жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қандай кәсіби мерекелер бар?
Күні: 27.11.2019 |
Мектеп: «№4 ЖОББМ» КММ |
||
Сынып: 4«а» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Пән: Дүниетану |
Мұғалімнің аты-жөні: Қабдығалымова Айдана |
||
Сабақтың тақырыбы: |
Қандай кәсіби мерекелер бар? |
||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: |
4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру |
||
Бағалау крийтерилері: |
Барлық оқушылар: Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін, шығармашылық түрлерін ажыратады. Көптеген оқушылар: Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелері, шығармашылық түрлерін талқылайды, жазады. Кейбір оқушылар: Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелері, шығармашылық түрлері бойынша зерттейді, буклет жасайды, фотогалерея ұйымдастырады. |
||
Тілдік мақсаттар: |
|
||
Құндылықтарды дарыту: |
|
||
Пән аралық байланыстар: |
|
||
Бастапқы білім: |
|
||
Сабақ барысы: |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: |
Сабақтағы жоспарлаған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы:
|
I.Ұйымдастыру кезеңі Амандасу Түгендеу Психологиялық ахуал. Құрылысшы, мұғалім мен дәрігер, Үй салар, бала оқытар, адам емдер. Адамның қажетіне жарап жүрген, Мамандық иелері — нағыз ерлер. Үй жұмысын оқушылардың аттары жазылған қағазды таңдау арқылы сұрау |
|
|
Сабақтың Ортасы
3 мин
10 мин
3 мин
5 мин
|
II. Жаңа сабақ. Тақырыпты ашу мақсатында ребус шешкізу (Мерекелер) -Балалар мереке дегеніміз не? -Ал қандай мерекелердің түрлері бар? -Дұрыс балалар бізде мемлекеттік мерекелер, халықаралық мерекелер және кәсіптік мерекелер бар. -Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер? -Ал халықаралық қандай мерекелер түрлерін білесіңдер? -Ал кәсіптік мерекелер ше? -Жарайсыңдар! -Балалар бүгінгі біздің сабағымыз кәсіптік мерекелерге арналған. -Балалар біз мерекелерді өте жақсы көреміз. Бізге мереке күндерінде демалыс береді. Мерекелер келгенде біз оған дайындаламыз шашымызды жөнге келтіреміз, киім дайындаймыз, мерекелік ас дайындаймыз. Қонақтарды, туған- туыстарды, достарымызды, таныстарымызды қонаққа шақырамыз. -Халық мерекелерге 22 наурыз, 8 науырыз, Тәуелсіздік күні және басқалары. Ал сонымен бірге кәсіптік мерекелер бар. Жыл сайын әр түрлі мамандық иелері- дәрігерлер, мұғалімдер, полиция, шахтерлер және т.б өз мерекелерін тойлайды. Дәптермен жұмыс. Кәсіби мерекелердің аталып өтетін күнін жазу
Алатаяқ ұстаған, Жол тәртiбiн нұсқаған. Өмiрiңдi күзеткен, Ысқырығы күштi адам. (Полиция қызметкері) мерекесі: 26 мауысымда
Маңдайға жағып шырақты, Лавалардан тұрақты. Ағызып отын өзенін, Жылытқан кім өз елін? (Шахтер) Мерекесі: 26 тамызда
Бiлiмнiң дәнiн тередi, Балаға тәлiм бередi. (Ұстаз) Мерекесі: қазанның бірінші жексенбісі
Сырқатыңа ем табар, Қорқады бірақ балалар. Ақ халатты абзал жан, Қай мамандық, кім табар? (Дәрігер) Мерекесі: 17 мауысымда
Көк әлемін шарлайды, Бар ғаламды барлайды. Құс емес қой ол бірақ, Қанаты оның талмайды. (ғарышкер) Мерекесі:12 сәуірде.
Қалпағы ақ қарасаң, Дәрiгер емес, бiрақ ол. Дәм мәзiрiн қаласаң, Алға ұсынып тұрады ол. (Аспазшы) Мерекесі: 20 қазан
Сергіту сәті (Джунглидегі жаңбыр)
-Балалар қазір мен сендерді алты топқа бөлемін. 1-топ — мұғалімдер 2-топ — дәрігерлер 3-топ — шахтёрлер 4-топ - аспазшылар. 5-топ- ғарышкерлер. 6-топ- полиция болады. -Балалар әр топ өз мамандықтарының маңызын, кәсіптік мерекелерінің қашан және қалай өткізілетінін ортаға шығып баяндап береді.
-Балалар енді кітаптағы 132 бетін ашып, «Кәсіптік мерекелер» мәтінді бір рет оқып шығамыз. -Енді тізбектеп оқиық. -Қанеки енді осы мәтінге байланысты сұрақтарды оқиды және оған жауап берейік. — Мереке күндері түрлі мамандық иелеріне қандай сыйлық, атақтар табыс етіледі? — Жиын-терін мерекесі қалай өткізіледі? Оны неліктен «Сабантой» деп атайды? — Кәсіптік мерекелер кім үшін өткізіледі?
Дәптермен жұмыс «менің болашақ мамандығым» эссе жазу -Балалар сендер өз мамандықтарының маңызын, кәсіптік мерекелерінің қашан және қалай өткізілетінін туралы жазуыныз керек. (балалар жазған соң 5 баланы оқытамын)
Үй жұмысы: 132бет «Кәсіптік мерекелер» мәтінін оқу |
|
|
Сабақтың соңы: |
Кері байланыс: Почта жәшігі |
|
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК
Бекітемін______________
Әдіскер: Музапарова Д.Б
Келісемін_____________
Сынып жетешісі:
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Қандай кәсіптік мерекелер бар?
Өтетін орны: «№4 ЖОББМ» КММ
Сыныбы: 4 «а»
Мерзімі: 27.11.19
Тобы:32
Машықкер: Қабдығалымова А.Б.
Бағасы:
Семей 2019 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген