400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Қандай жануарларды білесің?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілер ашық сабақ ретінде өтуіне болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қандай жануарларды білесің?»

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып тыңдауға үйрету. Үй жануарларының бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру,ойын, көрсету, сәйкестендіру

Көрнекіліктер: жануарлардың суреттері

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық –қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар сабақты бастамас бұрын бәріміз шаттық шеңберіне тұрып жермен, күнмен, достарымызбен амандасып алайық!

Шаттық шеңбері
Амансың ба Алтын күн?
Амансың ба Жер ана ?
Амансың ба достарым?
Сендерді көрсем қуанам!

«Тілек шоғы»

-Балалар, біз таңертең ерте тұрғанда терезеден нені көреміз?

Күнді көргенде қуанасыңдар ма?

Күн бізге не береді?

Олай болса бәріміз бір біріміздің қолымыздан ұстап, жылы – жылы тілектерімізді арнайық.

«Серпілген сауал» әдісі

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінде неше ай бар?

-Олар қалай аталады?

-Қазір бізде қай ай болып жатыр?

-Бүгінгі ауарайы қалай болып тұр?

Балалардың көңіл күйін сұрап орындарына отыруды ұсыну.

Қане, қане тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Қоян болып секіріп,

Орнымызды табайық.


Балалар өлең жолдарын қайталап айтады.







Күнді

Иә

Жылу,жарық.

Бір – біріне жылы тілектерін айтады.



Күз

Үш ай бар

Қыркүйек,қазан,қараша

Қараша

Ауарайыны бақылап айтады.




Ұйымдастырушылық-ізденістік




Жаңа тақырып:

Жұмбақтар шешу.

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.


Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу.

-Балалар, сендер тағыда қандай жануарларды білесіңдер?

Тақырыпты хабарлау.

Бүгінгі тақырыбымыз жануарлар туралы.

Жануарлар екіге бөлінеді: Үй жануарлары және жабайы жануарлар.

Үй жануарлары деп адам күтіп-баптайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.

Жабайы аңдар - табиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып, тіршілік ететін жануарлар. Жабайы жануарлардың түрлері өте көп. (жануарларды көрсете отырып,олардың төлдерімен көрнекілік арқылы таныстырып түсіндіру)

Әліппе-дәптермен жұмыс. (ж. ж)

1-тапсырма. Жануарларды төлдермен сәйкестендіреді.

(2-тапсырма) Ең жылдам жүгіретін, ең жай жүретін, ең биік және ең кішкентай жануарды атау.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып- ытқып жүгірді.

Қарабеді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Постер қорғау (т.ж)

 «Суреттен жабайы және үй жануарларын ажыратып жапсыру» .

Балалар жұмбақтарды шешеді.











Балалар тапсырманы орындайды.







Сергіту сәтін орындайды.










«Бас бармақ» әдісімен бағалайды.

Рефлексиялық-түзетушілік.


Ой қозғау



Бекіту







Рефлексивті бағалау.


«Кубизім» әдісі

«КУБИК» ОЙЫНЫ.

Әрбір жануар түскенде:

-        Немен қоректенеді?

-        Қысқы баспанасы не?

- Қалай тіршілік етеді?

-Жануарлар нешеге бөлінеді?

-Қандай жануарлармен таныстық?

-Жануарлардың төлдерін атап беріңдерші?

-Үй жануарларының бізге тигізер қандай пайдасы бар?

Медальмен мадақтау.

Балаларға бой өлшегішті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасау:

Қызыл түс– ештеңе түсінбедім.

Сары түс – түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын.

Жасыл түс – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

«Отшашу» әдісімен

бір – бірін бағалайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді?



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
685
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі