400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қаңқа және бұлшық ет". Партада дұрыс отыруды үйрену.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды «қаңқа», «бұлшық ет» түсініктемелерімен және олардың қызметімен таныстыру; бұлшық етті нығайтудағы еңбек пен дене шынықтырудың маңызын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Қарасай ауданы 
«Л.Н. Толстой атындағы орта мектебі» КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Болегенова Гульжазира Сарсенгалиевна



Сынып 3 «Ә»

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Қаңқа және бұлшық ет. Партада дұрыс отыруды үйрен.

Сабақ негізделген оқу мақсаты


1. Оқушыларды «қаңқа», «бұлшық ет» түсініктемелерімен және олардың қызметімен таныстыру; бұлшық етті нығайтудағы еңбек пен дене шынықтырудың маңызын түсіндіру.
2. Бақылағыштықты, білімге деген белсенділігін дамыту, мәтінмен жұмыс істеуді үйрету.
3. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу (гигиена, дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану)

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар (саны)

адамның тірек-қимылын жүйесі мен олардың маңызын біледі; салауатты өмір салтын сақтаудың керектігін біледі, түсінеді;

Оқушылардың басым бөлігі

салауатты өмір салтын сақтауынан, өз-өзіне қызмет етуінен, тазалық ережелерін сақтауынан көрініс табуы тиістігін; қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана алуға бағыттау.

Кейбір оқушылар оқып үйренгенін жинақтап, бағалап, сол жайлы ой толғау жасай алады.

Үй тапсырмасын тексеру тапсырмалары

« 6 неліктен ?» стратегиясы.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер

« миға шабуыл», «келісемін, келіспеймін», «жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиялары

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар,

көрнекіліктер






Ой шақыру

Ынтымақтастық атмосферасы

Арайлап таң атты,
Күн шуағын таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.

- Өткен сабақта біз не туралы айттық? (Терінің ағзаның қорғаныс мүшесі екендігін, оның атқаратын қызметін)
- Онда тақырыпты қалай меңгергендеріңді сұрақ-жауап арқылы тексеріп көрелік.
- Тері қандай қызмет атқарады?
- Тері үшін одан бөлінетін май мен тердің маңызы қандай?
- Адам неліктен өз терісін күтуі қажет.

суреттер

Мағынаны тану



Негізгі сөздер тақтаға жазылады : қаңқа, тірек, бұлшық ет, сіңір.
- Бұл сөздер өзара қалай байланысады?
- Берілген негізгі сөздерді пайдалана отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап көріңдер (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
- Ондай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тірек қимыл жүйесі. Қаңқа және бұлшық ет»
«Миға шабуыл» стратегиясы
- «Қозғалыс – тіршілік » дегенді қалай түсінесіңдер?
Топтық жұмыс. RWL стратегиясы. (Сурет бойынша оқушылар өзара пікірлесіп, талқылайды және кестені толтырады).
- Адам қаңқасына шолу жасау. Адам қаңқасының маңызы мен қызметі.
- Бұлшық етке шолу жасау. Бұлшық еттің маңызы мен қызметі.
Не білемін? Не білгім келеді?
Өзекті сұрақ: «Қаңқа мен бұлшық ет өзара қалай байланысты?»
- Бас, кеуде, қол және аяғыңды ұстап көр. Не байқадың. Тері астынан не сездің? (Тері астында сүйек және бұлшық ет бар.)
- Барлық сүйек нені құрайды? (Қаңқа)
- Қаңқаның қызметі қандай? (Адам денесінің тірегі, іш ағзаларды зақымданудан қорғайды?)
- Сүйектердің жалпы саны қанша? (Ересек адамда 206—дай пішіні мен көлемі әртүрлі сүйек болады.)
- Қаңқа қандай негізгі сүйектерден тұрады? (Бас сүйек, кеуде қуысы, омыртқа жотасы, төс және аяқ-қол сүйектерінен)
- Ойланыңдар! Бас сүйектің маңызы қандай? Кеуде сүйектердің ше? Аяқ- қол сүйектері ше?
• Бас сүйек миды зақымданудан сақтайды.
• Кеуде сүйегі жүрек пен және бауырды зақымданудан сақтайды
• Қол сүйектері (иық белдеу) қол мен дененің қозғалмалы жәнк берік байланысуын қамтамасыз етеді.
• Аяқ сүйектері (жамбас белдеулері) аяқтың қозғалмалылығы мен беріктігін қамтамасыз етеді.

Оқулық
















кесте

Ой толғау


Пікірталас ұйымдастыру.
- Балалар, сүйексіз адамдар өмір сүре алар ма еді?
Сүйексіз дене қандай болар еді?
- Адам денесінің қимыл-қозғалысы үшін тек қаңқа мен бұлшық ет қажет пе? Қалай ойлайсың?
- Сүйектер бір-бірімен қалай жалғасады және бұлшық ет сүйектерге қалай бекітілгенін кім түсіндіріп бере алады? (Сүйектер бір-бірімен буын арқылы жалғасады. Бұлшық ет сүйектерге сіңірмен бекітіледі)
«Атауы бойынша тап!» ойыны. Мұғалім адам сүйектерінің аттарын атайды. Оқушылар өз денесінен сол сүйектерді көрсету қажет.


Қосымша ақпарат

ғаламтор және адам ағзасы жайлы материалдар.

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?

Рефлексиялық - бағалау кезеңі
(Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздерін өзі немесе бір-бірін бағалайды.)

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы




Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)


1.



2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)


1.

2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


1.

2.


Бекітемін:

Сабақ № 4

Пәні : дүниетану

Күні : .09. 2016 ж

Мұғалім есімі : Агадиева А.

Сынып 3 «А»

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Жүрек-қан тамырлары.Қанның қызметі. Жүректі күту ережелері.

Сабақ негізделген оқу мақсаты


1. Оқушыларды жүрек-қан тамырлары, қанның қызметі, жүректі күту ережелері.түсініктемелерімен және олардың қызметімен таныстыру;

2. Бақылағыштықты, білімге деген белсенділігін дамыту, мәтінмен жұмыс істеуді үйрету.
3. Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу (гигиена, дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану)

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар (саны)

адамның жүрек-қан тамырлары, қанның қызметі, жүректі күту ережелері олардың маңызын біледі; салауатты өмір салтын сақтаудың керектігін біледі, түсінеді;

Оқушылардың басым бөлігі жүрек-қан тамырлары, қанның қызметі, жүректі күту ережелері, өз-өзіне қызмет етуінен, тазалық ережелерін сақтауынан көрініс табуы тиістігін; қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана алуға бағыттау.

Кейбір оқушылар оқып үйренгенін жинақтап, бағалап, сол жайлы ой толғау жасай алады.

Үй тапсырмасын тексеру тапсырмалары

« 6 неліктен ?» стратегиясы.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер

« миға шабуыл», «келісемін, келіспеймін», «жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиялары

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар,

көрнекіліктер






Ой шақыру

Ынтымақтастық атмосферасы

Арайлап таң атты,
Күн шуағын таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.

Жұдырықтарыңды жұмыңдаршы. Адамның жүрегі жұдырығындай дейді. Жүрек ең маңызды мүше болып табылады? Неліктен? Дәлелде.

суреттер

Мағынаны тану



Жүрек еті бірде жиырылып, бірде созылып, тынымсыз жұмыс істейді.
Қанның ағзаны аралап қозғалуын қан айналымы дейді.
Оқулық бойынша 21 - 22 бет оқу, талдау, сұрақтарға жауап беру.
Тәжірибе: Өзіңнің қан тамырыңның соғысын есепте, қорытындысын айт. Оны қалай есептеуге болатынын әңгімеле.
Дәптермен жұмыс: жүрек суретін сал, оның мүшелерін белгіле.
Шылым шегу мен ішімдікке үйір болу жүрекке үлкен зиян келтіреді.
- «INSERT» әдісі бойынша оқулықтағы тақырыпты оқу

Алдарыңда берілген мәтінді оқи отырып, белгі қойыңдар.

Жүрек көкірек қуысының сол жағында орналасқан.Ол –біздің ағзамызға негізқан айдайтын қозғағыш саналады .

Оның үлкендігі адамның өз жұдырығындай ғана. Жүрек жақсы

жетілген қалың бұлшық еттен тұрадыЖүрек еті бір жиырылып, бір босаңсыкезекпен жұмыс істейді.Оның қызметі

сорап (сорап) сияқты: жүрек жиырылғанда қан күшпен қан

тамырларға айдап шығарылып, адамның барлық мүшелеріне тарайды- Жүрек туралы не білдік?

Топтар

1-2 топ Қан айналым мүшелерін қан тамырларын: қолқа, артерия,

көк тамырды кластерге жазады.

3.Суреттен Қан тамырларын бояп көрсетеді.

4.Бес тармақты өлең жазады. (синквейн)

5.Қанның қызметі туралы айтады.

Оқулық
















кесте

Ой толғау


Сұрақтар бойынша жұмыс:
- Жүрек қай тұста орналасқан?
- «Қан айналымына» сипаттама бер.
- Қалай ойлайсың, адамның әр түрлі жағдайында тамырдың соғуы не себептен түрліше болады,
- Адамның жүрегі ауырмау үшін не істеу керек?
- Қан тамырдың соғуын қалай есептеуге болады?

Мұрын қанағанда не істеу керек?

Әдетте мұрыннан қан кету бірер минуттардан кейін өздігінен қояды. Ал егер қан кету тоқтамаса, кейбір оңай шараларды қолдану оны тоқтатады. Мұрыннан қан кеткенде мынандай шараларды қолдану керек:

1. Көмек көрсетілетін бала отыруы керек.

2. Қан кетіп жатқан мұрынның тесігіне таза мақта тығу керек. Егер қолда таза мақта болмаса, майлықтың немесе дәретхана қағазының кішкене тілімін қолдануға болады.

3. Мұрынның тесігіне таза мақтамен немесе майлықпен бітегеннен кейін, мұрынды саусақтармен қысу қажет. Мұрынды қысқан күйде он минуттар шамасында ұстаған дұрыс.

4. Қан тамаққа кетіп қалмасы үшін бала сәл алға еңкеюі керек.

5. Қанды тоқтатқаннан кейін мақтаны мұрында әлі бірнеше сағатқа шейін қалдыру қажет.

6. Егер қан кету тоқтамаса, баланы міндетті түрде емханаға апару керек. Ол жерде қан кетуді тоқтатады: мұрынға қажетті дәрі тамызып, қанап жатқан мұрын тесігіне мықтылап мақта тампонын тығады.


Қосымша ақпарат

ғаламтор және адам ағзасы жайлы материалдар.

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?

Рефлексиялық - бағалау кезеңі
(Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздерін өзі немесе бір-бірін бағалайды.)

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы




Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі