпен жұмыс.

«Идеялар себеті» стратегиясы

1-топ Қан топтары

2-топ Қан құю

3-топ Резус-фактор

4-топ Агглютинация

Жұмыс алгоритмі.Сабақтың тақырыбымен танысады.

Топтық жұмыс. Оқушылар өз ақпараттарымен бөліседі, талқылайды. Әр топ тақырып бойынша өзінің көзқарасын айтады, білімдерін көрсетеді.

Мұғалім айтылған көзқарастар мен түйінді сөздерді

«себетке» салып отырады .


Дескрипторлар:

  • Мәтінді толық меңгеріп,топтық жұмыс тапсырмасын толық орындайды.

  • Қан топтарын, олардың белгіленуін біледі, салыстырады, ажыратады.

  • Қан құю кестесін қолданып, әмбебап донор мен әмбебап реципиентті анықтайды, мысалдарға жауап бере алады.

  • Резус-факторды сипаттап береді.

  • Агглютинация механизмін түсіндіреді

Оқулық ,слаид,

постер

Сергіту сәті:

«Ми сергіту»

3 минут

А) Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. Барлығы

қанша алма болды? Қайыңда алма өспейді.

Б) Бала аяғы жоқ 9, басы жоқ 6, ортан белі жоқ 8 балық

ұстады. Барлығы неше балық?

Ешқандай балық ұстамады.

С) 6 бас,16 аяқ. Неше тауық, неше ешкі?

  1. ешкі, 4 тауық.

Е) 5 адамға 5 алманы бөлу керек, әр адам 1 алманы алса, 1

алма себетте қалу үшін қалай бөлеміз?

1 адам 1 алманы себетімен алады.

Слаид

Аяқталуы


15 минут

«Ой толғау» қан топтарына есеп

1-топ:

Менің денемдегі қанның мөлшері қанша?

Қан адамның дене салмағының 7%-ын құрайды.

Әрбір оқушы өзінің денесінде қанша мөлшерде қан барын есептейді.

№

Аты-жөні

Дене салмағы

Қан мөлшері

1




2




3




4




5




6







2-топ:

Қаны 1-ші топтағы қыз қаны 2-ші топтағы гетерозиготалы жігітке тұрмысқа шықты.Олардың балаларының қан тобы қандай болады?

3-топ:

Анасының қан тобы 2 гомозиготалы,әкесінің қан тобы 4.Балалардың қан тобын анықтаңдар

4-топ :

Қан тобы 1-ші қыз бен қан тобы 3 гетерозиготалы жігіт үйленді.Отбасындағы балалардың қан тобын анықтаңдар.


Функционалдық сауаттылық тапсырмалары.

Гематология – қан туралы ғылым. Тұқым қуалайтын қан ұйымайтын аурудың аты – гемофилия. Бұл ауру геннің дефектісінен туындайды. Ауру ген Х-хромосомада орналасады.Тарихта ауру генді тасымалдаушының бірі Виктория ханшайымы болған. Гемофилия ауруымен Викторияның ұлы Леопольд және бірнеше немерелері ауырған. Оның бірі Ресей ханзадасы Алексей Николаевич Романов еді.

№1 тапсырма

Ресей ханзадасы Алексей гемофилиямен ауырған. Ханзаданың гемофилиямен ауыру себебін түсіндіріңіз.

А) гемофилия гені әкесінен берілген

В) гемофилия гені анасынан берілген

С) Анастасия деген әпкесінен берілген

№2 тапсырма

Қанның ұюына қатысады

А) тромбоциттер

В) лейкоциттер

С) эритроциттер

№3 тапсырма

Қан құю станцияларында қан қоры сақталатыны белгілі. Егер де қан ұю 3-4 минутта жүретін болса, қан құю станцияларындағы қан қоры неге ұйып қалмайды?

№4 тапсырма

Қан топтары сәйкес келмейтін адамдардың қанын неге бір-біріне құюға болмайды? Қауіп- қатерлерді айқындаңыз.

Қосымша ақпарат. Адам қанының түрлі топтарындағы антигендер мен антиденелердің болуы

Қан топтары Эритроциттерде болатын Қан плазмасында болатын

Антигендер антиденелер

α және β

О (I) болмайды

β

A (II) A

α

B (III) B

болмайды

AB (IV) AB

Саралау

Қосымша көмек керек оқушылар үшін:

Сенің қаның ІІІ топ. Сен қанды қай топқа бересің, кімнен аласың?

Қабілеті жоғары оқушы:

«Мен донормын» деген М. Мақатаев өлеңін оқып талдау. Негізгі идеяны айқындау.

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

Жасыңа да, кәріңе! Кімге қан керек?

Ішуге емес, дәріге... Мен – донормын. Шипа болар қаным бар, Қабылдаңдар, алыңдар. Менің жылы қанымның Қасиетін таныңдар.

Жоқ!

Ақшаға сатпаймын! Аурулар алдында, Борышымды ақтаймын. Өмір беріп өзгеге, Өмірімді сақтаймын!

Мен – донормын. Таза қан.

Сақ боласыз жазадан,

Сақ боласыз мазадан, Қабылдаңыз?!

Көп берем де, аз алам, Сіздегі сансыз түтікпен Менің қаным өтеді, Маған сол да жетеді!

Сіздегі жылы жүректе

Менің қаным соғады.

Маған сол да болады!

Сіздің мидың, біздің қан Болып жатса қорегі.

Басқаның не керегі?!

Бәріңе!

Бәріңе! Бәріңе!

Жасыңа да, кәріңе! Кімге қан керек?

Кімге қан керек? Кімге қан керек? Ішуге емес!

Дәріге!..

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Сабақ мақсаты тақырыпқа сай құрылған.

Адамның қан топтарының түрлерін және олардың белгіленуін, қанды дұрыс құймағанда болатын қауіптерді,резус-фактордың «оң» және «теріс» түрлерін білді.

Сыныптың ынтымақтастық атмосферасы жақсы болды.Топпен ,жұппен жұмыс жасауда оқушылар биріге жұмыс жасады.

Барлық бала сабақта бос отырған жоқ.Барлығы сабақта атсалысып отырды.

Уақытты тиімді пайдалану қажет.

Тапсырма түрлерін азайту қажет.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
867
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі