жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қант диабеті
«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ «Талғар медициналық колледжі» МКК |
|
ГКП на ПХВ «Талгарский медицинский колледж» ГУ «Управление здравоохранения Алматинской области» |
|
Сапа менеджменті жүйесі |
|||
Ф ТМК ПП/09-12 |
Оқу әдістемелік құрал |
||
Оқу әдістемелік құрал
Тақырыбы: Қант диабеті
Пәні: Ішкі аурулар
Мамандығы 0301000– «Емдеу ісі»
Біліктілігі (бағыты) 0301013 – «Фельдшер»
Құрастырушы :Жанбота Ж.Ж
Талғар,2020
Тақырыбы: «Қант диабеті».
Дидактикалық материалдар тізімі.
1.Оқу жұмыс бағдарламасынан үзінді
2.Теориялық сабақтың сабақ жоспары
3. Тәжірибелік сабақтың сабақ жоспары
4.Дәріс «Қант диабеті».
5.Тесттілер
6.Ситуациялық есептер
7.Тәжірибелік сабақтан үзінді
8.Сөз жұмбақ «Инсулин».
9.Кластерлер ,вен диаграмма
10.Слайд «Қант диабеті».
11.Сырқатнама қант диабеті.
Оқу жұмыс бағдарламасынан үзінді
Д2- модульдік оқыту. Қант диабеті. Қант диабетінің асқынулары |
2 |
1.Анықтамасы. Этиологиясы. Патогенезі. 2.Клиникасы, диагностикасы. Емдеуі. №9 Емдәм;Инсулинотерапия, ерекшеліктері . Алдын алуы.«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламысы, диабеталды түсінігі; Қантты диабеттің асқынулары: 1.Асқынулардың патогенезі: кетоацидті, гипогликемиялық, гиперосмолярлы комалардың,атеросклероздың, ЖИА-ң, артериалдық гипертензияның, диабеттік гломерулосклерозың, пиелонефриттің, гангренаның, нейропатияның, катарактаның, ретинопатияның, және түрлі тері өзгерістерінің; 2.Асқынулар клиникасы;.Диагностикасы; 4.Емдеуі, алдын-алуы; 5.ФАП жағдайында «диабеттік табанды» науқасты бақылау тактикасы. |
Кестелер, Плакаттар Фотосурет Тесттер Ситуациялық Есептер |
Оқулық И.И.Дедов«Эндокринология» Аударған А.Т.Алипова 2013 ж 241-312 бет.
|
Теория сабағының сабақ жоспары - 90 мин.
Пән: Ішкі аурулар
Тобы,мамандығы,курсы:_______________________________________________________
Сабақтың тақырыбы: «Қантты диабет. Қантты диабеттің асқынулары»
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың мақсаттары:
шағымдарын, анамнезін сұрастыруды және тәжірибелік дағдыларды қолдана отырып ішкі ағзаларының патологиясы бар науқастарды зерттеуді үйрету;
ішкі ағзалардың ауруларының ең жиі кездесетін симптомдар мен синдромдардың диагностикасын жүргізуге үйрету;
қазіргі заманға сай зертханалық және аспапты зерттеу тәсілдерінің интерпретациясын және ішкі ағзаларының аурулары бар науқастардың диагностикасын үйрету;
өмірге қауіпті жағдайларда, бірінші дәрігерлік көмек көлемінде, шұғыл медициналық көмек көрсету тәсілдерін және тәжірибелік дағдыларды үйрету
Білімділік (оқыту): білім беру, оқу-машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру және т.б.
Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, сыни тұрғыдан логикалық және клиникалық ойлау дағдыларын дамыту, топтың белсенділігін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге үйрету. Түрлі жағдаяттар мен қосымша сұрақтар арқылы студенттердің нақты білімділігін айқындау.
Тәрбиелік: студенттердің адамгершілік, қөзқарасын, эстетикалық қасиетін, өз пікірін қорғауды, тәртіп пен еңбекқорлық қабілеттерін дамыта отырып тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар : кестелер, графикалық құрылымдар, презентациялар, фотосуреттер,
бейнетаспалар.
Пән аралық және пән ішілік байланыс: «Латын тілі» - клиникалық терминология.
«Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. «Ішкі аурулар»
Сабақ барысы
Ұйымдастырушылық кезең – 5 минут: сәлемдесу, студенттердің сабаққа катысуын, сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру-25 минут.
Тексеру әдісі:
бақылау сұрақтарымен ;
тестілермен (қосымша тіркелген).
Сұрақтары:
Гипотиреоз туралы жалпы түсінік берініз .
Гипотиреозға әкелетін себептер .
асқынулары?
Гипотиреоздың клиникалық бейнесі қандай көрініспен сипатталады.
Гипотиреоздың зертханалық тексерісінде Т3,Т4,ТТГ гормондарын, аспапты радиоизотоптық ,УДЗ-да қандай өзгерістер анықталынады?
Гипотиреоидтық кома кезінде жедел көмек
Эндемиялық жемсаудың анықтамасы, этиология , алдын алу шаралары
Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау. Анықтамалық білім жаңарту. (Тақырыппен басқа пәндер арасындағы байланысты сәйкестендіру) .
Жаңа тақырыпты түсіндіру-40 минут
Жоспар:
Қантты диабет анықтамасы ,этиологиясы, патогенезі ,клиникасы
Қантты диабет диагностикасы,емдеуі , емдәм;
Қантты диабет инсулинотерапия, ерекшеліктері .
Қантты диабеттің ерте асқынулары: кетоацидті,гипогликемиялық, гиперосмолярлы комалар
Қантты диабеттің кеш асқынулары :диабеттік гломерулосклерозы , диабеттік нейропатияның, диабеттік ретинопатияның,диабеттік табан .
Қантты диабеттің емдеуі, алдын-алуы ,ФАП жағдайында науқасты бақылау тактикасы.
Жаңа сабақты қорытындылау – 10 минут.
Сұрақтары:
Қантты диабет туралы жалпы түсінік берініз .
Қантты диабеттіне әкелетін себептер .
Қантты диабеттің ерте, кеш асқынулары?
Қантты диабетінің клиникалық бейнесі қандай көрініспен сипатталады.
Қантты диабетінің зертханалық тексерісінде қандай өзгерістер анықталынады?
Кома кезінде жедел көмек
Сабақты қорытындылау - 5 мин ( сабақтың мақсатына жеткендігін хабарлау,студенттердің жауаптарын бес баллдық жүйемен бағалау)
сабаққа талдау жүргізеді;
әрбір білім алушының жауабына баға қояды;
тақырып бойынша материалды түсінгендерін анықтап, білім алушылардын сұрақтарына жауап береді;
білім алушыларға түсіндіре отырып білімдерін бағалайды;
ең толық жауапты белгілейді;
тақырып бойынша білімді бекіту қорытындысын айтады;
білім алушылардың дәріс дәптерлерін толтыруын тексереді;
қорытынды баға қояды.
Үйге тапсырма беру – 5 минут.
«Қантты диабет. Қантты диабеттің асқынулары» тақырыбын И.И Дедов « Эндокринология»А.Т Алипова 241-312 б оқуды тапсыру.
Оқытушы: Ж.Ж.Жанбота _________
Әдіскер: Г.С.Кынырбекова _____
Тәжірибелік сабақтың сабақ жоспары- 270 мин
Пән:Ішкі аурулар
Тобы, мамандығы, курсы: ________________________________________________________
Күні_____________________________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы:. Қантты диабет. Асқынулары.
Сабақтың түрі: жаңа практикалық білімді және шеберлікті үйрету.
Оқыту формалары мен әдістері :түсіндіру – көрнекілік және репродуктивті.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік(оқыту): білім беру, оқу-машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру жәнет.б.
Дамытушылық: критикалық, логикалық және клиникалық ойлау қабілетін, коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:студенттің адамгершілік қасиеттерін, қарым-қатынасын, нанымын, идеалдарын, эстетикалық сезімін , тәртібі мен еңбек сүйгіштігін қалыптастыру.
Пән аралық және пән ішілік байланыс: «Латын тілі» - анатомиялық, клиникалық терминологиялар.«Анатомия» - (ішкі секреция бездері). «Физиология» - ішкі секреция бездерінің бездері
Жабдықтау:
а) көрнекілігі: кестелер, графикалық құрылымдар, презентациялар, фотосуреттер,
бейнетаспалар.
б) үлестірме материалдары: стандарттар, бақылау сұрақтары,клиникалық есептер .
Сабақ өтілетін орын: оқу бөлмесі.
Практикалық сабақты өткізу уақыты – 270 минут
Сабақ барысы
1. Ұйымдастырушылық кезең – 5 минут: сәлемдесу, оқушылардың сабаққа катысуын, сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру - 25минут.
Ұйқы безінің қандай ауруының білесіз ?
Созылмалы панкреатит жиі қандай асқынуға әкеліп соғады .
Қантты диабетке жалпы түсінік беріңіз .
Қантты диабеттің қандай клиникалық белгілерін білесіз ?
Қалыпты жағдайда қандағы қант мөлшері ?
Қантты диабеттің қандай асқынулары бар ?
Қантты диабеттің диагностикасы зертханалық ,аспаптық зерттеудің маңызы .
Қантты диабеттің емі ,инсулинотерапия дегеніміз не ?
3.Анықтамалық білім жаңарту – 20 минут.
Қантты диабет анықтамасы ,этиологиясы, патогенезі ,клиникасы
Қантты диабет диагностикасы,емдеуі , емдәм;
Қантты диабет инсулинотерапия, ерекшеліктері .
Қантты диабеттің ерте асқынулары: кетоацидті,гипогликемиялық, гиперосмолярлы комалар
Қантты диабеттің кеш асқынулары :диабеттік гломерулосклерозы , диабеттік нейропатияның, диабеттік ретинопатияның,диабеттік табан , емдеуі, алдын-алуы ,ФАП жағдайында науқасты бақылау
4. Тәжірибелік іс-әрекеттердің орындалу техникасын түсіндіру және көрсету - 40 минут.
Науқасты сұрастыру, сол арқылы ауру туралы толық ақпарат жинау;
Науқасты физикалық тұрғыдан зерттеу (жалпы қарау, кеудені пальпациялау);
Қосымша зерттеудің жоспарын құру (зертханалық, аспаптық, функционалдық);
Науқастарды қосымша зерттеуге дайындау ,зерттеулердің нәтижелерін оқи білу
Оқытушымен бірігіп емдеу жоспарын жасайды. Жедел көмек стандарт бойынша үйрету.
5.Студенттің өзіндік жұмысы өткізу бойынша нұсқау беру - 5 минут
Білімалушыларға жұмыс орнын, күтім заттарын және медициналық құралдарды даярлау, қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін түсіндіреді;
Әрбір білім алушының меңгеретін тапсырма тізімдері мен таныстырады;
Манипуляцияны орындауіс-әрекеттері бойынша әрбір білім алушыларды стандарттар мен амтамасыз етеді ;
Әрбір білім алушыға берілген практикалық стандартқа сәйкес, барлық практикалық дағдыларды автоматтандыруға дейін жұмыс істеуге білім алушының көңілін аударады;
Орындалатын жұмысқа олардың байсалды көзқараспен қарауын талап етеді;
Білім алушыларға өзбетімен орындайтын жұмыс істеу уақытын және көлемін мәлімдейді.
6.Өз бетімен жұмыс істеу– 160 минут
(Клиникалық есептер шешу,стандарттарды оқу,күнделік толтыру)
Оқытушының жетекшілігі мен білім алушылар аз топтарға бөлініп келесі тапсырмаларды орындайды:
стандарт бойынша практикалық дағдыларды автоматтандыруға дейін бірнешірет қайталап, дәлме-дәл, істін реттілігін есептей отырып істейді (Клиникалық есептер шешу).
Оқытушы:
білім алушылардың жұмысын бақылайды, өз уақытымен қателіктерін жояды;
білім алушының жіберген қателерін дұрыстап, оларды дұрыс әдіске үйретіп, оқу процесін басқарып отырады;
манипуляцияның орындалу дұрыстығын бақылап, нашар ілім алушыны жеке үйретіп, әрбір білім алушының дағдыларды дұрыс орындауына жеткізеді;
7.Сабаққа қорытындылауды өткізу– 10 минут
Сабаққа талдау жүргізеді;
Әрбір білім алушының жетістіктері мен көрсете алмаған іс-әрекеттерін белгілей отыра баға қояды;
Тақырып бойынша, материалды түсінгенін анықтап, білім алушылардың сұрақтарына жауап береді;
Білім алушыларға істеген жұмысын түсіндіре отырып, баға қояды;
Тақырып бойынша білімін бағалайды;
Ең толық жауапты белгілейді;
Тақырып бойынш дағдыларды игерудің қорытындысын айтады;
Білім алушылардың клиникалық есептер шешу тексереді;
Қорытынды баға қояды.
8.Үйге тапсырма беру– 5 минут
«.Қан түзу жүйесінің аурулары. Анемиялар: темір, Вит В 12, фолийқышқылы тапшылық
гемолитикалық, гипопластикалық, апластикалық. Лейкоздар.Геморрагиялық васкулиттер» тақырыбын Б.Қалимұрзина « Ішкі аурулар» 2 том 314-377 б оқулығынан оқуды тапсыру.
Оқытушы: Ж.Ж.Жанбота_________
Әдіскер: Г.С.Кынырбекова __________
ДӘРІС № 21
ТАҚЫРЫБЫ: Ішкі секрециялы бездер жүйесі аурулары . Ұйқы без аурулары.Қант диабеті
ДӘРІС МАҚСАТЫ:
Білімділік (оқыту): білім беру, оқу-машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған
ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру
және т.б.
Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, сыни тұрғыдан логикалық және клиникалық
ойлау дағдыларын дамыту, топтың белсенділігін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге үйрету.
Түрлі жағдаяттар мен қосымша сұрақтар арқылы студенттердің нақты білімділігін айқындау.
Тәрбиелік: студенттердің адамгершілік, қөзқарасын, эстетикалық қасиетін, өз пікірін
қорғауды, тәртіп пен еңбекқорлық
ДӘРІС ЖОСПАРЫ :
1.Қант диабетіне анықтама беру .
2.Қант диабетінің этиологиясы ,патогенезі.
3.Қант диабетінің клиникалық бейнесі , диагностикасы .
4.Қант диабетінің асқыну зардаптары .Команың түрлері .
5.Қант диабетінің емі ,алдын алу .
Қант диабеті – деген аурудың аты гректің “diabino”(өту, өтіп кету) және “mellits” (тәтті) деген сөздерінен шыққан.
Этиологиясы мен патогенезі. Қант сусамырының басты себебі ұйқы безіндегі В – торшалары зақымдалып, олардың инсулин бөлу қызметінің нашарлауы болып табылады. В – торшаларының қызметі көбіне жұқпа немесе психикалық жарақаттан кейін бұзылады. Кейде ұйқы безі қабынғанда немесе бездегі қан айналысы бұзылғанда дамиды. Бұл аурумен науқастардың көбінде осы ауруға тұқым қуалайтын бейімділік байқалады. Зат алмасу дәрісіне басқа да іш сөлденіс бездерінің гормондары әсер етеді. Олар қандағы глюкозаның мөлшерін жоғарылатады. Бұл жағдайда инсулиннің мөлшері жеткілікті болғанның өзінде, көмірсулардың ыдырауы және сіңуі қиындайды. Сырқаттың дамуына әсер ететін мәнбірлерге семіздік, ұйқы безінің улы заттар мен улануы, ұзақ уақыт көмірсулар алмасуына әсер ететін дәрілерді қолдану және т.б. жатады. Осы айтып кеткен себептердің әсерінен қанда инсулиннің мөлшері азайып, көмірсулардың ажырауы және олардың торшаларға сіңуі, глюкозадан гликогеннің, майлы заттардың түзілуі бұзылады. Сондықтан қанда глюкоза көбейеді. Бүйректің өзекшелерінде қайта қанға сіңірілмегендіктен глюкоза зәрмен бөлінеді. Қант сусамырында көмірсулардың ыдырауы бұзылғандықтан денедегі әрбір мүшенің құрамына кіретін, әр торшаның тіршілігіне қажет ақуыздың түзілуі төмендейді. Көмірсу дәрісінің бұзылуымен қатар майлы заттардың алмасуы да бұзылады. Қанда майлы қышқылдар түзілуі баяулайды, ал бос майлы қышқылдар көбейеді. Бауырдың құрамында болатын гликоген аз түзілгендіктен, оның орнына бауыр торшаларына қандағы майлы заттар тұнады. Бауырда оттегінің қатысуымен жүретін зат алмасуы бәсеңдейді. Нәтижесінде қанда түгел ыдырап үлгермеген ацитон және басқа қышқыл заттар (В - оксимайқышқылдары) көбейіп, қанның қышқыл – негіздік тепе – теңдігі қышқылдыққа (ацидозға) ауысады. Сонымен қатар қант сусамырында ағзадағы электролиттер мен су алмасуы өзгереді. Зәрмен бөлініп шыққан глюкоза зәрдің қысымын жоғарылатады да, бүйрек өзекшелері арқылы судың қайта сіңуі тежеледі, шығарылатын зәрдің мөлшері көбейеді.
Клиникалық бейнесі Негізгі белгісі науқастың аузы құрғап, шөлдеуі. Науқас сұйықты көп ішуге мәжбүр болады. Бірақ қанша су ішсе де шөлі қанбайды. Суды көп ішкендіктен кіші дәреті жиілейді, мөлшері көбейеді (полиурия). Тамаққа тәбеті артып, жиі тамақтанады (полифагия). Науқас әлсірегенін сезеді, жұмысқа деген қабілеті төмендейді, дене терісі қышиды, теріге іріңді жаралар жиі шығады. Терісі құрғап, қабыршақтанғаны байқалады. Бет терісі қызарады. Қасынған жерлерде із қалады. Ұзақ ауырғандардың терісінің шелді қабаты семеді, аяқтарындағы жаралардың жазылуы қиындайды.. Қан тамырларының зақымдануынан ірі қан тамырларында атеросклероз дамып, ұсақ тамырларында қан ағысы бәсеңдейді, тіндерге оттегі мен басқа қоректік заттар аз жеткізіледі. Жүректің бұлшық еті зақымдалып, оның жұмысы әлсірейді. Қан айналысы бұзылғандықтан науқастың аяғы жансызданады, онда трофикалық жаралар пайда болады. Тыныс жолдарының шырышты қабықтары құрғап, трахеит, бронхит, өкпе қабынуы дамуы мүмкін. Қант сусамырына өкпе туберкулезі жиі қосарланады. Ас қорыту жүйесіне келер болсақ, науқастың ауыз қуысымен тілдің шырышты қабығы құрғап, тістері түсіп қалады. Май алмасу дәрісі бұзылып, бауыр зақымданып, циррозға ұшырауы мүмкін. Асқазан мен ішектің шырышты қабаттарындағы бездер семіп, сөл бөлу және асты сіңіру дәрістері нашарлайды. Қант сусамырында бүйректің зақымдануы нақты түрде білінеді. Бүйректің қан тамырлары зақымдалғандықтан зәрмен ақуыздар көп шығады (протеинурия). Сырқат асқына келе бүйректің ұсақ тамырларының қабырғалары шорланып, саңылауы бітеліп, улы заттарды бөліп шығару қызметі нашарлайды. Қан қысымы жоғарылайды. Көз тамырларының зақымданғынынан көз көру қабілеті төмендейді (диабеттік ретинопатия – көздің қанталауы). Қант сусамырындағы жүйке жүйесінің зақымдануына ерекше көңіл бөлу керек.. Науқастардың аяқ – қолы ауырып, саусақтарының жаны кетіп, күші азаяды. Осының салдарынан жылу сезімі бұзылып, ыстықты қолданғанда күйік зардабына ұшырауы мүмкін. Бұл түрі диабеттік нейропатия деп аталады. Ал диабеттік ангиопатияда ұсақ тамырларының қабырғалары шорланып, саңылауы бітеліп, қан айналымы бұзылып, науқастың аяғында трофикалық бұзылыстар байқалады.
Диагностикасы ..Қант сусамырын айқындау үшін қандағы және зәрмен бөлінетін глюкозаның тәуліктік мөлшерін анықтау қажет. Аш қарында сау адамның қанында 3,3 – 5,9 ммоль/л (60 – 100мг %) глюкоза болады. Қалыпты түрде ол зәрмен бөлінбейді. Қант сусамырына шалдыққан адамдардың қанында глюкоза тым көбейіп 7,7 ммол/л артады (гипергликемия), зәрмен бірге шығады (глюкозурия). Осы себептен зәрдің салмағы жоғарлайды. Қант сусамырының асқынған кезінде кетонемия мен кетонурия байқалады, тіндерде қышқыл заттар көбейіп, ацидоз дамиды. Қант сусамырының латентті жасырынды түрін анықтау үшін глюкозаға толеранттылық сынағы қолданылады. Аш қарында глюкозаның мөлшерін анықтап алып, науқасқа 75 гр глюкоза ішкізу керек. арнаулы уақыттан кейін қандағы глюкозаның мөлшері анықталады. Сау адамның қанындағы глюкозаның мөлшері 1 сағаттан кейін 9,9 ммольден, ал 2 сағаттан кейін 7,3 ммоль/л – ден артпауға тиісті. Егер глюкозаның мөлшері бұдан жоғары болса, зерттелген адам қант сусамырының жасырынды түрімен сырқат болғаны. Тағайындалған инсулиннің мөлшерін анықтау үшін науқастың бір тәулік бойы қандағы (гликемиялық сынақ) және зәрдегі (глюкозуриялық сынақ) көрсеткіштерін табады. Сканерлеу және ультрадыбыс әдістерін жүргізе отырып, ұйқы безінің көлемін, Лангерганс аралшасындағы торшалардың жағдайын, қабыну дәрісінің айқындығын байқауға болады. Қан тамырларының зақымданып, қан айналысының бұзылғанын электрофизиологиялық тәсілдермен (электрокардиограмма, реовазограмма) анықтауға болады.
Сырқаттың асқыну зардаптары. Жиі кездесетін асқынуларға көздің көрмей қалуы, аяқтағы жаралардың өлі еттеніп гангренаға ұшырауы, васкулиттер жатады. Иммун жүйесінің әлсіздігінен әр түрлі жұқпалар дамиды (стоматит, пиелонефрит, кандидоздар). Ең қауіпті асқыну – команың дамуы. Қандағы қанттың мөлшеріне байланысты 2 түрі болады: кетон қышқылды кома (гипергликемиялық) және гипогликемиялық кома.
1.Гипергликемиялық команың белгілері (глюкоза 18-20 ммоль/л )
Әсер ететін мәнбірлер Кома алдындағы жағдайдың
белгілері
1.Инсулин мөлшерін жеткіліксіз егу 1.Шөлдеу, әлсіздену
2.Дәм тәртібін сақтамау 2. Қозғалысының шектелуі
3.Психикалық қозу 3.Құсу ,лоқсу .
4.Жұқпалар, улану 4. Бастың, іштің ауыруы
5. Тәбеттің жоғалуы
Команың белгілері
Терінің және шырышты қабаттардың құрғауы
Аузынан ацетон иісінің шығуы
Тахикардия
Шулы дем алу (Куссмауль демі)
Артериялық қан қысымының төмендеуі
Көз алмасының тонусының төмендеуі
Гипергликемия (қандағы қант мөлшерінің көбеюі)
Глюкозурия (зәрдегі қант мөлшерінің көбеюі)
Кетон қышқылды кома (гипергликемиялық). Команың бұл түрі ағзаға инсулиннің жетіспеуінен, көмірсудың, майлардың алмасу дәрісінің бұзылуынан дамиды. Қант сусамырынан емделмеген науқастарда, инсу-линді жеткілікті екпегенде, тамақты тым көп ішкенде, ауыр жұқпалы ауру-лармен ауырғанда, шаршап шалдыққанда және психикалық жарақат алған-да пайда болуы мүмкін.Команың бұл түрі біртіндеп дамиды. Естен танарда оған кома алдындағы жағдай тән болады. Алдын ала сездірушілер мына-лар: тамаққа тәбеті шаппайды, басы ауырады, босаңсиды, әлсізденеді, шөл-дейді, зәрі көбейеді, іші ауырады. Содан кейін науқас адам есінен танады.
Аузынан ацетон иісі шығады, терісі құрғайды, көз алмасының бұлшық еттері босаңсиды, рефлекстері төмендейді. Дем алуы қатты, шулы, сирек (Куссмауль демі). Жүректің жұмысы нашарлайды, қанның қысымы төмендейді, тамыр соғуы жиілейді, әлсізденеді. Қанда қанттың және кетон заттардың мөлшері көбейеді, науқастың қаны қоюланады. Зәрдің мөлшері азаяды, тіпті анурия да байқа
2. Гипогликемиялық команың белгілері (глюкоза 3 ммоль/л төмен)
Команың белгілері
1.Тез арада білінуі 5. Қан қысымының төмендеуі
2.Көз қарашығы кеңейген 6. Гипогликемия
3.Тершеңдік 7. Тырысы, құрысу
4.Брадикардия
Гипогликемиялық кома - қантты сусамырда байқалатын команың екінші түрі. Бұл жағдай қандағы қанттың мөлшері тез төмендеп кеткенде пайда болады. Ол науқас адам мезгілінде тамақтанбаса, ауыр физикалық күш түссе немесе қант мөлшерін азайтатын дәрілердің мөлшері асып кеткенде байқалады. Бұл жағдайда қанда глюкоза күрт азайып, ми торшаларының көректену дәрісі бұзылады. Күтпеген жерден науқас әлсіреп, қол мен аяқтары дірілдеп, тілі байланып қалуы мүмкін. Тамаққа тәбеті ашылып, терлегіш келеді. Жүйкесі қатты қозып, есіріп, дер кезінде есінен танады. Бұлшық еттердің тонусы жоғарылап тырысып қалады. Көз жанары қимылсыз, жағы қарысып, сіңірі тартылады. Қанда глюкозаның мөлшері 3,3 ммол/л төмендейді. Зәрде глюкоза және ацетон байқалмайды.
Диабеттік ретинопатия – көздің қанталауы. Көз тамырларының зақымдануынан науқастың көз көру қабілеті төмендейді. Кейбір жағдайларда мүлдем соқырлыққа әкеліп соғады.
40-сурет
.Ретинопатия .
Диабеттік нефропатия. Бүйрек ұсақ тамырларының зақымдануынан бүйрек сүзбе жұмысы нашарлап, қан қысымы көтеріліп, науқас ісініп, бара-бара созылмалы бүйрек шамасыздығына әкеліп соғуы мүмкін.
Диабеттік нейропатия .«Диабеттік табан» - аяқ тамырларының зақымдануынан трофикалық өзгерістер дамиды. Екі түрде байқалады: ишемиялық – гангреноздық және нейропатиялық. Ишемиялық – гангреноздық түрінде аяқ мұздайды, цианоз білінеді, ауырсыну қатты сезіледі. Неше түрлі трофикалық жаралар байқалады.
Нейропатиялық түрінде науқастың аяғы жылы, терісі боз, бірақ сезімталдығы өте төмен. Соның әсерінен науқастар ыстықты сезбей, жиі күйіктерге ұшырайды.
Емі. Қант сусамырының бірнеше емдік қағидалары бар. Негізгі қағидасының бірі емдәм тәртібін сақтау. Емдәмнің басты шарты – ішетін тағамның құрамында сіңімді көмірсулардың аз немесе мүлде болмауы. Оның есесіне тамақтың құрамында көкөністер, витаминге мол жидектер болғаны жөн. Науқас адам аз – аздан, күніне 4 – 5 рет тамақтанғаны жөн. Науқастың тәуліктік қорегінің құрамындағы ақуыз, май және көмірсуларының ара қатынасы физиологиялық талапқа сай болуы тиісті. Қант сусамырында тағамдардың құрамында өте сіңімді көмірсулар (бал, қант, қантты шырындар, тәтті нандар, картоп т.б.) болмағаны жөн. Емдәмнің әсері болмағанда қант сусамырының негізгі ем қағидасы қандағы глюкозаны азайтатын дәрілерді қолдану. Оларға бигуанидтер мен сульфаниламидтер тобының дәрі-дәрмектері жатады. Бигуанидтер глюкозаның ішекте сіңірілуін азайтып, адамның тәбетін кемітеді, глюкогенез дәрісін бәсеңдетеді. Бигуанид дәрілеріне адебит -50 мг, сиофор-1000 мг, метформин -500 мг, диформен жатады. Сульфаниламид дәрілері ұйқы безіндегі В – торшалардың инсулин түзі қабілетін күшейтеді. Сонымен қатар олар бауырда гликоген түзілуіне әсер етеді. Сульфаниламид дәрілеріне бутамид, глюренорм-3мг, манинил -5мг, диабетон-80 мг, жатады. Қант сусамырының инсулинге тәуелді түрінде міндетті түрде инсулинмен қолданады. Инсулин қолданылатын жағдайлар: инсулин тәуелді қант сусамыры, кетоацидозды жағдай, басқа ауру қосарланғанда, науқасқа ота жасағанда, басқа дәрілердің әсері болмағанда. Инсулин емі үш басты қағидаға негізделеді: инсулин жеткіліксіздігін реттеу, зат алмасу дәрісінің өзгерістерін қалпына келтіру, аурудың асқынуларының алдын алу. Бұл жұмыс нәтижелі болу үшін сырқатқа ұшыраған науқас өз ауруын, емдәм, қимыл жағдай тәртібін біліп, өзін - өзі бақылай алу керек. Қандағы қанттың мөлшерін кемітетін дәрі – дәрмектермен қолдану ережелерін жақсы білгені жөн. Сонымен қатар шұғыл жағдайларда науқас және оның туыстары дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсете білу керек. Инсулиннің тәуліктік мөлшерін анықтау үшін қандағы және зәрдегі глюкозаның шамасын білу қажет. Кейінгі кезде қанттың қандағы деңгейін жедел анықтау үшін әртүрлі түсті жолақтарға негізделінген глюкомер құралы, ал аурулардың инсулинді өздері дұрыс мөлшермен берілуіне шприц - қаламсап қолданылады. Керекті инсулиннің мөлшері былайша есептеледі: қандағы 8,33 ммоль / л – ден жоғары глюкозаның әрбір 0,28 ммоль/л инсулиннің 1 бірлігі қажет. Инсулиннің 1 бірлігі қандағы қанттың мөлшерін 2,2 ммоль/л азайтады. Инсулиннің күндізгі және түнгі мөлшерінің ара қатынасы 2:1 шамасында болуы қажет. Науқастың инсулинді неше рет қабылдауы тағайындалған инсулиннің түріне байланысты: әсері қысқа мерзімді инсулин күніне тері астына 3 – 4 рет беріледі, орташа әсерлі инсулин күніне 2 рет беріледі. Оны қысқа немесе ұзақ әсерлі инсулинмен бірге қолданылады. Ұзақ әсерлі инсулинді тәулігіне 1 рет беріп, оған қоса тамақ ішер алдында қысқа әсерлі инсулинді берген жөн. Кейінгі кезде бір шпирцке қысқа мерзімді және ұзақ әсерлі инсулинді қосып сорып алып енгізеді. Инсулин қабылдайтын науқастардың қанындағы қант мөлшерін бақылап отырған жөн. Қазіргі кезде бұл сырқаттармен және олардың туыстарымен “Диабет мектептерінде” ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Инсулин терапиясының ережелері ұсынылады(егу уақытының тәртібі, керекті мөлшерін анықтау, егу технологиясы).
Алдын алуы. Біріншілік алдын алуға рационды тамақтану, дене шынықтыру, семіздіктің алдын алуы жатады.. Қант сусамырымен сырқаттанған пациенттер диспансерлік тізімге алынып эндокринологпен қаралып отырады.Қаралудың жиілігі сырқаттың ауырлығына байланысты. Қант сусамырының жеңіл түрінде жылына 1 рет, орташа түрінде 3 айда 1 рет, ал сырқаттың ауыр түрінде науқастар аптасында 1 рет қаралып отырады. Әр кез қарағанда көз көру аймағын анықтайды. Науқастар қант сусамырына арналған мектептерге барып, керекті мәліметтер алады. Өз өзін бақылау ережелерімен танысады. Тамақтануды жоспарлайды. Физикалық күшті шектейді. Қандағы қанттың мөлшерін азайтатын дәрі-дәрмектерді қабылдайтын ережелерімен танысады.
Бақылау сұрақтары
1. Қант диабет ауруына жалпы түсінік беріңіз.
2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді атаңыз.
3. Қант сусамыры ауруының негізгі клиникалық көрінісі немен сипатталады?
4. Сырқаттың ағымында қандай асқынулар кездеседі?
5. Диабеттік команың даму себептеріне не жатады?
6 . “Инсулинге тәуелді”, “инсулинге тәуелсіз” терминдерін қалай түсінесіз?
7. Гипергликемиялық және гипогликемиялық комаларда шұғыл жәрдем қағидасы немен сипатталады?
8. Қандағы қанттың мөлшерін азайтатын дәрілерді атап шығыңыз.
. ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: КӨРНЕКІ ЖӘНЕ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Білімін бағалау үшін тест сұрақтары екі нұсқада 10 сұрақтан(тақырып бойынша және құқықтық құзыретін бағалау үшін тест сұрақтары, яғни бұйрықтардан сұрақтар)
1-нұсқа
1.Қант диабетінің симптомдары:
полиурия ,полифагия
жаралардың баяу жазылуы
тез шаршау
ауыздың кебуі, құрғауы
аталғанның барлығы
2.Қант диабетінің даму себебі:
көмірсудің алмасуын бұзылуы
жүйке жүйесінің бұзылуы
ағза мен тіндердің бұзылуы
май алмасу бұзылуы
ақуыздың бұзылуы
3. Қант диабетінде тағайындалатын емдік үстел:
№ 1
№ 3
№ 5
№7
№ 9
4. Қандағы глюкоза деңгейі нормада болады:
7,5-9,5 ммоль/л
1,3-2,5 ммоль/л
9,5-12,5 ммоль/л
3,3-5,9ммоль/л
15-25 ммоль/л
5. Қант диабетінің ерте белгілеріне:
әлсіздік, бас ауыру,олигурия, гематурия, салмақтың артуы
құрысып тырысу және полиурия
әлсіздік, бас айналу, шөлдеу, түнгі энурез, лоқсу, тәбетінің артуы, салмақ азаюы
дене қызуының артуы, бөртпелердің пайда болуы
дене қызуының артуы, жөтел, ентігу, сырылды дем алу
6. Гипергликемиялық команың белгілері
Терінің және шырышты қабаттардың құрғауы
Аузынан ацетон иісінің шығуы
Тахикардия,Шулы дем алу (Куссмауль демі)
АҚҚ-ның төмендеуі ,көз алмасының тонусының төмендеуі
Барлығы дұрыс
7. Қант диабетінде асқыну болуы мүмкін:
ларингоспазм
кетоацидоздық кома
тұншығу ұстамасы
инсульт ,ми ісіну
құрысу,спазм
8. Қант диабетіндегі жалпы зәр анализде салыстырмалы тығыздығын тап :
1040
1020
1001
1015
1008
9. Гипогликемиялық команың клиникалық белгілері:
жалпы қозу,құрысу, терінің дымқыл тартуы, ес жоғалту
диарея және құрысып тырысу
тұншығу сезімі, ентігу
дене қызуы көтерілуі, жөтел
полиурия, гематурия, никтурия
10. Қант диабеті емдеуінде қолданады:
пенициллин бұлшық етке
глюкоза ерітіндісі к/т
кальций глюконат ауыз арқылы
инсулин тері астына
аскорбин қышқылы бұлшық етке
. ІІ-Нұсқа
1 Қант диабетінің асқынулары.
диабеттік ретинопатия
«Диабеттік табан»
диабеттік нефропатия
кома
барлығы дұрыс
2.Қант диабеті дамуында қауіп-қатер факторларына:
ұзақ ашығу
сұйықтықты аз қолдану
күйзелістер,алькоголь ,вирустар
күнге күю
майлы тағамдарды шамадан артық қолдану
3. Қант диабеті белгілеріне:
тәбетінің төмендеуі, олигурия
баланың құрысып тырысуы
салмақтың артуы, жөтел пайда болуы
полиурия, полидепсия, полифагия
дене қызуының жоғарылауы, ентігу
4. Қант диабетіндегі сусыздану белгілеріне:
тері мен шырышты қабаттарда бөртпелердің пайда болуы, қышу
денедегі іріңді теңбіл бөртпелер
тері мен шырышты қабаттардың құрғауы, терінің қабыршақтануы, тілінің ақшыл тартуы
баланың ішінің ауырып, іш өтуі
дене қызуының көтерілуі, жөтел және мұрын бітуі
5. Қант диабетінде глюкозаны өлшеп отыратын құрал
пикфлоуметр
барометр
тонометр
глюкометр
спирометр
6. Кетоацидозда енгізу қажет:
глюкоза ерітінділері, инсулин
гепарин ерітіндісі
физиологиялық ерітінділер, инсулин
папаверин және платифиллин
кальций хлорид, викасол
7. Гипогликемиялық команың даму себептері:
тамақты шамадан артық қабылдау
қимыл қозғалыстың аздығы
инсулиннің жеткіліксіз егілуі
стресс әсері
инсулиннің артық мөлшерде егілуі
8. Жасырын қант диабетін анықтауға жүргізген тест кезінде қандағы глюкоза 2 сағаттан соң,нормада болу керек
9,2 ммоль
5,3 ммоль
10,3 ммоль
7,3 ммоль
2,3 ммоль
9. Қант диабетін қолданатын препараттар
Адебит
сиофор
метформин
глюренорм
барлығы дұрыс
10. Қант диабетінің 2-түрі тұқым қуалауға қатысы:
тұқым қуаламайды
әдетте тұқым қуалайды
қуалайды, қуаламайды
2-ішде де тұқым қуалайды
жас кезде пайда болады
Жауап эталондары:
І-нұсқа
1.Д
2.А
3.Д
4.Г
5.В
6.Д
7.Б
8.А
9.А
10.Г
ІІ- нұсқа
1.Д
2.В
3.Г
4.В
5.Г
6.В
7.Д
8.Г
9.Д
10.А
3-нұсқа
1. 1 типті қант диабетінің белгілері.
А.Ұйқы безінің инсулин бөлетін жасушалары зақымдалады.
Б. Инсулин көп өндіріледі.
В. Билирубин көбейеді.
Г. Инсулиннің мөлшері барлық түскен глюкозаны жұмсауға жеткіліксіз.
Д. Инсулинрезисттенттілік
2. 2 типті қант диабетінің белгілері (2 жауап дұрыс).
А.Ұйқы безінің инсулин бөлетін жасушалары зақымдалады.
Б. Инсулин аз өндіріледі.
В. Инсулин мүлдем өндірілмейді.
Г. Инсулиннің мөлшері барлық түскен глюкозаны жұмсауға жеткіліксіз.
Д. Билирубин көбейеді.
3. Қалыпты жағдайда ересек адамның ұйқы безі тәулігіне қанша инсулин өндіреді?
А. 55-60 ЕД
Б. 90-95 ЕД
В. 80-90 ЕД
Г. 67-75 ЕД
Д. 35-50 ЕД
4. Диабеттің дамуына әкелетін себептер (4 жауап дұрыс):
А. Кәсіптік зиянды ықпалдар
Б. Семіру
В. Ауаның ластануы
Г. Суықтау
Д. Тұзды тағамдарды көп қолдану
5.Диабеттің жедел асқынулары:
А. Кетоацидотикалық кома
Б. Макроангиопатия
В. Микроангиопатия
Г. Тиреотоксикалық криз
Д. Эндемиялық зоб
6. Қант диабеті кезінде қандай емдәм тағайындалады ?
А. №2
Б. №8
В. №7
Г. №3
Д. №9
7. 2 типті қант диабеті компенсациясының неғұрлым мүмкін критерийі:
A. HbA1с деңгейі 8,0 %
Б. HbA1с деңгейі 9,5 %
В. Зәрдегі глюкоза деңгейі 0,5 %
Г. Қандағы холестерин деңгейі 6,0 ммоль/л
Д. Глюкозаның ашқарынғы қандағы деңгейі 7,0 ммоль/л
8.Науқас 42 жаста, артық дене алмағынв, АҚҚ жоғарылауына, шөлдеуге, полиурияға шағымданады. Объективті: Бойы- 174 см, салмағы - 100 кг. Ашқарынға гликемия 9,9-10,7 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тағайындау:
A) Амарил
Б) Сиофор
В) Диабетон
Г) Моноприл
Д) Сибутрамин
9.Бойжеткен 20 жаста, шөлдеуге, дене салмағының артуына, шағымданады. Объективті: Бойы - 162 см, салмағы - 94 кг. ДСИ - 35,8 кг/м2. Ашқарынға гликемия - 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин – 5,2 ммоль/л, триглицеридтер – 2,4 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тағайындау:
A) Манинил
Б) Ксеникал
В) Диабетон
Г) Новонорм
Д) Симвастатин
10. Естің толық жоғалуымен көрінетін диабеттік кетоацидоздың ең ауыр дәрежесі.
A) Гиперкетонемиялық кома
Б) Гиперосмолярлық кома
В) Гиперлактатацидемиялық кома
Г) Гипогликемиялық кома
Д) диабеттік ретинопатия
4-нұсқа
1.Дене салмағы артық 50 жастағы әйелде ашқарынға гликемия деңгейі екі рет жоғары болған 6,9 и 7,2 ммоль/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:
A) Семіздік
B) Қант диабеті 1 тип
C) Қант диабеті 2 тип
D) Ашқарынға гликемияның бұзылуы
E) Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы
2.К. атты науқас, 24 жаста айқын салмақ тастағанына (бір ай ішінде 9 кг), аузының құрғауына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруына, жүрек айнуына, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, алақандары және табандары сарғыш реңді, фурункулез. Зәр анализінде қант - 2,9% және ацетон. Неғұрлым тиімді тағайындау:
A) бигуанидтер
B) сульфаниламидтер
C) инсулинді қоспалар
D) қысқа әсерлі инсулин
Е) ұзақ әсерлі инсулин
3.
Көздің көруінің нашарлауы:
А)
диабеттік ретинопатия
Б) диабеттік
нейропатия
В) диабеттік микроангиопатия
Г)
диабетикалық табан
Д) диабеттік
дерлопатия
4.
Диабеттік нефропатияның белгісі
А)
Протеинурия
Б) Артериялық қан қысымы
төмендейді
В) Микроангиопатия
Г)
Блефарит
Д) Ретинопатия
5.
Қалыпты жағдайда глюкозаның қандағы
мөлшері?
А)
3,8-6,7
Б) 7,8-11,1
В) 10,5-15,5
Г) 9,8-11,1
Д)
9,5-13,5
6.
Науқастардың аузының құрғап, шөлдеуі:
А)
гипергликемия
Б) глюкозурия
В)
полиурия
Г) полидипсия
Д) булиния
7.
Кішкене қан тамырларының зақымдануы:
А)
диабеттік ретинопатия
Б) диабеттік
нейропатия
В) диабеттік микроангиопатия
Г)
диабеттік табан
Д) диабеттік дерлопатия
8.
Диабеттің дамуына әкелетін себептер.
А)
ұйқы безі аурулары
Б) гастрит
В)
бронхит
Г) плеврит
Д) тұзды тамақтарды
көп қолдану
9.
Өте қысқа әсер ететін препараттар
(3-4сағат).
А)
пенициллин
Б)
цефалоспорин
В)
ново-рапид
Г) актрапид
Д) хунупин
10.
Ұзақ әсер ететін препараттар (24 сағат)
А)
Инсунан-рапид
Б) Хунупин
В)
Цефалоспорин
Г)
Детемир
Д) Протафан
Жауаптары:
3-нұсқа
1.А
2.Г
3.Д
4.Б
5.А
6.Д
7.Д
8.Б
9.Б
10.А
4-нұсқа
1С
2.Д
3.А
4.А
5.А
6.Г
7.В
8.А
9.В
10.Г
Есептер:
Есеп №1
Науқас Л., 64 жаста, дәрігерге алғаш рет ауыздың кебуі, шөлдегіштік, жиі дәретке отыру, дене салмағын жоғалтуы, әлсіздік, шаршығыштық сияқты шағымдармен келді. Обьективті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, дене бітімі астеникалық типте, тілі бүлдірген тәрізді, ауыздан ацетона иісі шығады (шіріген жидектерге ұқсас). Зертханалық: қандағы қант құрамы 10,6 ммоль/л көтерілген.
Аталған клиникалық және зертханалық белгілер қандай патологиялық жағдайға тән?
Жауабы :қант диабет 2 типі, гипергликемия .
Есеп
№2
Аурухананың
қабылдау бөліміне ес-түссіз науқасты
алып келген. Науқаста терең, шулы тыныс,
терісі мен кілегей қабаттарының құрғауы
байқалған. Тыныс шығарғанда ацетон иісі
шығады. Қандағы қант – 25 ммоль/л, кетондық
денелер – 0,57 ммоль/л.
1.
Мұндай жағдай қалай деп аталады?
2.
Емі ?
Жауабы : Гиперосмоллярлық кома.Физ ерітінді 400,0 к/т+қысқа әсерлі инсулин .
Есеп №3
Науқас Л. 15 жаста, ес-түссіз жағдайда стационарға келіп түсті. Туыстарының айтуы бойынша 10 жасынан бастап тұрақты түрде инсулинотерапияда (хумулин НПХ 8.00 – 16 ЕД, 17.00 – 8 ЕД, хумулинрегуляр 8.00 – 6 ЕД, 13.00 – 4 ЕД, 17.00 – 6 ЕД) . Гликемии деңгейі 7,0 – 8,0 ммоль/л. Озін нашар сезінуі және есін жоғалтуы физикалық жүктемеден кейін болған.
Объективті:есі жоғалған, тері жабындылары ылғалды. Бұлшықет тонусы және сіңір рефлекстері жоғарылаған. Шайнау бұлшықеттерінің тырысуы.Жүрек тондары анық, ритмді, шулар жоқ. Пульс - 96 уд.в мин., АД - 100/55 мм рт. ст. Тынысы жиі, беткей, сырылы жоқ. Тілі ылғалды. Іші жұмсақ
Лабораторлық зерттеу нәтижелері .
Глюкоза қанда – 2,7 ммоль/л, зәрдегі қант (-), ацетон (-).
1. Диагноз қойыңыз және оны дәлелдеңіз
Гипогликемиялық кома, ҚД I, орташа ауырлықта, декомпенсация
2.Команың патогенетикалық механизмін түсіндіріңіз.
Энцефалоглюкопения физикалық жүктемеден кейін.
3. Осы науқастағы команың дифференциальды диагностикасы
Кетоацидоздық –айқын, гиперосмолярлық – қарт адамдарда көбінесе, жедел қабыну, үлкен көлемді күйіктер, инфаркт. Бұл екі кома да біртіндеп дамиды, гиперосмолярлық түрі тіптен 5-7 күнде, ал гипогликемияда – кенеттен. Тағы да: лактатацидемиялық кома: бұл кездегі қосарланған патология: кез-келген генезді гипоксемия ( ЖСЖ, тыныс жеткіліздігі). Бр.астма, обструктивті бронхит, созылмалы бүйректік және бауырлық жеткіліксіздік, бигуанидтермен ем. Биохимия: нормогликемия немесе әлсіз гипергликемия(12-16 ммоль/л), ацетонурии жоқ.
4. Жедел көмек шаралары
В/в 40% глюкоза 60 мл, егер көмектеспесе, 3 минуттан кейін қайталау. Есі қалыпқа келгенге дейін тамшылатып, 5% глюкозу, егер көрсеткіштер болмаса, онда 0,1% адреналин 0,5 мл п/к. В/в или в/м 1-2 мл глюкагона.
Ұзаққа созылған комада: 30-60 мг преднизолон в/в.
Есеп №4
Науқас Ж., 12 жаста, қабылдау бөліміне мынадай шағымдармен келді жалпы әлсіздік,ұйқышылдық,полиурия,асқа тәбеттің төмендеуімен,жүрек айнуы,іш аймамағындағы ауыру сезімімен(қант диабетімен 5 ж бері ауырады,тұрақты инсулино терапияда ).Соңғы 2 аптада созылмалы пиелонефриттің асқынуы болған
Объективті:,науқас жағдайы жағдайы орташа ауырлықта,сұрақтарға қиындықпен жауап береді,тері жабындылары құрғақ,терісі ыстық,тері тургоры төмен,бет әлпеті бозғылт. СІҢІР РЕФЛЕКСТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН.Тілі құрғақ,қызыл жабындымен қапталған.Тыныс шулы,ацетон иісі тыныс шығарғанда сезіледі.Пульс 100 рет мин.АҚ - 90-60 мм.с.б.Пальпацияда эпигастрии аймағында ауыру сезі.
Қосымша зерттеу:
ЖҚА – эритроцит- 4,6 х 1012/л, Нв – 138 г/л, лейкоцит – 6,8 х 109/л, п-3%, с-64%, л-31%, м-2%, СОЭ – 32 мм/чсағ.
Холестерин – 7,2 ммоль/л, кетон денелері – 10,2 ммоль/л, рН қан – 7,2. Глюкоза қанда – 20,3 ммоль/л. Зәрде қанда – 46 ммоль/л, ацетон зәрде (+++).
ЭКГ – Т тісшесінің қысқаруы, QRST комплексінің ұзаруы1. Лабараторлық зерттеуді бағалаңыз.
pH веналық қанда нормада 7,32-7,42 кетон денелері- 1,4, т.е.бұл жерде жоғары
2. Диагнозыныз:
Гипергликемиялық кома, ҚД1, тяж.ауыр ағымды, декомпенсация
3.Ауру нәтижесін анықтаңыз:
Нәтижесі ауыр,емді өз уақытында жасауына байланысты
Есеп №5
Науқас Оспанова Гүлмира мынандай шағымдар мен емханаға келді. Жалпы әлсіздік, шаршанқылық, ауру сезімі, күйдірген тәрізді сезім, көзінің көруінің нашарлауы, жас ағу, аяқтарынның ісуі, ауыздың құрғауы. Обьективті зерттегенде: терісі құрғақ, T=36,7C. АҚҚ 190-100мм.сбб. Терісі бозарған, қышынған іздері бар.
Сұрақтары.
1.Диагноз қойыныз.
2.Емі.
Жауаптары:
1.қант диабеті. I тип, ауыр деңгейі.
2. тәртіп III, диета №9/1
Гипотензивті препараттар :
Capoteni 0,5 N20
Д :S.S. Таблетка, күніне 2 рет
Циннаризин 1 таблетка, күніне 3 рет
Гастрофарм 1 таблетка, күніне 3 рет
Na этамзилат ерітіндісі 12,5%-2 ш бұлшық етке 10.
Есеп №6
Антон Василъевич 24.02.2011жылы мынадай шағымдармен ауруханаға келді. Антон төменгі аймақтардағы ауру сезіміне шағымданады, сонымен бірге, тез шаршайды, әлсіздік, шөлдеу, есінің бұзылуы, үлкен дәретінің бұзылысы және көрудін нашарлауы мазалайды. Обьективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа, есі анық, терісі қалыпты құрғақ, лимфа түйіндері үлкеймеген, бауыры ұлғайған, ауру сезімі бар. Көкбауыр үлкейген. Биохимиялық қан аналмзінде қант мөлшері көбейген 9,5ммоль/л.
Сұрақтары:
1. Диагноз қойыныз.
2. Емі.
Жауаптары:
1. Қант диабеті, инсулинге тәуелді тип.
2. диета №9,
Lipostabil 1caps. 3Рет күніне
Trental амп.15%-10мл в/в капелно N15.
Витаминотерапия:
Кокарбоксилаза 50мл в/м N15
Тиамина хлорид 0,002 N50 1таб. 3 рет
Vit B1, B6 в/м күн ара.
Есеп №7
Аурухананың қабылдау бөліміне ес-түссіз науқасты алып келген. Науқаста терең, шулы тыныс, терісі мен кілегей қабаттарының құрғауы байқалған. Тыныс шығарғанда ацетон иісі шығады. Қандағы қант — 25 ммоль/л, кетондық денелер – 0,57ммоль/л.
Сұрақтары:
1.Науқасқа диагноз қойыныз.
2.Емі.
Жауаптары:
1.Ауыр гипогликемия.
2.Көк тамырға 40% 40-100мл глюкоза ертіндісін жібереді.
150-200мл гидрокортизонды көктамырға немесе бұлшық етке жібереді.
1-2мл глюкогон, аскорбин қышқылы, жұрек-тамыр препараттары.
Есеп №8
Жандосов Ернар нарыз айының басында өзін жайсыз сезінетінін айтып, мынандай шағымдармен ауруханаға келді: шөлдеу, көп мөлшерде зәр бөлу, тырнақтары сарғыш, сынғыш және жүдеген. Сонымен бірге біраз уақыт бұрын тұмаумен ауырған.
Сұрақтары.
Диагноз қойыңыз.
Емі.
Жауаптары:
Қант диабеті. І түр (Инсулинге тәуелді диабет)
№9 диета тағайындаймыз. Диета нәтижесіз болған жағдайда инсулин тағайындаймыз.
Гастрофарм 1 таблетка, күніне 3 рет
Na этамзилат ерітіндісі 12,5%-2 ш бұлшық етке 10.
Есеп №9
Ахметова Жазира өзіндік шағымдарымен дәрігер қабылдауына келді.
Шағымдары: жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, тамаққа тәбеті жоғарлаған, тершеңдік, терісі қышиды, салмақ қосқан (семірген), іші ауырады.
Сұрақтары:
Диагнозы қандай?
Қолданылатын емі.
Жауаптары:
Қант диабеті. ІІ түр (Инсулинге тәуелді емес диабет).
№9 диета.
Манинил — 5мг, диабетон- 80мг, глюренорм – 3мг
Қантты төмендететін шөптер: қара жидек жапырағы, бақбақ, түйе жапырақ, қырыққабат шырыны, левзеяның сұйық экстракты, т.б. қолданылады.
Бағалау көрсеткіштері:
Барлық жауап дұрыс –«5»
1-2 қате –«4»
3 қате –«3»
4 және одан да жоғары қате «2»
ӘДЕБИЕТ:
НЕГІЗГІ, ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Ішкі аурулар»1- 2 том. Б.Қалимұрзина-Алматы 2007ж.
2.«Ішкі аурулар пропедевтикасы» Мұратбекова.К-Кокшетау 2006ж.
3. «Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы» Б.Н.Айтбембет. – Алматы.: «Эффект» баспасы, . 2010 ж
Тақырып № 21 Ішкі секрециялы бездер жүйесі аурулары . Ұйқы без аурулары.Қант диабеті. 1.Оқытудың міндеттері:
шағымдарын, анамнезін сұрастыруды және тәжірибелік дағдыларды қолдана отырып ішкі ағзаларының патологиясы бар науқастарды зерттеуді үйрету;
ішкі ағзалардың ауруларының ең жиі кездесетін симптомдар мен синдромдардың диагностикасын жүргізуге үйрету;
қазіргі заманға сай зертханалық және аспапты зерттеу тәсілдерінің интерпретациясын және ішкі ағзаларының аурулары бар науқастардың диагностикасын үйрету;
өмірге қауіпті жағдайларда, бірінші дәрігерлік көмек көлемінде, шұғыл медициналық көмек көрсету тәсілдерін және тәжірибелік дағдыларды үйрету
2.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қант диабетіне түсінік беру .
Қант диабетінің этиопатогенезі .
Қант диабетінің клиникалық көрінісі
Қант диабетінің диагностикасы .
Қант диабетінің лабораториялық ,және аспаптық зерттеулерді тағайындау.
Қант диабетінің емі .
Қант диабетінің созылмалы асқынулары : микроангиопатия (диабетикалық ретинопатия,нефропатия),макроангиопатия (диабетикалық табан).
Қант диабетінің жедел асқынулары : гипогликемиялық ,гипергликемиялық комаларда жедел көмек көрсету .
Қант диабетінің алдын алу.
3. Стандарттық операциялық рәсімдер .
Стандарт
Экспресс әдіспен зәрде ацетонды анықтау
Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіші: қант диабеті, диабеттік кома
Кері көрсеткіші: жоқ
Жабдықтар: пробирка, нитропруссид натрий ерітіндісі, қолғап
Іс – әрекет алгоритімы:
Қолды жуып, қолғап кию;
Аз мөлшерде науқастың зәрін пробиркаға құямыз;
Нитропруссид натрия ерітіндісін қосамыз;
Реакция нәтижесі:
- Егер несепте ацетон оң болса, көгілдір түс байқалады;
- Өзгермеген несеп – несепте ацетон жоқтығын білдіреді;
5. Қолғапты шешіп, контейнерге салу;
6. Пробирканы дез. ерітіндіге салу;
7. Қолды жуу;
8. Тексерудің нәтижесін ауру тарихына енгізу;
Стандарт
Инсулинді енгізу техникасы.
Мақсаты: емдік
Көрсеткіші: қант диабеті, диабеттік кома
Кері көрсеткіші: гипогликемиялық жағдай
Жабдықтар:
Инсулин қысқа немесе ұзақ әсер ететін;
Инсулин шприцы
Спирттелген мақта домалақтары;
Қолғап;
Ережелері:
1)инсулиннің енгізу дозасын, сағатын және жиілігін қатаң сақтау;
2)енгізер алдында флаконды жақсылап сілку және 25-30С дейін жылыту;
3)бір шприцте инсулиннің бірнеше түрін араластырып алуға болмайды;
4)иньекция орнын спиртпен өңдегеннен кейін оның кебуін күту;
5)инсулин енгізу орындарын 6-7 күнде бір рет ауыстырып отыру (липодистрофияның алдын-алу үшін);
6)инсулин іштің алдыңғы бөлігінен тез сіңеді;
7)ыстық ванналар, жылытқыш қою сіңуді тездетеді;
8)инсулин салғаннан кейін аурудың 15-20мин. көлемінде тамақтануын қадағалау қажет;
9)инсулинді тоңазытқышта +4, +6С сақтау қажет;
10)инсулин т\а тамақтанудан 30мин бұрын енгізеді, флаконда 5мл шығарылады;
11)1мл-де 40ЕД (бірлік) инсулин бар;
Іс-әрекет алгоритмы:
-инс.сорып алудың алдында инс.шкаласы «бөлігінің бағасын» анықтаңыз.Инс.шкаласының кішкентай бөлігі 2 ЕД сәйкес;
-пропорцияны пайдаланып, қай бөлікке дейін сізге инс.дозасын сорып алу керектігін санаңыз:
1 бөлік-инсулиннің 2 бірлігі;
X бөлік-инсулиннің керек дозасы;
X-10ЕД
X=10:2=5 бөлік
-аралас шприцті қолданған кезде, басқаша есептеуге болады:1 мл-40ЕД
0,1мл-4 ЕД инсулин
X-керек дозадағы инсулин;
-шприцке керек мөлшерінен көбірек сорып алыңыз, ауаны шығарғанда және иненің өткізгіштігін тексергенде инсулин сыртқа шығады;
-инсулинді т\а енгізу;
Стандарт
Зәрді глюкозуриялық профильге анықтау алгоритмы
Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіші: қант диабеті
Кері көрсеткіші: науқастың комалық жағдайы
Ж
абдықтар:
таза,
құрғақ шишалар, сыйымдылығы 1 л.
Іс – әрекет алгоритмы:
3 шишаны кешкісін дайындап қою;
Науқасқа жүргізу мақсатын түсіндіру;
Таңғы сағат 6-да науқасты ояту;
Қуықты түнгі зәрден босату керек;
Науқасқа 1-ші шишаны беру, ол сағ 6 -дан сағат 14 –ге дейін жинайды;
Екінші порцияны сағат 14-тен сағат 22- ға дейін;
Үшінші порцияны сағат 22-нан сағат 6 –ға дейін жинайды;
Стандарт
Гипогликемиялық кома кезіндегі шұғыл көмек
Мақсаты: емдік
Көрсеткіші : гипогликемиялық кома.
Кері көрсеткіштері: жоқ
Жабдықтар : 40% глюкоза ертіндісі, женіл сіңірілетін көмірсулар
Жедел көмек:
1. Гипогликемиялық алғашқы сатысы болса, оны басу үшін науқасқа көмірсуларға бай тағамдар беру: ол 50-100г, қант, жылы суға немесе шайға ерітілген. Мәмпәси, бал, 100 г ақ нан, печенье.
2. Мүмкіншілік болса қандағы қант мөлшерін анықтау (3,3 ммоль/л темен).
3. Кеш сатыда дереу 40-80 мл -40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға енгізу, бұдан нәтиже болмаса, онда мл глюкагон ерітіндісін тері астына немесе бұлшық етке енгізу, ал егерде бұдан көмек шықпаса, онда 1 мл - 0,1% адреналин гипохлорид ерітіндісін тері астына жіберу.
4. Науқас есіне келісімен оған көмірсуларға бай тағам беру
5. Егер де науқасқа көмек көрсетпесе онда ол терең гипогликемиялық комаға кетеді. Осы кезде қан қысымын өлшеу, жүректің жиырылу жиілігін, тыныс алу жиілігін өлшеу. Көк тамырға 100 мл дейін 40% глюкоза ерітіндісін енгізу керек. Қосымша 5% глюкоза ерітіндісін (500-1000 мл/сағ) көк тамырға тамшылату және дереу науқасты реанимация бөліміне тасымалдау.
6. Тасымалдау кезінде 1-2 мл глюкагон ерітіндісін енгіз, 0,5 мл - 1% адреналин гидрохлоридті бұлшық етке жіберу, 60-80 мг преднизолон немесе басқа да глюкокартикоидты препаратты эквивалента мөлшерде енгізу.
Стандарт
Гипергликемиялық кома кезіндегі шұғыл көмек
Мақсаты: емдік
К
өрсеткіші:
гипергликемиялық кома.
Кері көрсеткіштері: жоқ
Жабдықтар: инсулин, физ. ертіндісі
Іс – әрекет алгоритімі:
1.Дәрігерді
шұғыл шақырту .
2. Дәрігердін тағайындауы
бойынша инсулинді дайындау және енгізу.
3. Натрий хлорид ертіндісімен системаны көк тамырға енгізу.
4. Науқастың жалпы жағдайын бақылау.
5.
Пульс, қан қысымын бақылау.
5. Екіншілік
инфекцияны алдын алу мақсатымен науқастың
терісі мен шырышты қабаттарына күтім
жүргізу.
6. Қандағы глюкоза деңгейін
қалпына келтіру үшін науқасты реанимация
бөлімшесіне тасымалдау.
Клиникалық есептер
Есеп №1
Науқас 18 жаста ес түссіз жағдайда БСМП-ның қабылдау бөліміне жеткізілді.Анасының сөзі бойынша Қант диабетімен ауырады.Тәулігіне 42 ЕД инсулин қабылдайды. Көп физикалық жұмыс істеген, инсулин қабылдаған, тамақ ішпеген . Тексергенде:терісі құрғақ,бұлшық еті әлсіз,көз қарашығы кішірейген,жарыққа реакциясы жоқ.Пульс 90 рет минутына.АҚ 90/60 мм.с. б.ТЖ 24 рет минутына.Қандағы қант 2,0 ммоль/л .
1.Қандай диагноз қоясыз.
2.Жедел көмек жоспарын құрастырыңыз.
3.Қандай бөлімшеге жібересіз.
Есеп №2
2. Егде жастағы әйел, қантты диабеттің 2 типімен ауырады ( инсулинқажеттілік этап) реанимациялық бөлімшеге жатқызылған. Объективті: есі анық емес, жарыққа қарашық реакциясы сақталған, гиперрефлексия. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген. ТАЖ – 26 минутына. Ацетон иісі. Гликемия- 22 ммоль/л, рН – 7,1, калий 3,3 ммоль/л.
1.Қант диабетінің қандай асқынуы ?
Жауабы :1.гипогликемиялық кома .реанимация2.гипергликемиялық кома .
4. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Практикалық сабақ: кәсіптік құзіреттілік аймағының көлемінде манипуляцияларды меңгеру үшін, клиникаға дейінгі кабинеттерде және клиникалық базаларда жүргізіледі.
5.Бақылау әдістері: студенттерді аралық іріктеу сынағын өткізу арқылы тексеру.
6.Бақылау сұрақтары:
1. Қант диабет ауруына жалпы түсінік беріңіз.
2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді атаңыз.
3. Қант сусамыры ауруының негізгі клиникалық көрінісі немен сипатталады?
4. Сырқаттың ағымында қандай асқынулар кездеседі?
|
|
|
|
|
|
И |
|
|
|
|
|
|
||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Н |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
С |
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
У |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Л |
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
И |
|
|
|
|
|
|
|
||||||||
|
|
|
|
|
|
|
Н |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||
Сөз жұмбақ
Сұрақтары:
Қант диабетімен ауыратын науқастар міндетті түрде қандай дәрігердің есебінде тұрады?
Инсулиннің әсеріне байланысты ұзақ әсер ететін препарат?
Гиперлактатацидемиялық кома кезінде қандай тыныс пайда болады?
Қант диабетінің клиникалық белгісі?
Ауыр гепогиликемиялық жағдайда тез арада көктамырға қандай ерітінді жіберіледі?
Қанда шамадан тыс кетон денелерінің жиналуы?
Өте дамыған кетоцидоз кезінде бөлмеде қандай иіс шығады?
Сөзжұмбақ жауаптары:
1.эндокринолог2. лантус3.куссмаул4. шөлдеу5.глюкоза6.кетоацидоз7.ацетон
ӘДЕБИЕТ:
НЕГІЗГІ, ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Ішкі аурулар»1- 2 том. Б.Қалимұрзина-Алматы 2007ж.
2.«Ішкі аурулар пропедевтикасы» Мұратбекова.К-Кокшетау 2006ж.
3. «Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы» Б.Н.Айтбембет. – Алматы.: «Эффект» баспасы, . 2010 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген