Материалдар / Қанағат, рақым ойлап қой!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қанағат, рақым ойлап қой!

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану мұғалімдері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
578
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысыӨскемен қаласы КММ №46 орта мектебіӨзін –өзі тану мұғаліміБашикова М.ЖТақырыбы:Қанағат, рақым ойлап қой!Сынып: Өтілетін күні:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қарттарын қазынаға балайтын атам қазақ үшін ата-анасын қарттар үйіне тоғытқан жағдай жат болатын қашаннан. Ал қазір қалай? Өкінішке орай, қарттар үйі жәудіреген жанарларға, қарт абыздарға толып барады. Өз баласы өзегінен тепкен ата-аналар өмірі, тағдыр тауқыметі оған кім кінәлі .......... қазіргі адамдардың құндылықтарын өзгерткен нарық заманы ма? Әлде қоғам ба? Әлде мүмкін қызмет, жұмыс деп жүріп өз баласына дұрыс ұлттық тәрбие бере алмаған ата-ананың өзі кінәлі ме? бүгінгі біз дөңгелек үстелде талқылаймыз.Санаға маза бермеген сан сауал бүгінгі біздің «Қанағат, рақым ойлап қой!» атты дөңгелек үстелімізге арқау болмақ.

"Қанағат, рақым ойлап қой!" (дөңгелек үстел)                Мақсаты : Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету, ұл, қыздарымыздың бойында өтірік,өсек, мақтаншақ сияқты жаман қасиеттерден қашық болуға және адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге еңбек етуге, үлгі ете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:интербелсенді тақта,бейне ролик, өлең жолы.  Қатысушылар: Дөңгелек үстел мынадай бөлімдерден тұрадыI бөлім: тыныштық сәті баяу музыкаII бөлім: бейнежазбаIII бөлім оқушыларға арналған сұрақтарIV бөлім: «Ата сіз бақыттысыз» слайд V бөлім: «Әкешім, анашым» ән айтуI бөлім «Нұрға» бөленуЫңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Мұғалім: Әрбір адамға әке –шешесінен жақын адам жоқ. Өзін мына жарық дүниеге әкеліп, ақ сүтін емізіп, түн ұйқысын төрт бөліп, сәбиін тербетіп таң атқызған анасын, мойнына мінгізіп еркелетіп, баласының бақыты, игілігі үшін бар күш –қуатын арнаған әкесін қуантып перзенттік қарызын өтеп жатқандар қаншама. Сонымен қатар қартайған шағында өмір тәлкегіне лақтырып кеткен қатыгез балалар да арамызда жетерлік. Ес білмейтін кішкене кездегі барлық қылығымызды көтеріп, сүйсіне қызықтаған ата-ананың еңбегі еш кеткені ғой бұл. Олардың бірін адамгершілігі мол десек келесісін адамгершіліктен жұрдай, жүрегі жоқ пенделер демеске амалың да жоқ. II бөлім бейнежазба «Қарттар үйі»III бөлім оқушыларға сұрақ.Бақыт дегеніміз не....?Борыш дегеніміз не...?Қатігездік қайдан туындайды?Оқушылар өз ойларын ортаға салады.IV бөлім: «Ата сіз бақыттысыз» слайд



Қорытынды: Адамның өмірі көш, межелі мекенге келгенде ол да тоқтайды. Көрерінен көрі жақын қариялардың аз ғұмырына шыдас бермейтін не жағдай дерсіз, сау адамның ақылы жетпейді. Ата –анасы безе қашқан сәбиді тастанды дейміз, бейкүнә сәбидің қарайтын ата-анасы жоқ деп мүсіркесек, безбүйректің құрбаны болып қартайғанда қараусыз балаларының бағуынсыз қалған қарттарымызды не деп жұбатамыз.? Әрине қарттар үйіндегі жағдай жаман емес, таза төсек, төрт мезгіл тамақ, қала берді құрақ ұшқан медбике, шүйіркелесетін шал-шауқанда бар. Қартайғанда күткен өмір бұл емес қой. Ақ жаулықты, ақ шашты аналарымыз бен данагөй қарияларымызды ардақтайық. Көңілдеріне көлеңке түсірмейік, жүректеріне қаяу салмайық деп ұран салу кімге қаншалықты әсер етеді екен. Тек атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді дегенді есте ұстағайсыз.



































































Тақырыбы:Қанағат, рақым ойлап қой!

(дөңгелек үстел)





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!