Қазақ тілінде тәлім -
тәрбие алатын ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу
күні: 11 .01.
2022
Тәрбиеші: Азнакулова
Д.С.
Білім
саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Қаңтарда, қаңтарда аулада қар
көп жауады ...»
Міндеті: Табиғат көріністерін сипаттау.
Қыс мезгілі, қыстағы адамдардың, жануарлардың тіршілігі туралы
түсініктерін қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы
түсіндіру және қар қасиетінен түсінік беру.Әр жыл мезгілінің
ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін
арттыру. Әдіс-тәсілдері:
ой тастау, ойын, суретпен
жұмы,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:
Қыс мезгілінің көрінісі
Қыстағы жануарлардың тіршілігі
Үлестірмелі құралдар (пластмасс стакан, қағаз қиқымдары, түтікше,
аққала бөлшектері)
Билингвалды
компонент: қар - снег, ағаштар
-дерево. Ұйымдастырушылық
кезеңі Кел,балалар
күлейік Күлкіменен
түлейік
Араздасып не
керек
Көңілді боп
жүрейік
Жұмбақ
жасыру:
«Аппақ қылып өңірді,
Не жауды, не
жауды.?»қар (Қыс
көрінісі). Шырша, ағаштар, айналаның бәрі аппақ.
- Дұрыс ағаштар, шыршалар неге оранған? -
Қарға.
Ал,қар неден пайда болады?
Ол,үшін бірнеше сұрақтарға жауап
беріңдер
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы
Балалар, жылдың қазір жылдың
қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
Қыс мезгілінің ауа райы қандай болады?
- Қар жауады, аяз болады, боран соғады, мұз қатады.
Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
- Тон, малақай, етік, шалбар, жейде, қолғап, мойынорағыш, баскиім
киеміз.
Балалар ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?- Боранның.
Ендеше боранды қимылмен қалай көрсетеміз?
(қолдарын жоғары көтеріп жәй және қатты дыбыс шығарып
гуілдейді.)
Ал, қатты аяз болғанда не істейміз? (қолдарын қусырып,аяқтарын
топылдатады).
-Ал,күн шыққанда не істейсіңдер? («алақай» деп қолдарын
шапалақтайды).
-Жарайсыңдар осындай көңіл –
күймен сабағымызды одан әрі жалғастырамыз.және қардың қасиеті
туралы айтамыз:, қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл. Қар
туралы тақпақ білесіңдер ме?
Айдана: Қар жауыпты
далаға,
Қар жауыпты
қалаға.
Сырғанаймыз біз
енді,
Отырып ап
шанаға.
Ия, қар аппақ, үлпілдек,
мамық, жұмсақ, жеңілАл,қардың үлпілдек екеніне көзімізді жеткізу
үшін мына үстел үстіндегі стакандағы түтікшені үрлеп
көрейік.(Балалар үстел үстіндегі стакандағы түтікшені
үрлейді, ондағы қағаз қиқымдарының ұшқанын
көреді).
Стакандағы қар ұшты
ма?
- Ия.Ал,енді мына алдын топка
кіргізген ыдыстағы қарға қараңдаршы,неге
айналды?
Неліктен
еріді?
Егер қатса,неге
айналады?
Қар ұшқындап, жапалақтап,
борандатып жауады екен.
Қарды жеуге болады ма?
- Жоқ. Неге? /жауаптар/
Қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл екеніне көзімізді
жеткіздік.
- Айнала аппақ қар. Адамдар
жылы киінеді. Тіпті жануарларда қыстың келгеніне қуанатын
сияқты
(Балалардың жемсауытқа жем
салып тұрған суреті).
- Бұтақтан-бұтаққа ұшып-қонып
жүрген құстарды көруге болады.
Оларға қыста жем табу қиынға түседі. Сондықтан адамдар жемсауыт
жасап, оларды қоректендіреді. (мысық және ақ аюлардың суреттері).
Аяз суық болса қыстыгүні балалар түрлі ойын
ойнайды.
Шанамен сырғанап жүрген
балалардың суреттері. Шана – қысқы сырғанайтын ойын көлігі.
Қыста күн суық,аяз болады. Аяз - қыс мезгілінің қатты суық
күні. Боран - қарды, топырақты бұрқыратып соғатын қатты жел. Қыста
ақ түтек боран соғады. Ондай күні далада ойнауға болмайды. Мұз - су
аязда мұз болып қатады. Мынау ыдыстағы суды біз сабақтан соң
сыртқа шығарып қоямыз. Суымызға не болғанын
көреміз.
Дидактикалық
ойын: «Қолғаптарды
безендіру»
Ойын
шарты: Балаларға қолғаптар
беріледі,суреттерге қарап қолғаптарды
безендіреді.
Сөздік
жұмыс. Аяз, боран, мұз, шана.Қыс
қандай екен? Көңілді екен.Қыста не жауады? Қар жауады.Қандай
қысқы ойындарды білесіңдер? Аққала жасаймыз, шанамен
сырғанаймыз, қармен ойнаймыз.
Ендеше, мына үстел
үстінде тұрған аққаланың бөліктерін алып аққаланы
құрастырамыз
Қорытынды
Қыс қандай екен? Көңілді
екен.Қыста не жауады? Қар жауады.
Қандай қысқы ойындарды білесіңдер? Аққала жасаймыз, шанамен
сырғанаймыз, қармен
ойнаймыз.