400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қандай кәсіби мерекелер бар?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

      Дүниетану 13 сабақ


Бөлім

Мамандықтар әлемі

Педагогтің аты-жөні

Қауымбай Гүлназ

Күні:


Сынып:4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қандай кәсіби мерекелер бар?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру

Сабақтың мақсаты

Кәсіби мерекелердің маңыздылығын түсінеді.


Құндылықтарды тәрбиелеу

Білім, тұлға, өмір

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтыңбасы 2мин








I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңберіне балаларды тұрғызып бүгінгі күндеріне сәттілік тілету.


Мұғаліммен сәлемдеседі.


ҚБ бағалау



5 мин

Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен сабақта тарихи –өлкетану мұражайы туралы сөз еткен болатынбыз. Өздерің барған мұражайға қатысты жазған әңгімелеріңді оқып беріңдер.

Мұражайдан көрген білгендерін жазып, оқып береді.

Смайлик арқылы бағалау




Дәптер

Сабақтың ортасы

2 мин


Жаңа сабаққа көшу:

Интербелсенді тақтадан шашыраңқы буындардан «КӘСІБИ МЕРЕКЕ» деген сөзді құрап шығару.


Жарайсыңдар балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Кәсіби мерекелерге» байланысты болады.


Шашыраңқы буындарды құрап, сабақтың тақырыбын табады.

ҚБ: «Мадақтау»арқылы бағалау.

Жарайсыңдар!


Интерактивті тақта








5мин

Ойқозғау.

Бейнеролик көру

https://youtu.be/_WZ8VpXH7aI?si=eXG5PDnqvlaA2AZM


1.Бұл бейнероликте не жайлы айтылған?

2. Мереке дегеніміз не?

3. Кәсіби мерекелер туралы не білесіңдер?

Түсіндірме жұмысы: Мереке — мемлекеттік не халықаралық органдар белгілеген, үздік оқиғаларға, дәстүрлі даталарға, белгілі бір мамандық қызметкерлеріне құрмет көрсетуге, жүртшылықты қандай да бір мақсатқа жетуге жұмылдыруға арналған күн.

Кәсіби мереке – күнтізбедегі белгілі бір кәсіпке байланысты аталып өтетін

мереке.


Мамандық –белгілі бір кәсіби дағдыларды меңгерген арнаулы дайындығы, білімі бар адам.


Кәсіби мерекелер Кеңес Одағы кезінде пайда болған. Мысылы: Ұстаздардың кәсіби мерекесі 1965жылдан бері мерекеленеді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болған мерекелерда бар. Қазақстанда кәсіби мерекелер ресми түреде демалыс күндері болып саналмайды. Мемлекттік және ұлттық мереке күндері ресми түрде демалыс болып саналады.


Бейнеролик көреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Өз ойларын айтады

Мақтау, мадақтау сөздер


Интерактивті тақта




5 мин

1- тапсырма. Топтық жұмыс. Суреттерге қараңдар. Мерекені қандай кәсіп иелері атап өтетінін анықтаңдар. Кәсіптік мерекенің қай күні атап өтілетінін және шығу тарихын қысқаша айтып беріңдер.


Әр топ 3 мамандық иесінің суреттерін алып, кәсіптік мереке жөнінде ақпарат жинап, айтып береді.






«Жарқылдатқыш» арқылы бағалау











5 мин

2- тапсырма. Топтық жұмыс.

Мемлекеттік және кәсіби мерекелерді салыстырыңдар.


Мерекені өткізудің мақсаты не?

Бұл мерекені кімдер атап өтеді?

Бұл мереке ресми болып саналама?

Мемлекеттік мерекелер




Кәсіби мерекелер





Мереке түрлерін салыстырып, кестені толтырады.

Кесте

2 мин


Сергіту сәті

«Нейро жаттығулар»

Қол және көз жаттығулары


Алдарына берген парақтағы қол жаттығуларын жұптасып жасайды.

Мұғалім көрсеткен көз жаттығуларын қайталайды.

Ауызша мадақтау:

«Жарайсыңдар!»






5 мин

3-тапсырма.

Балалар қазір қандай ай?

Желтоқсан айында қандай кәсіби мерекелер бар екенін анықтаймыз.




Желтоқсан айындағы кәсіби мерекелерді анықтайды.


1.Прокурор күні - 6 желтоқсан.

2.Энергетика күні-18 желтоқсан.

3.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні – 20 желтоқсан.

4.Мұрағатшы күні – 22 желтоқсан.


Күнтізбе, ғаламтор

3мин

4-тапсырма. Топтық жұмыс

Кластер құру



Топпен жұмыс жасайды.

Кәсіби мерекелер не үшін қажет екеніне кластер құрады.

Топтар бір-бірімен кластерлерін алмасу арқылы білімдерімен бөліседі.

Топтар бір-бірімен кластерлерін алмасу арқылы бір бірін «Термомет» тәсілімен бағалайды

3 мин

Сабақты бекіту

«Ақиқат немесе жалған» әдісі

Сұрақтарға ақиқат немесе жалған тетікшесін басу арқылы жауап береді.



https://learningapps.org/watch?v=pdz1347b523

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс:

«Пікірім бар» Оқушылар берілген сөйлемдердің біреуін таңдап,оны әрі қарай жалғастырып аяқтайды:

  • Мен білдім.....

  • Маған ұнағаны....

  • Менің ойымша......

  • Мені таңқалдырғаны..

  • Келесіде мен ..... жасағым келеді.

  • Менің қолымнан келеді..

Үй жұмысы: Сауалнама жүргіз:


  1. Сенің ата-анаң қандай кәсіби мерекелерді атап өтетінін сұрап біл.

  2. Олар қайда жұмыс істейді?

  3. Олардың кәсіптері қандай?

  4. Олар өздерінің жұмысын жақсы көре ме?

  5. Қандай кәсіп ерекше қызықты?


Оқушылар берілген сөйлемнің біреуін таңдап, жалғастырады.

Стикер

Дифференциалау/саралау

Бағалау

Қауіпсіздік ережесі

4-тапсырманы белгілі бір уақыт шеңберінде қарқынмен орындайды; қолдау көрсетемін.


ҚБ:МадақтауФБ:

Жарқылдатқыш,Термометр,

  • Техникалық қауіпсіздікке: мұғалімнің рұқсатынсыз интерактивті тақталарға, компьютерге жақындамау.

  • Оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастығы, достық көмек беруі.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
605
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі