400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қантамыр, оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Биология пәнінен сабақ жоспары:

Пән мұғалімі: Масалимова Ж.А.

Күні:

Сыныбы: 8

Сабақ тақырыбы: Қантамыр және оның түрлері.

Сабақ мақсаты:Қанның артериялық қысымын,қанның тамырлармен қозғалуын,нейрогу-

моральды факторларды түсіндіру.

Көрнекі-құралдар:Тонометр

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру

Сәлемдесу, жоқ балаларды түгендеу , сабаққа даярлығын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру (деңгейлік тапсырмалармен жұмыс)

3.Жаңа сабақ материалын меңгеру

Қантамырлардың қандай түрлері бар?

Қан қантамырлардың бойымен ағу кезінде қантамырларына және жүректің қуыстарына қысым түсіреді. Қан қысымы қантамырлардың әр түрлі бөлімдерінде біркелкі болмайды.Ең жоғары қан қысымы жүректен қанды алып шығатын ең ірі артерия қантамыры-қолқада болады. Жүректен алшақтаған сайын артерия қантамырларында қан қысымы төмендей береді. Ең төменгі қан қысымы жүрекке қан әкелетін жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларында болады. Қолқада қан қысымы сынап бағанасымен өлшегенде 150 мм.Қол-аяқтың ірі артерияларында қан қысымы 105-120 мм. Ұсақ артериялар мен қылтамырларда 20-25 мм.Қан қысымын өлшейтін құралды тонометр дейді.Қанның жалпы қантамырлар бойымен қозғалуына бірнеше жағдайлар әсер етеді.Одан:а)жүректің ырғақты жұмысына сәйкес қантамырлардың әрбір бөліктерінде қан қысымның түрліше болуы;ә)тынысалу мен тыныс шығару кезінде кеуде қуысында қысымның үнемі өзгеруі;в)веналық қантамырлардың айналасындағы бұлшықеттер жиырылған кезде қанның жүрекке қарай қозғалуы пайда болады.

Қан қысымын тоқпан жіліктің артерия қантамырларынан өлшейді.Жас дені сау адамдарда қан қысымы үнемі тұрақты,өзгермейді. Жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуы сынап бағанасымен 120 мм болса,босаңсуы кезіндегі көрсеткіші 70-80 мм.Қан қысымы жоғарылаған кезде болатын ауруларды гипертония ,ал қан қысымы төмен ауруларды гипотония дейді.Қанның қантамырлардың бойымен қозғалуы өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі.Оның орталығы сопақша мида орналасқан.





















Артериялар.Жүректен мүшелерге қарай шығып,олорға қан әкелетін тамырлар артериялар(ayer-ауа,tereo-бар;өлік денесіндегі артериялар бос болады,сондықтан ерте кезде оларды ауалы түтікшелер деп есептелген)деп аталады.

Артериялардың қабырғасы үш қабықтан тұрады:

Ішкі қабықша-tunica interna –тамырдың қуысы жағынан эндотелий мен астарланған,оның астында субэндотелий мен ішкі серпімді мембрана орналасады.

Ортаңғы қабық-tunica media-біріңғай салалы бұлшықет тканіне,серпімді талшықтармен ауысып,араласып отыратын миоциттерден құралған.

Сыртқы қабық-tunica externa-дәнекер тканьді талшықтардан тұрады.

Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп,ұсақтала береді.Жүрекке жақын артериялар (қолқа және оның ішкі тармақтары)негізінен қанды өткізу қызметін атқарады.Олардың ең бірінші міндеті жүрек соғуынан лақтырылып шығатын қан массасының әсерінен тамыр қабырғасының созылуына қарсы әсер ету.Сондықтан олардың қабырғасында механикалық сипаты құрлымдар,яғни серпімді талшықтар мен мембраналар көбірек дамыған.Мұндай артериялар серпімді типті артериялар деп аталады.

Капиллярларға ыдырағанға дейін тамырлардың бұлайша қосылуын анастомоз деп атайды.Анастомоздар түзетін артериялар анастомоздаушылар деп аталады.

Артериялардың соңғы тарамдары жеңішке және ұсақ,сондықтан оларды артериолалар деп аталады.Артериола тікелей перпендекуллярға жалғасады,прекапиллярдан көптеген капиллярлар шығады.

Капилляр-зат алмасу қызметін орындайтын аса жұқа тамырлар.Осы қызметіне байланысты олардың қабырғасы сұйықта еріген заттар мен газдар өтетін жалпақ эндотелий клеткаларының бір қабатынан тұрады.

Веналар-(лат.vena,гекше phlebs осыдан фледит веналарының қабынуы )артериялардан қарама-қарсы бағытта мүшелерден жүрекке қан әкеледі.Веналық қан кері ағу қиындау келетін дененің төменгі жартысының веналарында,дененің жоғарғы бөлігіндегі веналарға қарағанда күштілеу дамыған бұлшықет қабықшасының жиырылуының да,маңызы зор.

Қан тамырлардың қабырғаларында меншікті,олардың өздерін,қанмен қамтамысыз ететін жіңішке артериялар мен веналар vasa vasorum болады,бұл қабат тамырлы қынап-vagina vasorum деп аталады.

Атқаратын қызметімен түрлі бөлімдерінің құрлысы және нервтендірілу ерекшеліктеріне сәйкес соңғы кезде барлық қан тамырларын 3 топқа бөлінеді:

1)Екі қанайналыс шеңберінен бастап және аяқтайтын жүрекқасылық тамырлар-қолқа және өкпелік баған,қуыс және өкпе веналары.

2)Организм бойынша қанды таратуға арналған магистра-льды тамырлар.Бұларға бұлшықет типті ірі және орташа экстрамүшелік веналар жатады.

3)Қан мен мүшелердің паренхимасы арасындағы алмасу реакцияларын қамтамасыз ететін мүшелік тамырлар.Бұлар-мүшелік артериялар мен веналар,сондай-ақ микроциркуляциялық арнаның буындары.

Қорытынды. Қан қысымы. Тонометр.Гипертония.Гипотония.Тамырдың соғуы.

Бекіту.(Деңгейлік тапсырмаларды орындау)

А.1.Тамыр соғуы деген не?

2.Қанның артериялық қысымы деген не?

В.1.Қандай қысым ең көп,қайсысы ең аз деп аталады?

2.Артерия,капилляр және венамен қан қандай жылдамдықпен ағады?

С.1.Қанның венамен қозғалуының қандай ерекшеліктері бар?

2.Тамырдың соғуы,тамыр соғуының қысымы деген не?

Үй тапсырмасын беру:Сұрақтармен жұмыс.132 бет.

Бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі