жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қант қызылшасы шырынын спектрофотометрде талдау

«ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»
мемлекеттік мекемесі
«АҚСУ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Оқу сабағының жоспары №
Сабақ тақырыбы: Қант қызылшасы шырынын спектрофотометрде талдау
Модуль/пән атауы: Км 02 Химиялық заттардың химиялық және физикалық қасиеттері мен тұрақтылығын анықтау
Оқыту нәтижесі: Зертханалық практикада аналитикалық химияның негізгі түсініктері мен заңдарын қолдану
Педагог: Советбекова Айзада Асхатовна дайындады.
2026 жылғы «____» ______
1. Жалпы мәліметтер:
Курс, топ: ІІ, 25 топ
Сабақтың түрі: ашық сабақ
2. Сабақ мақсаты,міндеттері:
Қант қызылшасы шырынының құрамындағы еріген заттардың (бояғыштар, қоспалар, органикалық қосылыстар) мөлшерін
спектрофотометриялық әдіс арқылы анықтау, ерітіндінің оптикалық қасиеттерін зерттеу және алынған нәтижелер негізінде шырын
сапасын бағалау.
3. Күтілетін нәтижелер:
Спектрофотометрдің жұмыс принципімен танысу
– жарықтың жұтылуы мен ерітінді концентрациясы арасындағы байланысты түсіну.
Зерттелетін шырын үлгісін дайындау
– сүзу, қажет болған жағдайда сұйылту және кюветаға құю.

Өлшеу толқын ұзындығын таңдау
– максималды жұтылу аймағын (λmax) анықтау.
Оптикалық тығыздықты (D немесе A) өлшеу
– қант қызылшасы шырынының жарықты жұту қабілетін анықтау.
4. Қажетті ресурстар: Интерактивті тақта, презентация, бейнематериалдар,платформалар дидактикалық материалдар
5. Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі \
уақыт
Педагогтің әрекеті Студенттің әрекеті Бағалау
1 2 3 4
І. Ұйымдастыру
(5 мин)
Сәлемдесу. Оқушылар бір-бірімен амандасады.
Сыныптың ішінде психологиялық ахуал туындату: «Химиялық формула» арқылы
Білім алушыларды топқа бөлу «Химиялық колбалар»арқылы, 1,2 топқа болу:
Білім алушыларға өз-өздерін бағалауға «Бағалау парағы »ұсынылады

Сабаққа дайындық
Сабақтың тақырыбы. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлермен таныстыру.
Cабақтың тақырыбын Миға шабуыл: «Иә, жоқ» сұрақтарға жауап беру genially платформасы арқылы анықтау.
1. Спектрофотометр ерітіндінің түс қарқындылығын өлшей ме?
✅ Иә
2. Қант қызылшасының шырыны жарықты әртүрлі толқын ұзындығында әрқалай сіңіре ме?
✅ Иә

3. Ерітінді концентрациясы артқан сайын жарықтың сіңірілуі азая ма?
❌ Жоқ
4. Спектрофотометрлік талдау кезінде химиялық реакция міндетті түрде жүруі керек пе?
❌ Жоқ
5. Спектрофотометр арқылы шырындағы кейбір заттардың мөлшерін анықтауға бола ма?
✅ Иә
ІІ. Өзін-өзі тексеру
(5 мин)
«Сұрақ- жауап» арқылы үй тапсырмасын
қорытындылау:
1.Аналитикалық химия нені зерттейді?
2. Заттың сапалық және сандық
талдауының айырмашылығы неде?
3.Титриметриялық әдіс қандай принципке
негізделген?
4. Гравиметриялық әдісте өлшенетін негізгі
шама қандай?
5.Физика-химиялық әдістерге қандай талдау
түрлері жатады?
6. Аналитикалық әдістер өндірісте не үшін
қажет?
Сұраққа жауап беру
10 -балл

ІІІ. Жаңа білім
(20 мин)
«FLIKI AI» платформасы арқылы
видеоролик білім алушыларға тақырыпқа
анықтама.
Қант қызылшасы шырынын
спектрофотометрлік талдау — бұл шырын
құрамындағы еріген заттардың мөлшерін
жарықтың жұтылу қасиетіне негізделіп
анықтайтын физика-химиялық
аналитикалық әдіс.
Әдістің негізі — ерітінді арқылы өткен
монохроматты жарықтың белгілі бір
толқын ұзындығында жұтылу дәрежесін
өлшеу. Шырындағы бояулы немесе реакция
нәтижесінде боялған қосылыстар жарықты
белгілі бір мөлшерде сіңіреді. Осы сіңіру
шамасы заттың концентрациясына тікелей
пропорционал болады (Бугер–Ламберт–Бер
заңы).
Спектрофотометрлік талдау қант
қызылшасы өндірісінде шырынның:
оптикалық тығыздығын;
бояғыш заттар мөлшерін;
органикалық қоспаларды;
тазалық дәрежесін;
Білім алушылар экранға қарап
«Қант қызылшасы шырынының
спектрофотометрмен талдау»
тақырыбына назар аударып,
керекті материалдарды дәптерге
жазып отырады
50 балл

технологиялық сапа көрсеткіштерін
анықтау үшін кеңінен қолданылады.
Бұл әдіс жоғары дәлдігімен,
жылдамдығымен және аз мөлшердегі
үлгімен жұмыс істеу мүмкіндігімен
ерекшеленеді, сондықтан қант
зауыттарының зертханаларында негізгі
бақылау әдістерінің бірі болып саналады.
1- тапсырма
Практикалық бөлім «FLIKI AI»
платформасында нұсқау картасы
айтылады білім алушыларға жеке
ұсынылады. Білім алушылар 2 топқа
бөлініп: 1- топ «Спектрофотометрмен»
талдау жұмысын жасаса, 2- топ
«Спектрфотометрмен» виртуалды талдау
жұмысын жасайды.
2-тапсырма «Топтық жұмыс ».Тақырып
бойынша есеп шығару
1-топ
1-есеп. Оптикалық тығыздықты есептеу
Берілген:
- Сұйылту қатынасы: 1:5
- Өлшеу кезінде оптикалық тығыздық: A =
0,36
1-тапсырма. Практикалық бөлім
бойынша дескриптор( 20 балл)
Тапсырма мазмұны:
Практикалық бөлім «FLIKI AI»
платформасында нұсқау картасы
арқылы түсіндіріледі.
Білім алушылар 2 топқа бөлініп
жұмыс жасайды:
Нұсқау картасымен
танысады
Қажетті құрал жабдықтарды
дайындайды
Нұсқаулық бойынша жұмыс
жасайды
Қорытынды жасайды
2-тапсырма «Топтық жұмыс
».Тақырып бойынша есеп шығару
(20 балл)
Тапсырма мазмұны:
Білім алушылар 2 топқа бөлініп есп
шығарады:
1- топ
Студент сұйылту
коэффициентін дұрыс
қолданады.

Шешу жолы:
Сұйылтылған үлгінің оптикалық
тығыздығы белгілі: A = 0,36
Нақты үлгінің тығыздығын табу үшін
сұйылту коэффициентін көбейтеміз:
A_нәтиже = A_өлшеу × 5 = 0,36 × 5 = 1,80
Жауабы: 1,80
2-есеп. Толқын ұзындығын таңдау
Берілген: 340 нм, 420 нм, 660 нм
Шешу жолы:
Қызылша шырынындағы бояғыш заттар 420
нм толқында жарықты жақсы жұтады.
Басқа толқындар дұрыс емес, себебі
жарықты аз жұтады немесе қате мәлімет
береді.
Жауабы: 420 нм
3-есеп. Концентрацияны анықтау
Берілген:
- Калибровкалық график: A = 0,40 → C = 6
г/л
- Өлшенген A = 0,60
Шешу жолы:
C = (A_өлшенген / A_стандарт) ×
C_стандарт = (0,60 / 0,40) × 6 = 9 г/л
Жауабы: 9 г/л
2-Топ
1-есеп. Параметрді таңдау
Берілген: Толқын ұзындығы 500 нм
Шешу жолы:
Дұрыс толқын ұзындығы 420 нм, себебі
қызылша шырынындағы бояғыш зат осы
толқында жарықты жұтады.
Жауабы: 420 нм
Оптикалық тығыздықты нақты
есептей алады.
Қызылша шырынына сәйкес
толқын ұзындығын дұрыс
таңдайды.
Калибровкалық график
бойынша концентрацияны
дұрыс есептейді.
2-Топ
Виртуалды спектрофотометрде
дұрыс толқын ұзындығы мен
параметрлерді орната алады.
Үш өлшемнің орташа мәнін
дұрыс есептейді.
Виртуалды және нақты өлшеу
нәтижелерін салыстырады.
Айырмашылықты анықтап,
себептерін түсіндіре алады.

2-есеп. Орташа оптикалық тығыздық
Берілген: 0,45; 0,47; 0,46
Шешу жолы:
A_орташа = (0,45 + 0,47 + 0,46)/3 = 0,46
Жауабы: 0,46
3-есеп. Нәтижелерді салыстыру
Берілген:
- Нақты зертханада: A = 0,48
- Виртуалды: A = 0,46
Шешу жолы:
Айырмашылық: ΔA = 0,48 - 0,46 = 0,02
Себебі: құрал дәлдігі, виртуалды модельдеу
ерекшелігі, өлшеу қателіктері.
Жауабы: Айырмашылық 0,02
3- Тапсырма «Топтық жұмыс»
Спектрофотометрлік талдау принципі
қандай және ол қант қызылшасы шырынын
зерттеуде қалай қолданылады?
3- Тапсырма «Топтық жұмыс» (10
балл)
Дескриптор:
Студент спектрофотометрлік
талдаудың принципін дұрыс
түсіндіреді.
Қант қызылшасы шырыны үшін
тиімді толқын ұзындығын
дұрыс таңдай алады.
Басқа толқындар
жарамайтынын түсіндіреді.

Қызылша шырыны үшін ең тиімді толқын
ұзындығын қалай таңдаймыз және неліктен
басқа толқындар жарамайды?
Сұйылту коэффициентін анықтау мен
қолданудың мақсаты неде?
Нақты және виртуалды талдау
нәтижелерін салыстырғанда қандай
айырмашылықтар болуы мүмкін және
олардың себебі неде?
Спектрофотометрлік талдаудың
артықшылықтары мен шектеулері қандай?
IV. Бекіту
(10 мин)
1-тапсырма «Жеке жұмыс» «Plickers»
платформасымен тест тапсырмалары
1. Спектрофотометрлік әдістің негізгі
принципі қандай?
A) Ерітіндіні қыздыру
B) Жарықтың жұтылуын өлшеу
C) Тұнба түзілуін бақылау
D) Қайнату процесі
✅ Дұрыс жауап: B
2. Спектрофотометрде өлшенетін негізгі
шама:
A) Температура
B) Тығыздық
1-тапсырма «Жеке жұмыс»
«Plickers» платформасымен тест
тапсырмалары (20 балл)
Дескриптор:
Студент спектрофотометрлік
талдау әдісінің негізгі
принципін түсінеді;
Қант қызылшасы шырынының
құрамын анықтау үшін физика-
химиялық әдістерді қолдана
алады;
40 балл

C) Оптикалық тығыздық
D) Массалық үлес
✅ Дұрыс жауап: C
3. Қант қызылшасының шырыны
қандай ерітінді түріне жатады?
A) Газ тәрізді
B) Қатты
C) Суспензия
D) Сұйық
✅ Дұрыс жауап: D
4. Спектрофотометрде талдау кезінде
қолданылатын ыдыс:
A) Колба
B) Пробирка
C) Кювета
D) Бюретка
✅ Дұрыс жауап: C
5. Спектрофотометр қандай сәуле
аймағында жұмыс істей алады?
A) Радиотолқын
B) Инфрақызыл
C) Ультракүлгін және көрінетін сәуле
D) Рентген
✅ Дұрыс жауап: C
6. Ерітіндінің концентрациясы артқан
сайын жарықтың жұтылуы қалай
өзгереді?
A) Азаяды
B) Өзгермейді
Спектрофотометрдің жұмысын,
оптикалық тығыздық пен
концентрация арасындағы
байланысты біледі, сондай-ақ
тәжірибелік талдаудың
артықшылықтарын бағалай
алады;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген