Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Қаңлылардың қоғамдық құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып Қазақстан тарихы пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3В Мектеп: №1 қазақ жалпы білім беретін орта мектебі

Күні: Мұғалім: Сапарбаева Г.Ж.

Сыныбы: 5 Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Зерттеу сұрағы: Сыма Цянь қаңлы қоғамын қалай сипаттады?

Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. 1-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.1.2.2 – әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру.



Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсінеді;

Басым оқушылар:

Деректер арқылы қаңлы қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктерді анықтайды;

Кейбір оқушылар:

Қаңлы тайпаларындағы әлеуметтік топтардық қоғамдағы рөлін саралап, анықтап, өз пікірлерін айта біледі;

Оқу дағдыларының деңгейі:

Білу. түсіну

Бағалау критерийі:

Қаңлы мемлекетінің қоғамындағы әлеуметтік топтардың міндеттерін түсінеді

Тілдік мақсаттар:

Хроника, этнос

Білім алушылар тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қамтамасыз етуде, мәтінмен жұмыс кезінде тірек сөздерді анықтайды, дәптерге жазады.

Құндылықтарға баулу:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Пән аралық байланыс:

Дүниежүзі тарихы

Алдыңғы білім:

Қаңлы мемлекетінің көрші елдермен қарым –қатынасын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут







Ұйымдастыру:

«Шаттық шеңбері» тренинг

Мақсаты: сыныптағы оқушыларға сабақ басталар алдында жағымды көңіл – күй сыйлау.

Әр түрлі түсте қиылған пішіндермен топқа болу.

Біздің ұранымыз:

Шаршама, талма, тек алға! (сыныпта белсенділік атмосфера қалыптастыру)

Үй тапсырмасын тексеру

«Лездік сұрақтар» әдісі

Өткен сабақтағы оқушы түсінігін еске түсіру, қалай оқып келгені жайында байқау мақсатында пайдаланылады.

1.Қытай императоры У-ди қай жылы батыс елдеріне елші жіберді?

2.Ұлы Жібек жолы қай жерден бастау алады?

3.Қаңлылар неліктен ғұндармен одақтасты?

4.Қаңлылардың ірі сауда және әкімшілік орталығы?

5.Қаңлылардың жергілікті ақшасы болды ма?

6.Қаңлы тұрғындары халықаралық саудаға араластыма?

Дескриптор: Білім алушы

Қаңлылар туралы ақпараттарды біледі;

Жібек жолының шығу тарихын түсінеді;

Кері байланыс: Смайликтер арқылы оқушылардың білімін бағалап отырамын.



Сабақтың ортасы

28 минут































1-тапсырма: «Ирек» стратегиясы.

Мәтінді мағынысыны қарай бөліктерге бөліп үш топқа беремін.

1-топ: Қаңлы тайпасы қазақ этносының қалыптасуымен тығыз байланысты. Ортағасырлық түркі ғалымы Махмұд Қашқаридың айтуы бойынша, «Қаңлы» (Қаңқа) патшаның аты. Үнді еуропалық тілдерде «қаңлы» сөзі «су», «өзен», «өзеннің ағысы» деген мағына береді. Түркі тілдерінде «хан», «кең», «жазықтық», «кеңістік» дегенді білдіреді.т.б.

Түркі тілдерінде «хан», «кең», «жазықтық», «кеңістік» дегенді білдіреді.т.б.

2-топ: Сыма Цянь өз еңбегінде: «Қаңлы Ферғананың солтүстік батысында, шамамен екі мың ли қашықтықта орналасқан көшпелі мемлекет. Үлкен юэчжилерментұрмыс салты өте ұқсас, 90 мың әскері бар» деп сипаттайды. «Кангюй билеушісі Лоюеньелінде, Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Халқы 120 000 отбасынан, 60 000 адамнан тұрады, әскер саны – 120000 адам.

3-топ: Б.з.б. ІІІ ғ. Сырдария бойында құрылған Қаңлы мемлекеті туралы мәліметтер қытай деректерінде айтылады.Қаңлы мемлекеті б.з.ІІІ –Ү ғасырларында әлсірей бастады. Соған байланысты қаңлы мемлекетінің оңтүстік өңіріндегі қала қыстақтық аймақтары дербес иеліктерге ыдырай бастады.Қаңлы тайпалары ҮІ ғасырда Түрік қағанатының құрамына қосылды.

Әр топ өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы мақсат – әр оқушы осы тақырыптытүгелдей қамтуында.

Дискрептор: Білім алушы

Мәтінмен толық танысты;

Қаңлы тайпа атауының шығу тарихын біледі.;

Сыма Цянь еңбегін білді;

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі

2-тапсырма: «Ассоцияция» әдісі

«Қаңлы» атауының мағынасы



Әлеуметтік топтар




Дискрептор: Білім алушы

Берілген тақырыптардан өздері білетін ақпараттарды жаза біледі;

«Қаңлы» атауының бірнеше мағынасын анықтады;

Әлеуметтік топтарды біледі.

Смайликтер арқылы оқушылардың білімін бағалап отырамын.

3-тапсырма:

1-топ: Деректерді талдаңдар.

Деректерде келтірілген мәліметтер қаңлы мемлекетінің саяси дамуындағы қандай кезеңдеріді сипаттайды?

-деректер қай елдің дерегі?

-деректегі Чжи – Чжи әрекеті?

-қаңлылардың салт дәстүрін сақтауы?

А дерегі, В дерегі.

2-топ: Тұлғаны таны.

Қай елдің тарихшысы?

Тарихтағы орны?

Сыма Цяньның еңбектері?

3-топ: Сыма-Цянь еңбегіндегі деректерді пайдаланып кестені толтырыңдар

Хронологиялық шеңбері


Негізгі мекендеген жері


Ел билеушісі


Астанасы


Қаңлы туралы деректер


Қытай деректері бойынша


Солтүстіктегі көршілері


Қаңлы елі экономикалық мәдени, саяси байланыс жасаған елдер


Дескриптор: Білім алушы

Деректердің қай елдің дерегі екенін анықтайды;

Чжи Чжидің әрекетін түсінеді;

Қаңлылардың салт дәстүрлерін құрметтеуін біледі;

Тарихи тұлғаны толық таниды;

Еңбектерімен танысады;

Кесте бойынша оқулықпен жұмыс жасай алады;

Қаңлылар тарихын меңгереді;

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі




















Сабақтың соңы

7минут

Сабақты бекіту: «Лото» әдісі.

Оқушыларға сандары жазылған лото таратып беріледі. Лото тастарының нөміріне сәйкес

сабақ барысында өтілген материалдардан сұрақтар беріледі. Лотосында бар санның сұрағына сол топ жауап береді.

1.Неліктен қаңлы тайпа атауының бірнеше нұсқасы бар?

2. Әлеуметтік топтарды ата.

3.Қаңлылардың Түрік қағанатына қосылуы қай уақыт.

4. Қаңлылардың солтүстіктегі көршілері кімдер?

5.Қаңлылардың астанасы.

6.Хронологиялық шеңбері.

7.Негізгі мекендеген жерлері.

8.Ел билеушісі.

9.Қаңлылар туралы жазған қытай тарихшысы

10.Қаңлылардың әскер саны

Кері байланыс: «Бір сөзбен» әдісі

Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын сөздерді стикерге жазып , тақтадағы білім ағашына жапсырады.





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік қауіпсіздігін

Қабілеті жоғары оқушы.

-Топтағы ұйымдастыру жұмыстарын қолға алады.

- Топ жетекшісі ретінде

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
1111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12