Қандай көлік түрлері бар?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қандай көлік түрлері бар?

Материал туралы қысқаша түсінік
көлік түрлерін ажырату
Материалдың қысқаша нұсқасы




Күні: 11.12.17

Темешбаева Р.Е.

Сабақтың тақырыбы

Қандай көлік түрлері бар?

Бағдарламаның бөліміне сілтеме

Менің туған өлкем

Жалпы мақсаты

2.1.4.3. Көліктің түрлерін ажырату және олардың қолданыстағы маңызын білу

2.1.4.4. Қоғамдық көлікте жүріп-тұрудың ережелерін білу

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:

«Көлік» түсінігінің мағынасын түсіндіреді;

көлік құралдарын түріне қарай жіктеуді үйренеді;

оқулық мәтінінен, суреттерден және видеокөріністерден жаңа ақпаратты саралайды;

қарым-қатынас дағдыларын дамыта отырып, жұптасып және топ ішінде жұмыс істеуде бір-бірімен қарым-қатынас орнатуды үйренеді;

қоғамдық көлікте жүріс-тұрыс ережелерін біледі;

сабақта өздерінің сыныптастарының жетістіктерін біледі;

көліктің даму тарихына қызығушылықты дамытады.

Жетістік өлшемдері

Оқушы мақсатқа қол жеткізеді, егер де:

көрнекі құралдар, оқулықтың мәтіні және оқушы дәптердің негізінде көлік жайлы әңгімелесе;

бұрынғы және қазіргі кездегі көліктің түрлерін салыстыра алса және олардың айырмашылықтарын бөліп ажыратса;

сабақта жұптасып және фронталды жұмысқа белсенді қатысса және ой-пікірін білдірсе.

Оқушы оқытудың мақсатына жетуге тырысады, егер:

«көлік» ұғымын түсіндірсе және олардың түрлерін ажыратса;

көлік түрлерін сипаттаса;

сабақта жұптасып және топтасып жұмыс істесе.

Оқытудың әдістері мен тәсілдері

«Жорамал ағашы», «Иә-жоқ», «Бағдаршам» тәсілдері; жұптасып және топтасып жұмыс істеу, плакаттар сайысы, мәселені шешу

Құндылықтарға баулу

Жол ережесі қауіпсіздігін сақтау.

Көрнекі құралдар

Мұғалімге: интерактивті тақта, тақтада (немесе плакатта) ағаштың суреті, ватман, маркерлер.

Оқушыға: оқулық, жұмыс дәптері, түсті қарындаштар, жасыл, сары және қызыл түсті дөңгелек қағаздар.


Сабақтың барысы

Уақыт


Сабақтың

өту

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


1 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жұртты құрметпен,

Бас иеміз біз

Оқушылар мұғалімді сәлемдесіп, қарсы алады.


3 мин

Сабақтың мақсатын қою кезеңі

Мұғалім:

Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында қаны жоқ.

Май жейді,

Су ішеді.

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көлік қандай болады?»

Бүгінгі сабағымызда біз не туралы білеміз, қалай ойлайсыңдар? («Жорамал ағаш» әдісі).

Тақтада – ағаштың суреті көрсетілген, оның діңінде сабақтың тақырыбы жазылған: «Көлік».

Оқушылардың жауабы:

Көлік.








Оқушылардың болжам-


10 мин

Жаңа білімдерді меңгеру кезеңі


Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Ертеде адамдар бар ауыр жүкті өздері арқаларына салып баратын жерлеріне жаяу барған. Содан адамдар көлік ретінде ең алғаш үй жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат,түйені көлік қылып мінсе,үндістер пілді,ал кейбір шығыс халқы есек,бұқаларды көлік қылған екен. Содан кейін адамдар ең алғаш көлікті ойлап тапқан оған күйме-онымен адамдар баратын жерлеріне барған,ат арба онымен адамдар шөп,ауыр жүк тасыған. Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.

Қазір көліктердің түрлері өте көп оларды бірнеше топқа бөлуге болады мысалы:суда жүзетін,жерде жүретін,әуеде ұшатын және жер асты көліктері.

Оқулықты ашыңдар.

Мұғалім «Көліктің түрлері» сызбасын оқушылармен бірге талдайды және төмендегідей сұрақтар қояды:

Әуе көлігі қандай болады? Мысалдар келтіріңдер. Әуеде ұшатын көлік түрлеріне:

Ұшақ,тік ұшақ,зымыран.


Жерүсті көлігі қандай болады? Мысалдар келтіріңдер. Жерде жүретін көліктерге:

Жеңіл көлік,велосипед, пойыз,

автобус,троллейбус, жүк көлігі.

Жер үсті көлігінің түрлері:

1. жолаушы
2. жүк тасымал

Су көлігі дегеніміз қандай көлік түрі? Мысалдар келтіріңдер. Суда жүзетін көлік  түрлеріне:

Кеме,қайық жатады.

Жер  асты көліктеріне: метро.

3. арнаулы: жедел жәрдем, өрт сөндіру, МАИ көлігі, т. б.

Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырманы орындаймыз: көлік атауының қасындағы дөңгелек шеңберлерді түрлі түстерге бояп, көлік түрлерін үш топқа бөл.

Оқулықтан өткен және қазіргі кездегі көлік туралы мәтінді оқимыз. Жұптасып жұмысты орындай отырып, мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңдер.

Сергіту жаттығулары:


Жол ережесі:: Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба,ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні, жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын  «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін, заңын бұзбайды

























Оқушылар оқулық мәтінін оқып, «Көлік түрлері» сызбасын қарастырады.

Әуеде қозғалатын ұшақ, тікұшақ және т.б. көлік түрлері.

Жер бетімен қозғалатын автобус, автокөлік, пойызды және т.б. айтамыз.

Суда қозғалатын көлік түрлерін айтамыз: кеме, қайық т.б.

Оқушылар жұмыс дәптеріндегі

1-тапсырманы орындайды.

Оқушылар өткен және қазіргі кезеңнің көлігін салыстырады және айырмашылықтарын ажыратады. Біздің заманымызда бұл көлік түрлерін пайдаланудың мысалдарын келтіреді.












Оқушылар келесідей әрекеттер жасайды:

  • парталарынан тұрып;

  • оң жаққа қарай қозғалып тұрады;

  • сол жаққа қарай қозғалып тұрады; артқа қозғалады;

алдыға бір қадам аттайды;

бастарын ары-бері қозғалтады.


8 мин








Жаңа тақырыпты түсінуді тексеру кезеңі

Мұғалім:

Қоғамдық көліктің кеңінен тараған түрлерінің бірі – автобус.

Автобуста жүріп-тұру ережелерін дайындаңдар.

  1. Шағын көрініс көрсету.

Ескертпені қолданыңдар:

Автобусқа қалай кіру керек?

Автобуста өзіңді қалай ұстау керек?

Автобустан қалай шығу керек?

Оқушылар топта жұмысты орындай отырып, автобуста жүріп-тұру ережелерін құрайды.


Жұмысты орындауға берілген уақыт біткен соң топтар өздерінің құрастырған ережелерімен сыныпты таныстырады.

10 мин

Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Топтық жұмыстар:

1-топ:Венн диаграммасы:

Су және әуе көлігі.

2-топ: Постер қорғау. Плакатқа жер үсті көлігін жапсыру.

3-Топ: Апплекациямен жұмыс.Бір көоліктің бейнесін жасап, жапсыру.


І топ. Жүргізуші автобус айдайды. Аялдамаға тоқтағанда әже отырады.

Бала оған орын бермейді. Сенің айтар ақылың........

 ІІ. Топ. Жол үстінде бір топ балалар футбол ойнап жатыр. Сен автобус жүргізушісің, сенің балаларға айтар ақылың......


Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды..


7 мин

Рефлексия

(ой қорыту)

қорытынды шығару

1-нұсқа – мәселені шешу.

1) Егер де сен анаңмен автобусқа кіріп, досыңды көрсең, қандай әрекетке көшесің және не айтасың?

2) Сен автобуста отырсың. Аялдамадан жасы келген егде адам кірді. Сенің әрекетің?

3) Сен апаң екеуің троллейбусқа кірдіңдер. Бос орын тек біреу ғана. Сенің әрекетің?

4) Автобус ішінде досың екеуің қатты күліп, сөйлестіңдер. Жолаушылардың біреуі сендерге ескерту жасады. Сенің әрекетің?

5) Саған билет алуға ақшаңды беруің керек, жолаушыларға қалай жүгінесің?


2-нұсқа – «иә-жоқ» ойыны.

1. Жерүсті, су, жолаушылар көлігі болады.

2. Катер, қайық, кеме өзен көлігіне жатады.

3. Бір қаладан екінші қалаға тез жету үшін біз әуе көлігін пайдаланамыз.

4. Жылқы малы – өткеннің көлігі.

5. Көлікте мүгедек және егде адамдарға, кішкентай балаларға орын ұсыну керек.

ҚБ парақшалары

Оқушылардың жауаптары:

Ақырын ғана досыммен сәлемдесемін;

орнымды егде адамға ұсынамын;


апамды бос орынға отырғызамын;

«өтінемін, кешіріңіздер» деп айтып, досыммен әңгімемді ақырын жалғастырамын

«Өтінемін, ақшаны билет алуға беріп жіберіңізші», – деп айтамын.

Оқушылардың жауаптары:

1. Жоқ (жолаушылар болмайды, әуе көлігі болады).

2. Жоқ (су көлігіне жатады).

3. Иә .

4. Жоқ (қазіргінің де көлігі).


5. Иә.


1 мин

Үй тапсырмасы

«Оқушының дәптеріндегі» 2–3-тапсырма.

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.



Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Ақылды үкі:Оқушылар ақылды үкі парақшасына кір қыстырғышын жапсырады.Жақсы түсіндім десе 1-ші үкіге, әлі де толық түсінбесе екінші үкіге, ештеңе түсінбеген болса ең төменгі үкіге қыстырады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
952
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі