400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қандай топырақ құнарлы?

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3 «Ә»

Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары

Мектеп: №13 орта мектеп

Мұғалімі:Жаңабаева А.Р.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні: 18.11.2019 ж



Тақырыбы:


Қандай топырақ құнарлы?

Оқу мақсаты:

3.3.4.4 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу;

3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылар:

топырақтың құнарлылығы оның құрамына байланысты екенін түсінеді;

Эксперимент жасап, қорытындысын диаграмма түрінде көрсетеді

Бағалау критерийі

Эксперимент сұрағы және болжамы, болжамының сәйкестігіне қарай бағалау

Барлық топ мүшелерінің ұйымдаса жұмыс жасауын бағалау.

Тілдік мақсат

Оқушылар: топырақ туралы сұрақтарға жауап береді;

Топырақ құнарлылығына болжам жасап, өз ойларымен бөліседі, пікір алмасады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

қаратопырақ

Құндылықтар

Топырақты қорғау

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану

дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Топырақтың қасиеттерін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру.

«Сәлемдеме» әдісі

Топырақты қағазға ораймыз.Оның сыртынан төрт қағазды сұрақ жазып қаптаймыз

  • Топырақтың құрамында не бар бар?

  • Топырақтың қасиеттерін ата

  • Құнарлылық дегеніміз не?





Топырақ, А-4 қағаз,


Сабақтың ортасы






  1. Әртүрлі топырақ.

Суреттерді салыстыру. Су басқан және құрғақ алқаптың суретін көрсетіп, салыстыру. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айту. Суреттер бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Суреттерде не бейнеленген?

  • Оларға не ортақ?

  • Олардың ерекшеліктері неде?

  • Суреттегі өсімдіктер өсіп тұрған жердің топырағы жайлы не айтар едіңдер?

  • Неліктен бір алқапта су топыраққа сіңбеген? Екіншісінде сіңіп кеткен деп ойлайсың?

  • Олардың қайсысы құнарлырақ?

  1. Зертте.Өрік ағашын отырғызу үшін қандай топырақ қолайлы?

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Оқулықтағы кесте бойынша жұмыс жасау. Берілген кестедегі ақпараттарға талдау жасау.

Сұрақтармен жұмыс:

- Кестеде топырақтың қандай түрлері

- Әр түрлі топырақта ағаштың биіктігі әр жылда қалай өзгереді?

- Ағаштың биіктігі қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

- Оны басқа өлшем бірліктерімен алмастыруға бола ма?

3. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

• Кесте берілген мәліметтерді пайдаланып, зерттеуші күнделігіне диаграмма салу, көшет биіктігін жылдарға байланысты сантиметрмен көрсету. Әр топыраққа белгілі бір түсті таңдап, бағандар салу.

• Қорытынды шығару:Ойды аяқта. Жеміс ағашын(өрікті) құнарлы топыраққа отырғызса, тез өседі. Өйткені......

Ең құнарлы топырақ – қаратопырақ екенін өздері айтуға бағыттау. «Қаратопырақ» сөзінің мағынасын түсіндіру үшін мәтінмен жұмыс жасау.

Сарамандық жұмыс

Топырақты ақ қағаздың бетіне салып, анықтап қара

— Өсімдіктің ұсақ қалдықтары, шіріген жәндіктің қалдықтары байқалады. Одан әрі анықтай түсу үшін тәжірибе жасайық.

1 — тәжірибе.

Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқадық? Көпіршіп шыққан не? Ауа

2 — тәжірибе.

Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар? Су

3 — тәжірибе

Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар.

Ол — қарашірік

4 - тәжірибе

Шірінді жанып біткен топырақты суға салып араластырайық. Лайланған суды тұндыруға қояйық. Біраздан кейін тұнбаның астында құм, оның үстіне саз шөгеді. Бұдан топырақ құрамында құм, саз барын байқайық.

Тәжірибені қортындылау: Топырақта қарашірік көп болса, соғұрлым топырақ құнарлы болады. Қарашірік топыраққа қара, қоңыр түс береді

  1. Мәтінмен жұмыс.

Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. Үштен бірігу. Біріншісі – қаратопырақ, екіншісі- сазды топырақ, үшіншісі-құмды топырақ рөліне еніп, өздері туралы ақпараттарды бір-біріне айту. Мысалы: Мен-қаратопырақпын. Менің қабатым 1 м жетеді. Менің бойымда қоректік заттар көп. Менде өскен өсімдік жайқалып өседі тсс.

Топырақ және адам.Топтық жұмыс.

1- топ: Мал шаруашылығы

2 – топ Егін шаруашылығы

3.Бау – бақша шаруашылығы

4- топ: Гүлдер шаруашылығы

Әр шаруашылық өз топтарын топырақпен байланыстырады

6. Ойлан.

- Қыста топырақта қандай өзгеріс болатынын сұрау. (Ол қардың астында тынығады.)

- Көктемде қар қайда кетеді? (Қар ериді, суы топыраққа сіңеді)

- Адам құрғақ топырақты барынша ылғалмен қамтамасыз ету үшін не істеуі қажет? (Қыс мезгілінде алқаптарға көбірек қар үю қажет.)

Осындай әрекет «қар тоқтату» деп аталатынын айту.


суреттер




















Өрік ағашы суреті



















Диаграмма





кесте











Сабақтың соңы


Рефлексия

Борт журналы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
819
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі