400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қандай әрекет қылмыс деп танылады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Кадыркулова Зауре Адилхановна
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: «Құқық негіздері»

Бөлім: 9.2Е Қылмыс ұғымы

Мектеп: № 103 ЖОББМ

Күні:9.12.19ж

10.12.19ж 12.12.19ж

Мұғалімнің аты-жөні: Кадыркулова З

Сынып: 9 «А,Ә,Б,В,Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қандай әрекет қылмыс деп танылады?

Оқу мақсаты

9.7.2.1 қылмыстың белгілері мен түрлерін ажырату.

Сабақ мақсаты

Қылмыс ұғымы,қылмыс жасау сатылары мен жіктелуін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

1.Қылмыс ұғымына анықтама береді;

2.Қылмыс құрамы мен қылмыс жасау сатыларын түсіндіреді;

3.Қылмыс түрлерін жіктейді;

4.Құқықтық мәселені талдап,шешу жолдарын ұсынады.

Тілдік мақсат

Қылмыс ,қылмыс құрамы,қылмыстың объектісі,қылмыстың субъектісі,қылмыстың объективті жағы, қылмыстың субъективті жағы,қылмыс жасау сатылары.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Оқушылар жазылым және айтылым дағдыларын дамытады.

Қылмыс дегеніміз...

Қылмыстың жасалуы мына сатылардан тұрады:...

Қылмыстың мынадай түрлері бар..../қылмыс былайша жіктеледі...

Мен келісемін(-пеймін),себебі....

Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:....

Құндылықтарды дарыту

  • Тұлға аралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жеке ,жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

  • Жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

  • Оқушы бойында дарытатын құндылықтар:патриотизм,ұлттық сана-сезім,төзімділік.

Басқа пәндермен байланысы

  • Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар интернет-ресурстарын пайдаланады, интербелсенді тақта арқылы қорғалым жүргізу.

Алдыңғы білім

Қылмыстық құқық ұғымын біледі.

Сабақ барысы



Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

2 минут









4 мин











Сабақтың ортасы

5 минут







Сабақтың ортасы

10 мин



















І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;

4 түрлі стикерлер бойынша оқушыларды топтарға бөлу;

1-топ Мемлекет

2-топ Адам

3-топ Қоғам

4-топ Құқық

Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылардан үй тапсырмасын «Интервью»әдісі арқылы пысықтау

1.Қылмыстық құқық дегеніміз не?

1.Қылмыстық кодекс қай жылы қабылданды және неше бөлімнен тұрады?

1.Қылмыс деп тану және қылмыс деп танылмау дегеніміз не?

1.Қылмыстық құқықтың қорғаушылық және реттеушілік міндетін қалай түсінеміз?

Жаңа сабақ.Мағынаны ашу

«Ой қозғау» әдісі арқылы бейнеролик тамашалау.Бейнероликте бейнеленген оқиғалар арқылы жаңа сабақтың тақырыбына ашу.

Мұғалім оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады?

1.Бейнеролик көру арқылы қандай әсер алдыңдар?

2.Өз ойларыңды жеткізіңдер.

Оқушылар түрткі сұрақтар арқылы тақырыпты өздері анықтайды.

2. Жаңа тақырып пен оқу мақсаты таныстырылады.



Оқулықпен жұмыс.

1-топ Қылмыстың белгілері.

2-топ

«Сен-маған,мен-саған»әдісі арқылы тапсырманы орындап,бір-бірін бағалайды.Жұптарға тапсырма беру арқылы жаңа сабақты меңгерту.

1-топ.Қылмыстың анықтамасын жазып, қылмыстың белгілерін анықта

Қылмыс-



1 белгі

2 белгі

3 белгі

4 белгі







Дескриптор :

  • Қылмыс ұғымына анықтама береді;

  • Қылмыстың белгілерін ажыратады

2-топ.Қылмыс құрамы

Қылмыс құрамы

Анықтамасы










Дескриптор:

  • Қылмыс құрамын анықтайды;

  • Қылмыс құрамын ажыратады;


3-топ.Қылмыс және оның түрлері

Атауы

Анықтамасы














Дескриптор :

  • Қылмыс түрлерін анықтап, жіктейді;


4-топ.Айып түрлері

Түрлері

Анықтамасы









Дескриптор :

  • Қылмыс жасау түрлерін анықтайды;

  • Қылмыстың түрлеріне түсінік береді;














Топтық жұмыс


10 мин






























































7 мин




















Сабақтың соңы

2 мин
















































Топтық тапсырма «Ашық хат»әдісі арқылы топтарға мәтін ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқып, талдайды, талқылайды.

1-топ.Көлік жүргізіп келе жатқан азамат Г.жол жүру жылдамдығын рұқсат етілген жылдамдықтан асырып қарсы жолға шыға берісте қарсы келе жатқан көлікпен үлкен жылдамдықта соқтығысады.Нәтижесінде көлік жүргізуші қайтыс болады.Қарсы келе жатқан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр дене жарақатын алды.

Дискриптор

1.Қылмыс субъектісі анықтайды

2.Қылмыс объектісі анықтайды

3.Қылмыстың түрі талдайды

4.Көліктің жылдамдығына сипаттамабереді



2-топ.Ауылында қысқы демалыс кезінде 9-сынып оқушысын сыныптастары соққыға жығып,жазым қылды.Ауылда өтіп жатқан «Көңілді тапқыштар клубы»

сайысына кеткен 9-сынып оқушысы Медет Жасымбай сол күні үйіне қайтып оралмады.Отбасына суық хабарды жасөспірімнің сыныптастары жеткізген.Әзіл кешінен кейін Медетті үш құрдасымен бірге 11-сыныпта оқитын топ оқушы мектеп маңындағы ескі ғимаратқа шақырып алып, «ақша әкелмедіңдер» деп соққыға жыққан.

Куәгерлердің айтуынша,Медет сол жерде- ақ жан тапсырыпты.


  • Медеттің өліміне себепші болған балаларды қандай жаза күтіп тұр?

  • Қатаң режимдегі түрмені қалай түсінуге болады?

  • Егер бір оқушы марқұм Медет секілді жоғары сынып оқушыларынан әлімжеттік көрсе,шағымын қайда барып айтқаны дұрыс?

  • Жалпы әлімжеттіліктен қалай құтылуға болады?

3-топ. Достар бірігіп табиғатқа дем алуға шығады.А деген азамат озімен бірге тапанша алып шығады.Ойын кезінде В деген азамат тапаншаны алып,С деген азаматқа кезейді.Бірақ Адеген азамат оның қолын бұрып қалғанда оқ Д деген азаматқа тиеді.

Дискриптор

  • Қылмыс субъектісін анықтайды

  • Қылмыстың субъективті жағын анықтайды

  • Қылмыс объектісін табады

  • Қылмыстың объективті жағын талдайды

4-топ.Ақтау қаласының тұрғыны Жаңбырбаев отырыстан кейін өзінің мас күйіне қарамай, көлігін айдап шығуға бел буды. Мас күйінде көлік айдамауын өтінген Қозыбаевты «Бір көше ғана жүреміз, ештеңе болмайды», – деп сендіріп, көлігіне отырғызып алады. Осылайша, көшенің қиылысына жете бергенде ауыр жол көлік оқиғасына түседі. (1-суретте көрсетілген) Жаңбырбаев жеңіл жарақат алғанымен, Қозыбаев ауыр жарақат алады.


  • Қылмыс субъектісі анықтайды

  • Қылмыстың субъективті жағын анықтайды

  • Қылмыс объектісін табады

  • Қылмыстың объективті жағын талдайды


Жеке жұмыс.


Термин сөзбен жұмыс

1

Қылмыс

А

Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.

2

Қылмыстарды жіктеу

Ә

адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.

3

 Қылмыс субъектісі 

Б

бұл зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы. мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.

4

 Қылмыс объектісі

В

 белгілі бір жаса толған есі дұрыс өз әрекетін бағалай алатын қабілеті бар адам.

5

 Қылмыстың объективтік жағы

Г

қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесіне қарай топтарға бөлу

6

  Қылмыстың субъективтік жағы

Ж

бұл қоғамға қауіпті әрекет.


Жауаптар

1

2


3


4

5


6


7











Дискриптор


-қылмыстың құрамын сәкестендіреді






Кері байланыс

топтарға жағдаяттар жазылған тапсырмалар таратылады.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні негізінде, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өз ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Оқушылардың түсінгендігін анықтау үшін келесі сабақта оқушыларға сұрақ қою қажет.

Тәжірибе жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. Сабақта АКТ қолдану.

Қазақ әдебиеті, география, дүние жүзі тарихы, өнер

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).



Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі