400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қандай топырақ құнарлы?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Заттар және олардың қасиеттері. Табиғи ресурстар.

Күні:


Сабақ тақырыбы

Қандай топырақ құнарлы?

Оқу мақсаты

3.3.4.4 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттейді.

Көптеген оқушылар: топырақтың құнарлылығы оның құрамына байланысты екенін түсінеді.

Кейбір оқушылар: топырақтың құнарлылығына мысал келтіреді.

Бағалау критерийлері

топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттейді.

топырақтың құнарлылығы оның құрамына байланысты екенін түсінеді.

топырақтың құнарлылығына мысал келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қара топырақ.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Топырақтың құрамында не бар?

Топырақтың қасиеттерін ата.

Құнарлылық дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Заттар және олардың қасиеттері. Табиғи ресурстар туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

Бастапқы білім

Оқушылар «табиғи ресурстар» ұғымының мағынасын түсінеді және оларды жіктей алады. Табиғи ресурстардың түрлерін мен көздерін біледі, олардың адам тіршілігіндегі алатын орнын бағалай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Гүлмен тілек»

(сергіту және топқа біріктіру) Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

1-топ «Сары гүлдер»

2-топ «Көк гүлдер»

3-топ «Қызыл гүлдер»

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Барлық оқушылармен жұмыс»

Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.

  • Топырақта су қалай қозғалады?

  • Қандай топырақтың құрамында ауа болады?

  • Топыраққа ауа не үшін қажет?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау



«Гүлмен тілек» сергіту жаттығуы.




Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

«Баяндама»

Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.

  • Топырақтың құрамында не бар?

  • Топырақтың қасиеттерін ата.

  • Құнарлылық дегеніміз не?

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Дескриптор:

топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттейді.

топырақтың құнарлылығы оның құрамына байланысты екенін түсінеді.

топырақтың құнарлылығына мысал келтіреді.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.








Белсенді оқу тапсырмаларына арналған сұрақтар.




Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, сұрақ қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.


ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Былғары қолғап»

Ойын шарты: үш адамнан тұратын топтарға бөлініңдер: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласың тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.

Ойлан. Қыста топыраққа не болатынын сұраңыз (ол қармен жабылады, тынығады). «Көктемде қарға не болады?» (қар ериді, су топыраққа сіңеді) «Адам құрғақ топырақты барынша ылғалмен қамтамасыз ету үшін не істеуі қажет?» (алқаптарға көбірек қар

үю). Осындай әрекет «қар тоқтату» деп аталатынын айтыңыз. Оның қандай топырақтарға көбірек керек екендігін сұраңыз. Неге? (құмды топырақтарға, өйткені, ол басқаларға қарағанда өсімдіктерге қажетті ылғалды нашар сақтайды.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар «Тазалық» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.












Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.




Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.






















«Тазалық» кері байланыс парағы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1689
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі