жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қанаттылар тіршілігі.
ТАҚЫРЫБЫ: Қанаттылар тіршілігі |
Мектеп/МДҰ:Эстетикалық бағттағы Жаңа ауыл орта мектебі. |
|||
|
||||
Сынып/топ:Балауса ұзақ күндік шағын орталығы. |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау 0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу 0.2.1.1 Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу |
|||
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата біледі, дұрыс дыбыстайды. Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді. |
|||
Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке қатысады. |
||||
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды. |
||||
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: құс - птица - bird Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Шыбын-шіркей, инелік Пікір алмасу сұрақтары: Біздің айналамызды нелер қоршап тұр? Құстардың дене бөліктерін ата. Ұшатын жәндіктердің дене бөліктерін ата. Олардың ортақ белгілері қандай? |
|||
Өткен ҰОҚ алған білім |
Мектепке не үшін барады, онда не істейтінін біледі? |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут |
(Ұ) Педагог өлең оқып береді. Күлімде, күн, күлімде, Жер жасарып, көгерсін. Бұрынғыдай бүгін де Қанат қақсын көгершін. - Өлең не туралы? - Құстар деген нелер? - Құстардың табиғатқа, адамға тигізетін қандай пайдасы бар? - Қандай құстардың түрлерін білесіңдер? - Сендер құстарға қандай қамқорлық көрсете аласыңдар? Педагог «Мақтақыз бен мысық» әңгімесін тыңдауды ұсынады. «Мақтақыз бен мысық бақта қыдырып жүреді. Бақ ішінен құстардың әсем дауыстары естіліп жатады. Кенет мысық торғайдың баласын бас салып, ұстап алады. Дереу Мақтақыз көмекке келіп, торғайдың балапанын құтқарып алады. Үйіне әкеліп торға қойып, жем-суын беріп күтеді. Ал мысықты қуып жібереді. - Балалар, әңгімені әрі қарай өздерің жалғастырыңдаршы. |
|
||
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут |
-Үзілген достықты жалғау үшін мысық не істейді? - Мақтақыз мысықты неге қуып жіберді? - Дәрігер құстың аты қандай? - Ол терекке қалай көмектесті? Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-тапсырма. Мына құстар қандай қазақ ертегісінде кездеседі? Қай ертегіден екенін айтып бер. Жұмбақ шешейік. Тұмсығымен ояды, Ұя салып қояды. Табыңдаршы, балалар, Ол қандай құс болады? (Тоқылдақ) Тіл ұстарту: Ма-ма-ма – құс шоқиды алма, Ме-ме-ме – балам, оған тиме, Ма-ма-ма – қасына да барма, Дай-дай-дай – құстарға сеп бидай. Сергіту сәті: Қазым, қазым, қаңқылда, Көлде жүзіп саңқылда. Жем шашайын, жейсің бе, Кәмпит берші дейсің бе? -Жоқ, жоқ, кәмпит тәтті, болмайды ас. Арпа менен бидай шаш. Педагог: - Балалар, қанаты бар тағы қандай тіршілік иелерін білесіңдер? - Құстар немен қоректенеді? - Қанаты бар масалар, көбелектер, шыбын-шіркейлер, инеліктер жылдың қай мезгілінде өмір сүреді? - Құстар мен жәндіктердің арасында қандай ортақ белгілер бар? Әліппе-дәптермен жұмыс: 2-тапсырма. Көбелек, маса, инелік суреттерін аяқтап сал. 3-тапсырма. Өлеңді жаттап ал. Көк көбелек, көк көбелек, Көздері дөп-дөңгелек. Гүл көрсе, күлімдейді, Қолыма ілінбейді. Көк шөптің арасынан Түр-түсі білінбейді. (Б. Қожабекұлы) |
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер |
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут |
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан көбелекті түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. |
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар |
41

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген