400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қаныбек Патсаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға мәлімет алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 2

Қаныбек Патсаев

Өмір –дария қас-қағым сәтте ағып өтетін дария. Бірде жай ғана сыр шертіп, сылдыр-сылдыр етіп, бірде буырқанып, толқынымен жағаны сабалап аққан дария.

Бұл фәниге әр адам өз сыбағасымен, өз тағдырымен келеді. «Соқтықпалы, соқпақсыз» жерлерден өтіп, сынақ тапсыру үшін келеді. Біреу сол сынақты тапсырып, біреу сан сырауға жауап таба алмай, біреу шаттанып, біреу мұңға батып, біреу ән салып, біреу зар салып өтеді. Біреу арман етіп, біреу шаршап өтіп, келмес-сапарға аттанып бара жатады.

Адам болып келген соң сол атқа лайық болып өмір кешу әр азаматтың өз ұрпағы алдындағы ең биік парызы. Адамның өмірі Табиғат-Ана мен еш бөлгісіз егіз гүл сияқты. Қаһарлы қыстан кейін көңіл жадыратар көктем, шуақты жаздан кейін сырлы күз келетіні секілді тағдыр адам жанын қай жағаға әкеліп саларын кім білсін.

Менің осындай толғанысқа түсіп, өз-өзіммен сыр шертісіп, ойлы күйге түсуіме үлкен себеп бар. Ол менің аяулы атам. Ақ жүрегін айқара ашып келген асқар таудай атам жайлы сөз қозғау мені үлкен тебіреніске бөлейді.

Қаныбек Патсаев 1920 жылы 17 маусымда ОҚО Қызылқұм ауданындағы Шардара ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Атам Сағындықтың дүниеге келген балалары жастайынан шетінеп тұрмағандықтан, бабамыз менің атам Қаныбектің құлағына ырымдап сырға салып қойған екен. Сөйтіп өз тәрбиесіне алған. Бабам елге сыйлы қария болғандықтан, ауылға келген өкімет адамдары, сол кезеңнің игі жақсылары үлкен үйден дәм-тұз татып, қадірлі қонақ болып аттанатын. Атамның елден ерекше бала болуына осы жағдайлар да әсер еткен болар.

1927 жылы ауыл шаруашылығын ұйымдастыру бойынша шешім қабылданғаннан кейін адамдарды зорлап енгізіп, байларға және орта дәулетті адамдарға қарсы күрес басталды. Бұл зардап менің атамның отбасына да ауыр тиді. Атам аштан өлмес үшін жетімдер үйінде жан сақтауға мәжбүр болды. 1932-1936 жылдары Қызылқұм ауданы Арыс қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленді. 1937-1939 жылдары орта мектепте аға пионервожатый болып істеді. 1939 жылы Шымкенттегі Сәтбаев атындағы орта мектепті тәмамдап Қызылқұм ауданындағы Ленин атындағы орта мектепке мұғалім болып орналасып сырттай Шымкенттегі мемлекеттік мұғалімдер институтын 1941 жылы аяқтайды.

1940-1941 жылдар аралығында Қызылқұм ауданындағы Көксу орталау мектебінде, 1941-42 жылдары Ленин атындағы орта мектебінде директорлық қызмет атқарады. 1942 жылы Совет армиясы қатарына шақырылып, Шыршық соғыс коммисориатында офицерлер дайындайтын училищені бітірген соң оны майданға жібереді. Кеңес әскері қатарында Степной Воронеж, Бірінші және екінші Украина майдандарының құрамында атқыштар батальоны командирінің аға адьютанты болды. Әскери іс жөніндегі нұсқаушылар қазақтың 20-дан асқан жас жігітін взвод, рота командирі лауазымын ұсынады.

Атам қызмет еткен взвод көп ұлтты болған. Негізінен орыстар қалғандары украин, татар, беларус, өзбек және т.б. халықтардың өкілдері болыпты. Взвод саналы тәртібімен және берік бірлігімен көзге түседі. Соғыста 2 рет жараланып 1943 жылдың 13 қазан және сол жылдың 7 желтоқсанында. Жараланғанға дейін 3 күн бұрын соғыста көрсеткен ерен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады. 1944 жылы 30 қыркүйекте атам 2 рет «қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады. Атам жауды өз жеріне тықсыра қуған кеңес әскерімен Венгрияны, Румынияны, Чехословакияны фашистерден тазартты. 1944 жылдың 30 желтоқсанында генералдарға берілетін награда «Александр Невский» орденімен марапатталады. Венгрияның Клюж қаласында аяғынан жарақатталған. Госпитальда емделгеннен кейін ұрысқа қайта кіріскен.

1945 жылы 9 мамырда дүние жүзі халқы көптен күткен Ұлы Жеңіске жетті. Жаудың қанқұйлы әрекеті жүзеге аспады. Басқыншы ел жеңілді. Атам соғысты жаяу әскерде капитан шенінде аяқтады. «Германияны жеңгені үшін» медальімен марапатталды.

1945 жылы соғыс аяқталған кезде атам елге бірден қайтып келмей армияда қалады. Соғыста алғырлығы мен ерекше көзге түсіп, Әскери академияға түседі. Атамның қайтқысы келмеген себебі ол кезде капитан, бірнеше орденнің, медальдің иегері, штаб бастығының орынбасары қызметінде өзін әбден шыңдаған. Ары қарай әскери қызметті жалғастырғысы келеді. Қай солдат «генерал» болғысы келмейді.

Соғыстан кейін атам өз басына түскен ауыртпалықтарды жеңіп шығуға күш тапты. Ауылға келіп өзінің сүйікті ұстаздық жолын қайта жалғыстырды. Балаларға білім бере жүріп, университетке түсуге шешім қабылдайды.

1946-1948 жылдар аралығында атам университетте оқып жүріп Киров ауданының атқару комитетінің хатшысы болып қызмет жасайды. Облыс басшылығы оның абыроймен атқарған жұмысына үлкен сенім артып, 1952-1953 жылдар аралығында Шәуілдір ауданының, 1953-56 жылдары аралығында Ильич аудандық депутаттар кеңесінің председателі етіп тағайындайды. Осы қызметте 1956-1958 жылдары Арыс ауданында жұмыс істейді. Атамның қалтықсыз қамқорлық аясына алған адамдары аз болған жоқ соғыстан кейінгі жылдары тұтқынға түскен салдаттар үйлеріне қайтарылмайтын. Қайта фашисттер лагерінен итқорлықты көріп келген адамдар өз елінің түрмесіне жабылып, қорлық азапты көрді. Атам тұтқынға түсіп жау қолынан азап шеккен замандас туысқанын кеңес лагеріне жабылғанын естіп іздеп жүріп тауып алып, ауылға қайтарып жақсы жақсылықтар жасайды.

1984 жыл 11 тамыз атамызбен мәңгілікке қоштасқан күн. «Тас түскен жеріне ауыр» дейді ғой, атамыздың мезгілсіз өлімі тек біздің отбасымызға емес, әркімнің бүкіл ғұмырында бірге жүрген замандастарына да ауыр тиді. Ешкімге ауыртпалығын түсірмей, соңына парасатты ғұмырын үлгі етіп, қабырғамызды қайыстырып, көңілге мұң қалдырып о дүниелік болып кете барды. Ел аяғынан тік тұрып, атамызды арулап көмді. Біз атамызды жер қойнауына тапсырғанымен, бір жылға дейін еңсемізді көтере алмай, санамызды шер мен қайғы билеп, атамыздың жүзін көру, үнін есту арман болып қала берді.

1998 жылы Асықата кентіндегі бір көшеге Қаныбек Патсаев есімі берілді. Біздің жанұя үшін бұл айрықша қуанышты хабар еді. Атамыз бүкіл ғұмырын өткізген Мақтарал ауданының тұрғындары да шексіз қуанышты болды. Совхоз орталығынан Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге мәңгілік ескерткіш орнатылды оған атамыз Қаныбек Патсаевтың аты берілді...



Picture 3

Абылай Әлімбетов

1921 жылы 20 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында кедей қазақтың отбасында дүниеге келді. Әке шешесінен ерте айрылған Абылай жетімханада тәрбиеленді. Онда орта білім алғаннан кейін тәрбиеші болып істеді. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол алғашқылардың қатарында майданға аттанды.

Соғыстаң алғашқы күндерінен бастап 69-Қызыл Тулы Севск атқыштар дивизиясының құрамында фашистерге қарсы аянбай соғысты. Майданда Абылай қызмет еткен 73 дивизияға 16 рет алғыс жарияланған. Осы дивизиядағы 50 қазақстандыққа Совет Одағының Батыры атағы берілген. 1943 жылы 24 қыркүйекте Днепрден өту кезінде 73 гвардиялық дивизияның қазақстандық 20 жауынгері наградталған. Ол Брянск және Украина жерлерінде болған шайқастарда сан рет батылдық пен тапқырлықтың үлгісін көрсетті. Днепр үшін шайқаста сержант Әлімбетов өзеннің оң жағасына өтіп, қолма-қол ұрыста 15 жау әскерін өлтірді.Соның бірі сержант Абылай Әлімбетовке батылдығы мен ерлігі үшін Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Гитлершіл Германия талқандалып тізе бүккеннен кейін 1945 жылы мамыр айында Абылай Әлімбетов жапон соғыс құмарларын талқандау жөніндегі ұрыстарға белсене қатысты. Ал өмірінің соңғы жылдары полковник атағын алған Абылай Әлімбетов Талдықорған және Гурьев облыстарында ДОСААФ облыс комитетінің басшысы болды.Соғыстан кейін Мәскеудегі әскери-саяси академияны бітіріп (1955), полк командирінің орынбасары болып істеді.

Абылай Әлімбетов 1973 жылы кенеттен қайтыс болды. Киров ауданының Киров қалашығының демалыс саябағында рәсіммен жерленді. Аудан орталығында үлкен көше және саябақ Абылай Әлімбетовтың есімімен аталады.Кеңес Одағының Батыры (30.10.1943). Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Шардара ауданында оған ескерткіш қойылған.



Picture 4

Көшербай Арыстанбеков

Ауданымыздың Асақата кентінде тұратын соғыс және еңбек ардагері Көшербай Арыстанбеков сондай ақсақалдардың бірі. 1924 жылы Түркістан ауданының «Қандөз» ауылында дүниеге келген. Көшербай Арыстанбеков осы ауылдағы мектепте оқып, 7 кластық білім алады. Елбасына күн туып ер сыналар шақта өз теңдестері қатарында отан қорғауға аттанады.

1942 жылы қыркүйек айының 2-сі күні Түркістан қаласының Қызыл Армия қатарына шақырылып әскери эшалонмен Ресейдің Орехово-Зуево қаласы маңында 11 қарашаға дейін тактикалық дайындықтан өткен Көшербай Арыстанбеков 1 Беларуссия майданының 551 жаяу әскер полкі құрамында соғысқа алғаш рет 15 қарашадан Смоленск түбінде қатысады.

Жаяу әскер сапында болған Көшербай Арыстанбеков ұрыс жолында Минск, Бреск қалаларын жаудан азат етуге, Польшаның Варшава қаласымен елді мекендерін азат етуге қатысады. 3 рет жау оғынан жеңіл жарақаттанады.

1945 жылы 20 сәуірде Берлин қаласы маңында болған шайқаста 4-ші рет жарақат алған Көшербай Арыстанбеков әскери санитарлық бөлімінде емделіп жеңіс күнін Берлинде қарсы алады. Соғыс аяқталған соң әскери борышын Польшаның Седле деген қаласындағы комендатурада жалғастырған. Ол 1946 жылы 6 маусымда елге оралды. Соғыс кезіндегі ерліктері үшін «Бірінші дәрежелі Даңқ», «Ерлігі үшін» ордендерімен «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» және бірнеше медальдармен марапатталған.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі