400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Қандай мерекелерді білесің?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелер туралы не білесің?
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: М.Әуезов орта мектебі

Сабақ тақырыбы: Қандай кәсіби мерекелер бар?


Күні:9.12

Пәні: Дүниетану

Мұғалімнің есімі:Н. Нұрланқызы


Сынып:4

Қатысқандар саны:23

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


4.1.6.1 – зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің

тарихын шығармашылық түрде таныстыру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

«кəсіп», «мамандық», «кəсіби мереке» түсініктерінің мағынасын түсіндіреді; ауыл, қала тұрғындары айналысатын кəсіп түрлерін атайды.

Көптеген оқушылар:

кəсіби мерекелердің тойлану себептерін атайды; мемлекеттік жəне кəсіби мерекелерді бір-бірімен салыстырады

Кейбір оқушылар:

кəсіби мерекелердің тарихын зерттейді;

кəсіби мерекенің біріне арнап құттықтау ашықхатын жасайды.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


• кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстырады;

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстырады;

Терминология:

Мамандық, кəсіби мереке сөздерінің анықтамасына мəн беру. Түсіндірме сөздік.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Кəсіби мерекелердің күнтізбесі. Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күні. Мəдениет жəне өнер қызметкерлерінің күні, көлік қызметкерлері күні жəне т.б.

Диалогке/жазылымға қажетті сөйлемдер:

Кəсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды.

Барлық мамандық құрметке лайық.

Талқыланатын сұрақтар:

құрылысшы күні, геолог күні, мұғалім күні, медицина қызметкері күні секілді кəсіби мерекелердің шығу тарихы қандай?

адамдар өз мамандығына қатысты мерекелерді неліктен жақсы көреді?

неліктен мұғалімнің еңбегіне үлкен құрметпен қарайды?

Жазылым.

Оқушы дəптеріне оқушылар мамандықтарды шығу тарихына қарай әр қатарға жазу

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Оқушылар өз міндеттерін, топтық спорт түрлерін, бір немесе басқа спорт түрлерімен айналысуға арналған деректерді мысалдар негізінде дәлелдеп бере алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы


Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Сәлемдесу!

Мұғалім: -Сәлеметсіңдер ме, балалар.Сабағымызды жақсы тілектермен бастағым келеді.Деніміз сау болсын,еліміз тыныш болсын,әлемде жақсылық көп болсын!

Әр топ келесі топқа жақсы тілектерін жеткізеді.

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

-Өткен сабақта тарихи –өлкетану мұражайы туралы сөз еткен болатынбыз. Өздерің барған мұражайға қатысты жазған әңгімелеріңді оқып беріңдер.

ҚБ: «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалау




Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

(Ж, Ұ) Жұмбақты тап.

– Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ, қалай ойлайсыңдар?

Компьютер тілін біледі, Жəрдемге əрдайым келеді. Тазартты файлды вирустан, Бізге де керегі сол еді.

Сұраныс көп түсетін,

Мамандықтың ол иесі. (Бағдарламашы)


Білімнің дəнін тереді,

Балаға тəлім береді. (Мұғалім)


Өрнектеп, сəндеп, Тігістерін бүгетін. Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігетін? (Тігінші)

-Балалар сонымен бүгінгі сабағымыз не жайында деп ойлайсыңдар?

– Дұрыс айтасыңдар, біз мамандық, кəсіп жайында сөз ететін боламыз.

-Қандай мереке күндерін білесіңдер?

Біз барлығымыз мереке күндерін жақсы көреміз. Жалпы «мереке» деген сөзді қалай түсінеміз?

Иə, мереке дегеніміз – қандай да бір оқиғаның құрметіне, естелігіне арналған мейрам күні. Белгілі бір салада қызмет етіп жүрген адамдардың құрметіне арналған кəсіби мерекелер ерекше орынға ие.

Əр кəсіптің маңызы бар

өзіндік,

Талай еңбек жатыр онда көп жылдық.

Бүгінде сен оқушысың жас талап

Ертең шығар сенен мықты жас түлек.

Мамандықтың тізгінін сен ұстарсың,

Кəсібіңнің биігіне шығарсың,

Салаңа қосқан үлесің арта түсіп,

Қызметіңде құрметке ие боларсың.

Елімізде кəсіби мерекелерді көптеген мамандық иелері атап өтеді. Геологтар күні, құрылысшылар күні, кеншілер күні, мəшине жасаушылар күні, металлургтер күні, мұғалімдер күні, медициналық қызметкерлер күні жəне тағы басқа мерекелер күнтізбеде кездейсоқ пайда болған жоқ. Мемлекетіміз осы сала қызметкерлерінің еңбегін ерекше бағалайды деген сөз. Қазақстандағы кәсіби мерекелер ресми түрде демалыс күндері болып саналмайды.

-Кәсіби мерекелер не үшін қажет? Слайдтан оқып,оқушы өзінің пікірін қосу

Мақсатты тұжырымдау.

Сабақтың тақырыбы жайында не білесіңдер? Нені білгілерің келеді?

Бүгінгі сабақта зерттеулер жүргіземіз, соның негізінде кəсіби мерекелердің шығу тарихын шығармашылық түрде көрсететін боламыз.







Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары






Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.































Слайд көрсету

Ортасы


Оқушылар топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды.

1-топ.

Күнтізбеде қанша кəсіби мерекелер бар екенін санаңдар. Маусым айында қандай кəсіби мерекелер атап өтіледі?Бір кәсіби мерекенің шығу тарихы жайлы баяндайды.Геолог күні – сəуірдің бірінші жексенбісі

Ғылым қызметкерлері күні – 12 сəуір Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр

Мəдениет жəне өнер қызметкерлерінің күні – 21 мамыр Саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр

Химия өнеркəсібі қызметкерлерінің күні – мамырдың соңғы жексенбісі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері күні – 4 маусым

Эколог күні – 5 маусым

Қаржы полициясы күні – 6 маусым

Полиция күні – 23 маусым

Жеңіл өнеркəсіп қызметкерлерінің күні – маусымның екінші жексенбісі

Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі

Байланыс жəне ақпарат қызметкерлерінің күні – 28

маусым

Дипломатиялық қызмет күні – 2 шілде

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні – 13 шілде

Металлург күні – шілденің үшінші жексенбісі

Көлік қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі Құрылысшы күні – тамыздың екінші жексенбісі

Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі Шахтер күні – тамыздың соңғы жексенбісі Білім күні – 1 қыркүйек

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі

Қазақстан халқы тілдерінің күні – қыркүйектің үшінші жексенбісі

Атом саласының қызметкерлерінің күні – 28 қыркүйек Əділет органдары қызметкерлерінің күні – 30 қыркүйек Мəшине жасаушы күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі Мұғалім күні – қазанның бірінші жексенбісі Құтқарушы күні – 19 қазан

Əлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні –

қазанның соңғы жексенбісі Статистика күні – 8 қараша

Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кəсіптік мерекесі – 15 қараша

Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күні – қарашаның үшінші жексенбісі

Прокуратура күні – 6 желтоқсан

Кеден органдары қызметкерлерінің күні – 12 желтоқсан Энергетик күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі.

Дискрипторы:

- Күнтізбеде қанша кəсіби мерекелер бар екенін санайды

-Маусым айындағы мерекелерді атайды.

- Бір кәсіби мерекенің шығу тарихын баяндайды..

ҚБ: Смайликтер арқылы


2-топ. Сендердің ата-аналарың қандай кəсіби мерекелерді атап өтеді? Ол кəсіптің қоғамға беретін пайдасы туралы айтып беріңдер. Оларды күнтізбеден тауып, осы мерекелердің бірі жайында баяндаңдар.

Дискрипторы:

- Мерекелердің қоғамға беретін пайдасы жайлы баяндайды.

ҚБ: Қол шапалақ арқылы

3-топ

Кəсіби мерекенің біріне арнап, құттықтау ашықхатын жасаңдар. Ашықхаттың мəтініне сол кəсіп иелерінің қоғамға қандай пайда əкеліп жатқанын жазыңдар.

Дескрипторы:

-Кәсіби мерекеге арнап ашықхат жасайды.

-Мәтінге кәсіп иелерінің қоғамға қандай пайда әкеліп жатқанын жазады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы






































Тапсырманы

орындаған оқушыны мадаққтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату










Түрлі түсті

суреттері бар

журнал

дар,флипчарт, желім


Аяқталуы


Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптерімізді ашып В1 ші тапсырманы орындаймыз

Мамандықтарды шығу тарихына қарай әр қатарға бөліп жазамыз.

ҚБ: Смайликтер арқылы

Жекелеме оқушымен жұмыс (инклюзивті оқушы)

Оқушыға сурет беріп,қандай мамандық иелері туралы айтылғанын болжайды.



Бүгінгі сабақтың тақырыбын толықтай игердің бе, əлде түсініксіз тұстары болды ма? Осы сұраққа «білім термометрі» шкаласына көк түсті нүктені белгілеу

арқылы жауап береміз. Нүкте неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сабақты жақсы түсіндің дегенді білдіреді.


Сабақтағы көңіл күйін бағалау. «Көңіл күй шуағы»

Үйге тапсырма беру

13-сабақ «Сен білесің бе?»


Жұмыс дәптері,

суреттер


«Көңіл күй шуағы»




Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
902
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі