400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қанағат -асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне тәрбие сағатын өткізуде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы

Қанағат – асыл қазына

Мақсаты

Адам бойына қажетті мінез-құлықты оқушы бойына қалыптастыру, қанағат туралы қосымша ақпараттар беру.

Әдіс- тәсілдері

Топтық жұмыс, әңгімелесу, сұрақ- жауап

Қажетті ресурстар

Слайд, тақырып бойынша нақыл сөздер, Абайдың «Ескендір» поэмасынан үзінділер, А.С.Пушкин «Алтын балық» ертегісі мульфильмі

Барысы

Амандасу.

Топқа бөлу.

Сабақтың басы

Оқушыларды мақал-мәтел сөздері арқылы топқа бөлемін.

Қызығушылықтарын ояту.

https://youtu.be/koRV1KkKpFc

Педагог әрекеті

Оқушылар әрекеті

Оқушыларға жалпылама сұрақ қояды.

-Балалар мына ертегі бойынша қандай пікір айтар едіңдер?

- Бүгінгі тақырыпқа мазмұны сай келе ме?



Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасының оқиғасын қысқаша айтып береді.

Топтарға мәтін ұсынылады. Әр топ өздеріне берілген мәтін бойынша айтып, ой қорытасыңдар.


Қанағат деген сөзге анықтама бересіздер. Мәтін бойынша құндылықтарды айтасыздар.
























2-тапсырма. Дана сөздерді бір оқып шығамын. Мұқият тыңдаңдар. Әрбір топтың басшылары тақтада тұрған сөздерді тауып тобымен мағынасын ашу керек.

І топ: Шәкәрім мен Будда сөздері;

ІІ топ: Арсистотель мен М.Әлімбаев сөздері;

ІІІ топ: У. Шекспир мен Ы.Алтынсарин сөздері












3-тапсырма. Мақал- мәтелді жалғастырамыз. Мақалбай атай бірнеше мақал- мәтелдердің сөздерін таба алмай, сендерден көмек сұраған. Көмектесіп жіберейік.

1. Ер азығы - қанағат

2.Қанағатсыздың ... үлкен,
Ақылсыздың ... үлкен.

3.Қанағат ... ...,
Қанағатсыз ... ... ... .

4.Азды алмаған, көптен ... ... .

5.Қанағат қылсаң, ... ... .

... қанағат ет.

6.Қазаныңнан қақпақ ...,
Иттен ... кетер.

7.Барына ... , жоғына ... .

8.Азға қанағат ...
Барлық жерде сыйлайды.


Қортынды. – Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан қандай қорытынды шығарамыз. Қанағат деген адамға керек пе екен?

Ертегі бойынша ойларын айтады.

(Кемпір мен шалдың кедей тұратындығы, кәсібі, кемпірдің қанағатсыздығы, ақырында бұрынғы қалпына қайта келгендігі жөнінде)

-Иә, адам бойында қанағат деген болу керек.


Оқушылар оқиды.

І топ. Қанағат – адам өміріндегі аса қажет құндылықтардың бірі, адамның сана-сезімі іс әрекетіндегі жақсы әдет. Қанағат адам баласын адамшылық жолдан тайдырмайды, ашкөзділіктен аулақ етеді, біреудің дүние-мүлкіне көз салдырмайды, сұқтандырмайды. Сондықтан қанағатшыл адам қарапайым, кішіпейіл. Ондай жандар айналасына сүйкімді көрінеді, көптің құрметіне бөленеді.

ІІ топ.Қанағат – әр адамның өзінде барына шүкіршілік етуі, қол жеткізген табыстарына разы болуы. Бұл - баршаның бойында жарасатын көркемдік сипат, ешқашан ортаймайтын асыл қазына. Алайда адамның барлығы бірдей барына қанағат етпейді, дүниесі мен байлығы болғанының үстіне бола берсе екен деп тілейді. Сөйтіп, ашкөздікпен баюға ұмтылады, туғанын да ұмытады.

ІІІ топ. Жоқ-жітікке көмектесіп, қайырым жасай білген жөн. Күннен-күнге қарыштап бара жатқан ақпарат пен технология заманында жеткізбейтін киім түрін кием деп, сәнді жиһаздарды үйге толтырам деп, көліктердің неше түрін мінем деп ұмтылу – нағыз қанағатсыздық. Бір ғана Абайдың «Ескендір» поэмасының мазмұны -қай қоғамда да өмірлік сабақ. Еңбекпен келген материалдық игіліктің құнын білу, барды дұрыс пайдалануға ұмтылу – саналы адамның ісі. «Қоя жесең, қой қалады, тарта жесең, тай қалады» демекші, қанағатшыл болсақ, ұтылмасымыз анық.

2-тапсырма

Қанағат – табиғаттың төл перзенті,

Тағы да денсаулықты ол күзетеді.

Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.

Шәкәрім

Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.

Аристотель

Білім – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына. Мұзафар Әлімбаев.

Артық тамақ шашты ағартып қинайды,
Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды.

Уильям Шекспир

Байлық — қанағат пен еңбекте.

Ыбырай Алтынсарин

Аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат қылмасаң — көптен құр қаласың. Ыбырай Алтынсарин.

Денсаулық — ұлы жеңiс, қанағат — ұлы байлық, сенiм — ең жақсы туыс. Будда.


3-тапсырма

1.Ер азығы -қанағат

2.Қанағатсыздың көзі үлкен,
Ақылсыздың сөзі үлкен.

3.Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.

4.Азды алмаған, көптен құр қалады.

5.Қанағат қылсаң, қарның тоқ.

Барға қанағат ет.

6.Қазаныңнан қақпақ кетсе,
Иттен қанағат кетер.

7.Барына қанағат, жоғына сабыр.

8.Азға қанағат қылғанды
Барлық жерде сыйлайды.





Кері байланыс. Өз пікірлерін білдіреді.

-Қанағат -адам бойындағы асыл қасиет. Адам барына риза болу керек. Өз білімі мен еңбегіне қарай жағдайы жасалмақ. Қанағатсыздық жақсылыққа апармайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
1056
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі