400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қандай топырақ құнарлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Топырақтың негізгі қасиеттерін біледі. Топырақ түрлерін ажыратады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Жаратылыстану

Күні:22.01.2019жыл

Сынып: 3 «Б»

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы жом

Мұғалімнің аты-жөні: Әліпбек Ләззат

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қандай топырақ құнарлы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

3.3.4.3 - топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау

3.1.2.1 - ақпарат көзінің түрлерін анықтау

3.1.2.2 - ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: топырақ құрамы туралы түсінік қалыптасады

Көптеген оқушылар: топырақтың құрамын зерттеп анықтайды

Кейбір оқушылар: топырақтың құнарлысын анықтайды

Бағалау критерийлері:

Топырақтың негізгі қасиеттерін біледі.

Топырақ түрлерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Табиғи ресурстар, топырақ, құм, саз, өсімдік пен жануарлардың қалдығы, су, ауа сөздер мен терминдерді пайдаланады.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Топырақ дегеніміз не?

Топырақ құрамы нелерден тұрады?

Құндылықтарды дарыту

Мемлекеттің табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап,табиғатты қорғау. Қоғамда білім іргетасын бекітетін тұлға қалыптастыру. Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім

2 - сыныпта табиғи ресурстар туралы өтілген білімдерін қайталау

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспары

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы







(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жағымды көңіл күй орнату.

(МК, Ұ) «Кім тапқыр?» сөз құрастыру

Мақсаты:Cабақтың тақырыбын ашу.

Оқушыларға қима әріптерден сөз құрастыру ұсынылады.

А Қ Т О Ы Р П

-Қандай сөз шықты?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Мақсаты негізінде бағалау критерийлерді анықтау.




Қима әріптер


Сабақтың ортасы




































(МК, Ұ) «Ойлан.Бірік.Бөліс»стратегиясы

-Балалар, топырақ дегеніміз не?

-Топырақ туралы не білеміз?

Қайталау:Топырақ – жер қыртысының үстіңгі қабаты, ол тау жыныстарының бұзылуы және өсімдк пен жан-жануарлардың, организмдердің қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болған.

Топырақ дегеніміз - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты.
Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің, жан - жануарлардың, қалдықтарының араласуы арқылы пайда болады.

(Ө,Ж,Қ)Тізбек құру

Мақсаты:Топырақтың жанды табиғат үшін маңыздылығы мен рөлін жайлы білімдерін анықтау.


ТShape2 Shape3 Shape4 ОПЫРАҚ .............. .......... ...........


Оқушылар топырақпен байланыстырып, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін тізбек құру арқылы көрсетеді.Жұптар бір- бірімен құрған тізбектерімен ауысады.Бір-бірін тексереді, бағалайды.


(Ө,Ж)Сәйкестендіру стратегиясы

Мақсаты:Топырақтың қасиеттері жайлы білімдерін анықтау, қайта жаңғырту.

Тапсырма:Топырақ атаулары мен қасиеттерін анықтап сәйкестендіріп сызыңдар.,

Құмайт топырақ








Бұл топырақтың құрамында жануарлар мен өсімдіктердің қалдығы (шірінділер) көбірек болады.Сондықтан ол борпылдақ,құрамында ауа көп болады, суды аз өткізіп, бойына жақсы сіңіреді.

Қара топырақ

Бұл топырақтың құрамында саз көп байқалады, сондықтан оның түсі сарғыш.Бұл топырақ суды өткізбейді, оның құрамында ауа аз болады.

Сазды топырақ

Бұл топырақтың құрамында құм көп байқалады. Сондықтан оның түсі қоңыр.Бұл топырақ суды өте тез өткізеді


Оқушылар өздігінен тапсырманы орындап болған соң жұбымен ауысады, тексереді, дескриптор арқылы бағалайды.

Дескрипторлар

Балл

Құмайт топырақтың қасиетін анықтайды

1

Қара топырақтың қасиетін анықтайды

1

Сазды топырақтың қасиетін анықтайды

1

Максималды балл саны

3




Суреттер











Үлестірме парақтар

































Сергіту сәті

«Жылы сөз»


Мұғалім баланың назарын терезеден түскен Күн сәулесіне аударып.төмендегі «Тіршілік атаулыға қайырым жаса» өлеңін оқиды. Шашы алтын,көзі –от,шыға ғой Күн тезірек!
Шуақ берші,жылу бер-маған,қозы,лағыма,тағы,тағы,тағы-да!
Балалар тәрбиешіге еліктеп,әр сөзді онымен бірге қайталып және қолдарын бірде жоғары Күнге көтеріп,біресе қиялдарында тұрған қошақан мен лақты көрсетіп ойын қимылдарын жасап отырады.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы










Дәптермен жұмыс

Топырақтың құрамына кіретін заттарды тап. Аталған заттарды бейнелейтін суреттер сал

Дескриптор:

- Топырақтың құрамын анықтайды

- Аталған заттардың суреттерін сала алады

- Бағыттама арқылы топырақ қабаттарына орналастыра алады


  • Рефлексия

-Бүгін сабақта ...... білдім.

-Маған ...... қиын болды.

Өздерін бағалау

«Табыс баспалдағы» арқылы өздерін бағалау.


Үйге тапсырма:Гүлдерді баптау барысында топырақты зерттеу, гүлдің өсуіне жағдай жасау.

стикерлер




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы











Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі