жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қант. жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
«Ж Болғанбаев атындағы орта мектеп-лицейі»КММ
Ғылыми жоба
Тақырыбы: « Қанттың адам өміріндегі орны»
Дайындаған: Думанқызы Батима.
Жетекші: Раисова Мадина Жумашевна
Мектеп директоры:---------------- Багисова БК
Самар ауылы -2016-2017 о ж.
Мазмұны
1.Кіріспе:
1.1.Қанттың шығу тарихы.
2.Негізгі бөлім
2.1. Қанттың зияны.
2.2.Қанттың пайдасы.
2.3.Қанттың ерекше қолданысы.
2.4. Қанттың әлеуметтік маңызы.
2.5. Тағамдар пісіруде қанттың орны.
3.Қортынды.
4.Пайдаланған әдебиеттер.
1 Кіріспе
Кез келген үйдің дастархан басында наннан кейін қант тұратыны белгілі. Осы түсінікке біздің үйренгеніміз соншалықты, қантсыз дастархан бар дегенге сенгіміз келмейді. Шайға салғанды жақсы көреміз, ал тарихын білетініміз күмәнді.Қанттың бірнеше түрі бары белгілі. Ол жан-жануарларда да, өсімдіктерде де кездеседі. Алайда, адамдардың қант туралы әңгімесі қант қызылшасы мен қант қамысының өнімі турасында ғана өрбиді және сол турасында түсініктері өрілген. Бүгінгі таңда әлемдік экспорттың 62 пайызы қанты қамысы болса, 37,5 пайызын қант қызылшасы құрап отыр. Тәтті дәмі арқылы көпшілікті тартып тұратын өсімдік осыдан мың жылдай бұрын Жаңа Гвинеяда пайда болған. Сол уақытта осы өсімдік үшін қанша тайпалар өз-өздерімен соғысып, қорғап қалуға жандарын салысқан. Бірақ, ол туралы түсінік бізде қайдан болсын. Бар болғаны қант туралы әңгіме өрбісе болды, шайымызға қатқымыз келіп тұрады.
Содан бері қаншама ғасырдың ширегінде, қоғамның дамып, өркениеттің жаһандануына байланысты қант зауыттары көптеп ашыла бастады. Қантты өндірудің өнеркәсіпте нешеме түрлері шығып, дүниежүзілік экспортқа айналып кете барды. Ең бірінші сатушылар мен көпестер қантты Тынық мұхит бойына алып шықты. Кейінірек Азия мен Индонезия, Филиппин аралдарына жетіп, күнделікті тұтынатын өнімге айналдырып жіберді. Алайда, қанттың тарихы осымен бітпейді.Кейбір ғалымдардың ойынша, қант қамысы бұрынғы өткен замандарда Үнді елінде тараған. Алғаш қантты көріп, Еуропаға жайып жіберген Александр Македонский болатын. Бәріміз білетіндей, мүйізі бар адам б.з.д. 325 жылы Үнді еліне жорық жасаған. Олар алғаш қант қызылшасын көргенде, арасы жоқ бал есепті өсімдікке балаған.Содан Үнді елінен жол алып шыққан қант Персияға жеткен. Ал Персия елі 500 бен 700 жылдар аралығында Сирия, Палестина, Египет, Жерорта теңізі бойын жаулап алып, қантты тұтынуды дағдыға немесе әдетке айналдырып жіберген сыңайлы.Қант қызылшасы ең бірінші рет Америка Құрама Штаттарына 1751 жылы жеткізілді. Сол уақыттағы түрлі діни ағымдардың миссионерлерінің бірі қантты Гаитиден Жаңа Орлианға, содан Луизиана штатына алып барған. Қант өнімі 1795 жылы тұрақты экспорт көзіне айналады.
Қант — қант қызылшасы мен қант қамысынан алынатын тағамдық өнім. Ақ, сары немесе қоңыр түсті, тәтті дәмді кристалл. Қант және шақпақ қант (рафинад) түрінде шығарылады. 100 г қанттың энергетикалық құндылығы (калориялылығы) 1,68 МДж (400 ккал) шамасында. Құрамы жағынан қанттардың көпшілігі – көмірсутектің сумен қосылысы Сn(Н2О)m. Мысалы, гексоза С6Н12О6, сахарозаС12Н22О11, сондықтан оларды көмірсулар деп те атайды. Қант кондитер, нан пісіру, консервілеу, шарап жасау, т.б. өндірістерде пайдаланылады.
Тағам ретінде қолданылатын қант адам организмінің қалыпты тіршілік етуіне бірден бір қажет химиялық заттар — қанттар мен көмірсулар тобына жатады. Көмірсу және май алмасуының бұзылуымен бірге жүретін кейбір ауруларда (диабет, семіру) қантты пайдалануды бірден шектеген жөн. Дене еңбегімен жеткілікті дәрежеде айналыспағанда, әсіресе қарт адамдарға қантты мөлшерден тыс пайдалану жүрек-қан тамыр ауруларын туғызады. Қант күрделі (крахмал, лактоза, сахароза) және қарапайым (глюкоза, фруктоза) болып екі топқа бөлінеді. Ең кең тараған күрделі қант — крахмал — нанның, картоптың, жарманың құрамында болады. Көкөністерде, жемістерде және басқа кейбір азық-түліктерде крахмалдан басқа, лактоза (сүт қапты), өзіндік ас қанты — сахароза (қызылша немесе қант құрағы) бар. Бұл өнімдерде жай қант та кездеседі, олардың ішінде ең жиі тарағаны глюкоза (виноград қапты) және (жеміс-жидек қанты). Глюкозаның көп мөлшері — жүзім шырынында, ал фруктозанікі — жеміс-жидектер мен балда болады. Қарапайым қант (әсіресе глюкоза) организмге жеңіл сіңеді және бәрінен де көп мөлшерде энергия береді, сондықтан оларды шұғыл түрде адамның әл-қуатын молайтатын заттар қажет болған кезде пайдаланған жөн.
Ас қантын — сахарозаны — қант қызылшасының тамырынан және қант құрағынан алады.
Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) — қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 – 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 100 – 125 күн. Қант қызылшасы – құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3,6 кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 – 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант з-ттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5 – 4,5 мм және 4,5 – 5,5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 – 7,5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі
2.1. Қанттың зияны.
Ең айқын қант көзі – әрине, тәтті сусындар, кондитерлік бұйымдар мен пісірме, сонымен қатар қант қосылған кофе мен шай. Бірақ егер тері жастығын шынымен ұзартқың келсе, ақ нан мен паста сияқты қарапайым көмірсуларды тұтынуды қысқартуың керек. Одан басқа, азық-түлік құрамын қарап, жасырын қант көздерін ізде, мысалы жүгері сірнесі гликация қарқындылығын 10 есе көбейтеді.
Мәңгілікке бас тартатын өнімдердің бірі. Өйткені оның адам денсаулығына зиянды тұстары өте көп. Ол туралы эндокринолог дәрігер қанттың қаншалықты зиян екендігін тізіп шығады. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға соны ұсынуды жөн көріп отырмыз.
1. Қант сіздің иммунитетіңізді әлсіретеді.
2. Бактериялық жұқпаларға қарсы күресуді төмендетеді.
3. Бүйрек ауруларына шалдықтырады.
4. Ағзаңызға хром микроэлементі жетіспейтін болады.
5. Сүт безі, қуықалды безі қатерлі ісігіне әкеліп соқтырады.
6. Глюкоза мен инсулин мөлшерін көбейтеді.
7. Кальций мен магнийді бойыңызға сіңіруді бұзады.
8. Көзіңіздің көруін төмендетеді.
9. Қан құрамындағы гемоглобиніңізді көбейтеді.
10. Ойық жаралы колит ауруын шақырады.
Мінеки, мынадай ауруларға тап болмау үшін оның орнын бал, кептірілген жемістер, үйеңкі шәрбаты, арпадан істелген ашытқы секілді заттармен ауыстыруға болады. Сондықтан бүгіннен бастап қантты өзіңіздің ас мәзіріңізде артық мөлшерде тұтынбаған жөн.
ҚАНТ ТЕРІҢНІҢ КҮЙІНЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ
Қанттың зияны – дене пішіміңді бұзатыны және тұтас денсаулығыңа жағымсыз әсер ететіні туралы оқып көрген шығарсың. Бірақ қант әжім пайда болуының бір себебі болып табылатынын білесің бе?
ҚАНТ СЕНІ ҚАЛАЙ ҚАРТАЙТАДЫ
Қанттың артығы теріңде коллаген синтезі азаятын 35 жаста әсерін көрсете бастайды. Ғылыми тұрғыдан бұл келесідей орын алады: глюкоза коллаген мен эластан талшықтарын «жабыстырады», соның нәтижесінде тері жасушалары қатайып, әлсірейді. Осы үдеріс гликация деп аталады (гуглдан қара). Сырттан бұл әжім, тері серпімділігі жоғалу және күңгірттену түрінде – қартаю белгілерінің классикалық жинағында көрінеді.
Бірақ қант коллаген бүлінуіне әсер етіп қана қоймайды. Ол теріңнің жасушалары шығаратын коллаген типіне де әсер етеді. Мықты берік талшықтар әлсіз және сынғышқа айналады, олар теріңнің ең қатал жауы – күн сәулелерімен қоса, қоршаған ортаның зиян әсерлеріне шалдыққыш!
Қанттың зиянын қаншалықты зиянын білу үшін біз Самар орталық ауруханасының эндокринолог дәрігері: Зияданова Сабира Қажибековнамен сұхбаттастық. Сонымен қатар тіс дәрігері Муслим Ақанұлымен сұхбат жүргіздік. Ол бейнебаянда бар.
2.2Қанттың пайдасы және оның пайдалану ерекшілігі.
Қант пайдасы.
Біз ішетін тағамдардың ағзамызға қажет маңызды құрамдас бөліктерінің бірі -көмірсулар. Олардың 400–500 грамы адамның тәулікте ішетін асының жартысынан көбірегімен, яғни 1600-2000 калориямен қамтамасыз етеді.
Соңғы кезде ғалымдар семіруге тек майлы тамақ қана емес, сонымен қатар көмірсулары мол тамақ та себеп болады деген пікірге келіп жүр. Дене еңбегімен шұғылданбайтын адамға шамамен тәулігіне 300-350 грамм көмірсу қажет. Егер адам бұл шамадан көбірек жесе, семіріп кетуі мүмкін.
Қантты көп жеу қантты диабетке ғана емес, атеросклероз бен жүрек қан тамырлары сырқаттарына әкеліп соқтыра алады. Онша көп күш жұмсамайтын адам тәтті тағамдарды шамадан көбірек жесе, тек қанттан ғана емес, крахмалдан да ағзасында артық заттар жинала бастайды. Артық желінген қант зат алмасуын бұзып, қандағы холестериннің мөлшерін арттырады, ішектегі микробтардың витаминдерді, әсіресе организмге қажет В 12 витаминін синтездеу қабілетін төмендетеді. Көптеген зертханаларда жүргізілген бақылауларға қарағанда, адамның қанында қант ұзақ уақыт бойы сақталып, адам ағзасы оны уақытында сіңіруге үлгермейді екен.
Осы жағдайлардың бәрін ескерген шетелдік зерттеушілердің барлығы да қантты шамадан тыс жеуге қарсы. Қантты жемеу керек дегенді әсіресе егде, семіз адамдарға айтқан дұрыс.
Пайдалы қант.
Қант тұтынудың кеңес берілетін деңгейі – күніне 6 кішкентай қасықтан асырмай (шамамен100 кКал). Фруктоза мен лактоза сияқты табиғи қант түрлері ағза үшін пайдалы болуы мүмкін. Олар ағзаңа қажетті, пайдалы жасұнық, витаминдер мен антиоксиданттармен бірге барлық жемістер мен көкөністерде, сонымен қатар сүт өнімдерінде бар.
Диета ұстанушыларға қантты тағамдарды, кәдімгі тазартылған шақпақ қантты, тәтті бәліштерді жемеу керек. Егде және аз қимылдайтын адамдардың тәулігіне қантты 50 грамнан асырмағаны жөн. Одан да, тәтті жеміс-жидек пен табиғи өнімдерді жегеніңіз дұрыс. 200 гр алма, алмұрт немесе жүзімде 15 гр фруктоза, тек 2% ғана сахароза болады екен. Ал фруктоза мен лактоза қанттары кездесетін жеміс-жидектер, сүт кез келген адамға пайдалы.
Жұғымды тағамда крахмал мен қантты дұрыс шамаластырып отырудың маңызы зор. Дене еңбегімен шұғылданбайтын, есейген және егде адамдарға көмірсудың жалпы мөлшерінде қант 17%-дан аспауы қажет. Ал балалар мен жасөспірімдер тамағында қанттың 25%-ға дейін болғаны жөн.
Қанттың адамға қажеті кәдімгі
тағам ретінде пайдаланылатын қант адам организмінің қалыпты
тіршілік етуіне бірден-бір қажетті химиялық заттар – қанттармен
углеводтар (көмірсулар) тобына жататын қоспалар. Қант күрделі және
қарапайым болып екі топқа бөлінеді.
Күрделісі – крахмал, лактоза, сахароза, қарапайымы– глюкоза,
фрукоза. Күрделі қант – крахмал нанның, картоптың, жарманың
құрамында, қарапайым қант –глюкозаның көп мөлшері– жүзім шырынында,
фруктоза – жеміс-жидектер мен балда. Қарапайым қант организмге
жеңіл сіңеді және бәрінен де көп мөлшерде күш-қуат (энергия)
береді. Сол себепті адамның күш-қуатын шұғыл түрде көбейту қажет
болғанында оған глюкозасы бар жеміс шырынын ішуге кеңес береді.
Қантты 200 градустан жоғары қыздырғанда бояғыш заттар пайда болып,
жіктеуге түседі. Қант орнына қолданылатын заттар – сорбат пен
ксилит. Бұларды қантты пайдалануға болмайтын жағдайда (қант
диабетімен ауырғанда) қолданады. Қанттың пайдасымен зияны адам
тұтынатын тағамдардың ішіндегі заттарда көмірсулар зор маңызға ие.
Олардың 400-500 грамы адамның бір тәулікте ішетін асының жартысынан
көбін, яғни 1600 – 2000 калориямен қамтамасыз етеді. Ғалымдар
семіруге майлы тағамдармен бірге көмірсулар мол аста себеп
болатынын айтады. Содан, дене еңбегімен шұғылданбайтына дам шамамен
тәулігіне 300-350 грамм көмірсу қажет екенін ұмытып, құрамында
көмірсулар мол тағамды көбірек жесе де семіріп
кетеді.
2.3 Қанттың ерекше қолданысы.
Қант біздің түсінігімізде денсаулығымыз бен сырт келбетімізге жағымсыз әсер ететін тәтті қоспа. Алайда оның ерекше қолданылуы кейбір жағдайларда пайдалы болуы мүмкін.
Ғалымдардың жүргізген сараптамаларының нәтижесі таң қалдырмай қоймайды. Қант ауыр ауруларды қоздыратын, сондай-ақ жаралардың тез емделуіне кедергі келтіретін бактерияларды залалсыздандыра алады екен. Бактерияларға дамып көбейуі үшін ылғал қажет, ал қант артық ылғалды өзіне жұтып алады.
Ащы тамақтан кейін ауызға салынған бір кесек қант ащы дәмді оңайлықпен баса алады.
Қант қосылған дене терісіне арналған скрабтар баяғыдан-ақ танымал. Ондай скрабты өзіңіз де жасап алсаңыз болады. Оны зәйтүн майы мен кез келген эфир майының бірнеше тамшысымен араластырып қолдана беріңіз. Теріңіз таза, нәзік бола қалады.
Міне қызық: егер далап жағылған ерінге құмшекер сеуіп, бірнеше секундтан кейін жалап жіберсеңіз, далап әлдеқайда ұзақ сақталады.
Қантты дақ кетіргіш ретінде де қолданады. Ол шөптің ізінен қалған, және т.б. дақтарды оңайлықпен кетіреді. Суланған даққа қантты сеуіп, бірнеше сағатқа қойып қойыңыз.
Кофе ұсатқыш, блендер, ет тартқыштағы қалған жағымсыз иістерді (сарымсақ, кофе, т.б.) қант кетіре алады.
Қант тіліңіз ыстық шай не кофеге күйіп қалғанда көмекке келеді. Қант салынған қасықты тіліңізге қойсаңыз, ауырғаны сол сәтте қояды.
Ерініңізге далап дұрыс жағылмай ма? Ерініңізге зәйтүн майы мен қантты араластырып жағыңыз. 30 секундтан кейін оны сүртіп тастап, далапты жаға беріңіз.
Қант сыйланған гүлдердің ғұмырын ұзарта алады. Гүл тұрған суға 3 ас қасық қант, 2 қасық сірке суын қосыңыз. Қант гүлдің бұтағын сақтаса, сірке суы оны бактериялардан қорғайды.
Қант – құрамы біртекті жалпы сахарозадан
туратын өнім. Сахароза көптеген өсімдіктерде болады, әсіресе ол
қант тростнигінде және қант қызылшасында көп. Қант қоғамдық
тамақтану өнімі. Сондай –ақ кондитер,консерві, нан басқа тамақ
өнеркәсібінің шикізаты болып табылады. Қант жеңіл және толық
организмге сіңеді, энергия көзі және гликоген, май түзілудің
материалы болып табылады. 100 г қанттың энергетикалық құндылығы 410
ккал құрайды. Қант артық мөлшерде қабылданса, организмге зиян
келтіреді:
Жүрек тамыр жүйесіне әсер етеді, май алмасу
бұзылады,диабеттің даму каупі ұлғаяды, тіске әсер етеді. Қанттың
тәуліктің физиологиялық нормасы 100 г құрайды, бірақ оны адамның
жасына денсаулығына байланысты дифференциалау
керек.
Қант өндірісінде өндіріске алып келінген қант
қызылшалары алдымен тазаланады, өлшенеді, содан сон турағыш
машинасына жоңқаланады да диффузиялық аппаратқа түсіп судың
көмегімен шырыны алынады. Шырынның құрамында қанттан өзге де
қоспалар бар. Олардан тазарту үшін шырынға әк суын қосып
дефекацияланады,сатурацияланады(көмірқышқыл бар газбен),
сульфидтанады содан сон әр түрлі сүзгілермен сүзіледі. Шырынды
қоюлату үшін оны қайнатып буландырады, содан сон
сульфидтайды(күкірт газымен). Содан сон қоймалжың масса вакуум
аппаратта қайнатылып құрамындағы құрғақ заттардың мөлшері 92.5%-ке
жетеді. Мұның құрамында 50% -ке дейін қант кристалы болады.
Кристалдарды ажырату үшін масса ортадан тепкіш центрифугаларға
салынып өңделеді. Оның тор көзді барабанының ішінде қант
кристалдары, ал сыртында сұйық қоспалар шығады. Қант кристалдары
бумен немесе ыстық сумен жуылып, қайтадан қантқа қаныққан, бірақ
бөгде заттардан тазаланбаган ерітіндіге қосылады. Осы масса
қайтадан вакуум аппаратта буланады да, одан алынған қант
кристалдары кептіріліп қаптауға жіберіледі. Қантты қант құрағынан
да өндіреді. Мұның өзгешелігі құрғақты жаныштап содан алынған шырын
тазартылып, сүзіліп ары қарай қант қызылшасы сияқты
өңделеді.
Қант өндірісімен өндірілетін қанттың негізгі
түрлері: құмшекер және рафинад қант болып
бөлінеді.
Құмшекерді 16-18% ал кейде 25% сахарозасы бар
қант қызылшасынан алады. Сахароза пектиндермен, бояғыш, азотты
заттармен минералды заттармен және басқа қант емес заттармен бірге
ерігенткүйде клетка шырынында
болады.
Рафинад қант кәдімгі құмшекермен
салыстырганда едәуір жоғары тазалық дәрежесімен сипатталады. Ондағы
сахароза мөлшері 99.9% болу
керек.
Барлық рафинад қанттар үшін шикізат ретінде
стандартты сапалы құмшекер қолданады. Рафинад қантының әр түрлерін
алудың ерекшелігі бар,бірақ алғашқы өңдеу кезеңдері бірдей. Ол
құмшекерді еріту, тазалау және алынған сиропты мөлдірету, сиропты
вакуум аппаратта сахароза кристалдары түзілгенше қайнату(рафинад
уфтелін алу) операцияларынан тұрады. Ары қарай рафинад уфтелін
шығарылатын қант түріне байланысты
өңдейді.
Рафинадталған құмшекерді рафинад уфтелінен
сахароза кристалдарын бөлу, сумен жуу және кептіру арқылы алады.
Оны кристалдардың өлшемі бойынша майды (0.2-0.8мм), орташа
(0.5-1.2мм), ірі (1.0-2.5мм) және ерекше ірі (2.0-4.0) турлеріне
іріктейді.
Кесек түріндегі рафинад қантын престеу және
құю арқылы алады.
Престелген қантты рафинад қантын уфтилінен
бөлінген және ерекше таза қант ерітіндісі пен жуылған ылғалды қант
кристалдарын престеу арқылы алады. Престелген бөлшектерді кептіреді
және суытады. Кристалдардың ылғалдылығы мен престегенде қысылу
дәрежесіне байланысты қанттың 3 түрін өндіреді:бөлшек түрінде
престелген, құйылған қанттың қасиеті бар, тез
еритін.
Құю арқылы рафинад алу көп еңбекті қажет
етеді. Ыстық рафинад утфелін конус тәрізді және металл формаларға
құяды да кристалл аралық сироптан сахароза қосымша кристалдану
мақсатында суытады. Кристалдар бірігу нәтижесінде утфиль
тығыздалады. Оны клерспен жуып кептіреді. Кептіру кезінде клерс
қабаттарынан қосымша кристалдар түзіледі де қант құрылымы берік
болады. Құйылған қанттардың массасы 5-60г дейін дұрыс емес пішінді
бөліктер күйінде
өндіреді.
Рафинад ұнтағы рафинад қантының түйірлерін
ұнтақ болғанша майдалап алады, бөлшектерінің өлшемі
0.1мм.
Қант сапасына қойылатын талаптар. Қант
сапасын екі стандарт бойынша құмшекер және рафинад қантқа арналған
бойынща бағалайды.
2.4 Қанттың әлеуметтік маңызы.
Үкімет қаулысымен 27 түрлі азық-түлік өнімі әлеуметтік маңызы бар деп бекітілген. Оның ішінде қантта бар.
Ал жаз маусымында қанттың бағасы қымбаттап, тұрғындардың қалтасына салмақ түсірді.Жеміс-жидек пісіп,бағасы түсіп жатқанымен,қант бағасының шарықтап кетуі қарапайым тұтынушы үшін түсініксіз. Осыған дейін келісі 170 теңгеден сатылған қант арасына 3-4 күн салысымен 400 теңгеден саудаланды.
12 шілде -260теңге.16 шілде-300 теңге. 19 шілде-400 теңге.
Бұл жағдай халықтың наразылығын туғызды. Самар ауылы бойынша қазіргі күнде дүкендерде қант бағасы әр түрлі.
-
ӘЛІШЕР дүкені-265 теңге
-
ШЫҒЫС дүкені-320 теңге
-
АЗИЯ дүкені-350 теңге
-
АМАН дүкені-360 теңге
2.5.Тағамдар пісіруде қанттың орны.
Қант – бірегей өнім. Әр түрлі тағамдардың, сусындардың, нан және кондитерлік өнімдердің маңызды ингредиенті . Қанттан тек тәтті балмұздақтар мен тосаптар ғана емес түрлі тәтті кәмпиттер жасауға болады. Жұмыс барысында мен түрлі – түсті кәмпит пен қатты кәмпит жасадым.
Тәтті кәмпит жасау жолдары. Қарапайым қатты кәмпит бізге бала кезімізден таныс. Оны дайындау оңай. Ол үшін бізге қант, су, уксус керек.Түрлі – түсті тәтті кәмпиттер жасау. Шайға дәм беретін, кәмпиттерді жасау өте оңай. Ол үшін бізге қант пен су және қажет.
Мен биыл жазда анаммен бірге жеміс жидектерден тосап пен компот қайнаттым.
Жүзімнен-10 банка
Алмадан 15 банка
Шиеден 10 банка компот
Таңқурайдан 10литр
Жидектен 8 литр
Қарақаттан 15 литр
Шабдалыдан-10литр тосаптар дайындадық Бұған 1 қап қант кетті.Тосап дәрумендер мен минералдарға бай. Алайда пайдалы заттарын жойып жібермес үшін оны әдеттегідей қайнатуға болмайды. Тосаптың ішіндегі ең пайдалылары – таңқурай, айва, қарақат пен жаңғақ тосаптары. Қарақат, таңқурай, шиеден жасалған тосаптарды жақсы көрмейтін жан кемде кем шығар. Әсіресе тосаптың бұл түрлерін қыста тұмау тигенде шайға қосып ішудің пайдасы көп. Сондықтан да болар жаз басталысымен нәзікжандылар қыстың қамына қамданып тосап пісіруге білек сыбана кірісіп кетеді.. Таңқурайда бағалы биологиялық белсенді заттар көп. Ол С, А, Е, РР және В2 дәрумендеріне бай, яғни терінің реңін келтіріп, келбетті келтіреді.
Компорт- ол шөліңді басатын,дәрумендерге бай сусын. Дүкеннен алынған соктан,шырыннан пайдасы көбірек өйткені дүкенднгі шырындарға химиялық қоспалар ,консерванттар,бояулар қосады.Ал біз компот жасағанда тек қант қосамыз.
Шабдалы – денсаулық пен сұлулықтың қайнар көзі. Құрамындағы магний күйзелісті жеңіп, темір анемияның алдын алады. шабдалы С және В, Е, К, РР топтарының дәрумендеріне және каротинге бай.
ШИЕ. Жеміс құрамындағы органикалық қышқылдар, каротин, С дәрумені, фолий қышқылы мен қызыл пигмент антиоксидант ретінде жұмыс істейді
Қорытынды.
Адамның миы миллиондаған нейрондардан тұрады. Ал ол қанттың құрамында болатын глюкозаға тікелей тәуелді! Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек құрамында қант бар азық түлікті тұтынбасақ адамның ақыл-ойы да нашар дамиды. Кішкентай балаладың тәттіге құмары да сондықтан,яғни, ағзадағы қажеттілік.Егер сіз тәттіні көп жесеңіз соғұрлым миыңыз белсенді жұмыс істейді. Оған нақты дәләл бар.
Атақты физик Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Энештейн күніне жарты келі қант жеуді әдетке айналдырған. Өзінің жеке күнделігінде де ғалым былай деп жазады «Мен тәтті жемесем мүлде ойлана алмаймын»
Сондай-ақ ұлы ғалымдардың біразы тәтті құмар болған.
Италиян химигі Амадео Авакадро тортты жақсы көрсе, Ленародо да Винчи жұмысына кіріспес бұрын міндетті түрде бал тұтынған. Ал француздың атақты жазушысы Альберд Кенью күніне 2келідей карамель кәмпит жеп тауысқан деседі.
Дегенмен де кез келген нәрсені шамадан тыс қолдансақ денсаулыққа зардабын тігізеді. Эндокринолог дәрігерлер соңғы кезде қантты есірткінің жеңіл түріне жатқызып жүр. Өйткені, күн санап тәттіқұмар жандар саны көбейіп барады.Сондықтан қанттың өзін тұтынғаннан гөрі құрамында глюкозасы мол азық түлікті көбірек жеген абзал. Олар түрлі дәндер мен кептірілген жемісте болады. Қант тістің жауы.
Міне, қанттың құпияға толы сыры осындай. Бір ескертеріміз, есте сақтау қабілетіңді жақсартамын деп тәттіні мөлшерден артық тұтынып зардабын тартып жүрмеңіз. Сондай ақ тәттіні аз жеген де ағзаға зиян екенін ескергейсіз Кеңесіміз кәдеге жарасын !!!
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Қазақстан табиғаты: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011
-
Цветы из королевской глазури авторы Кери Гриффис
-
Искусство создания сахарных цветов автор Алан Данн (SugarFlowerSkillsbyAlanDunn)
-
Яхнин Л. Вкусные картинки. М. Малыш. 1988г. 14 с.
-
Журнал "Торт Деко" Май 2014
-
https://ru.wikipedia.org/
-
Дерек көзі: www.justlady.ru

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген