"Қаныш Сәтбаев" 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қаныш Сәтбаев" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарлары жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша берілген. Мұғалім үшін үлкен көмек. Тақырып атауына қарасақ бұл тарих, география, тіл пәндерін қамтиды. Оқушы сауатты жазуға, дұрыс, әсерлі сөйлеуге үйренеді. Мақал-мәтелдер арқылы ойын түйіндеп жеткізеді, дербес, жұптық, топтық тапсырмаларды орындайды. Өз бетімен жаңа сөйлемдер құрай білуге көмектеседі Өз ойын еркін жеткізуге, топта еркін сөйлеуге үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы Қаныш Сәтбаев. Етістіктің шақтары мен райлары

Сабақтың мақсаты:    Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру. Етістіктің шақтары мен райларын қайталау.

Сабақтың міндеттері:

    Білімділік:  Оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы мәлімет бере отырып,оқушылардың байланыстырып сөйлеуін, әдеби тілін қалыптастырады, сөздік қорын молайтады.

     Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытып,  ой — өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.

    Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелейді, отансүйгіштік сезімдерін арттырады. Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастырады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, ойландыру, салыстыру, іздендіру, АКТ, СКТ, дұрыс-бұрыс әдісі, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивті тақта, презентация, парақшалар.

Оқыту формасы: топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих,жаратылыстану, география

Сабақтың барысы























I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу.

Қонақтармен амандасу.

Алақанымыздың жылуы арқылы келген қонақтарға, бір-бірімізге жылы сөз айтайық, тілек айтайық.

Бақытты болайық, еліміз тынышты болсын, денсаулығымыз мықты болсын,

Мұғалімнің сөзі. Бүгін біздің сабағымыз ерекше, себебі бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Сабағымызда топпен жұмыс істейміз. Жұмысымыз келесі жоспар бойынша жүргіземіз.

Сабақ жоспары.

1. СЛАЙД.

І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Мәтінмен жұмыс.

ІІІ. Ізденіс жұмысы. (Компьтермен жұмыс).

ІV. Тапсырмалармен жұмыс.

Кезекшімен сұхбаттасу.

  • Бүгін кім кезекші?

  • Сыныпта кім жоқ?

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • Үйге: Манаш Қозыбаевтың өмірбаяны туралы баяндау және етістік, етістіктің категорияларын қайталау.

Мұғалім сөзі:   Жақсы. Онда үй тапсырмасына кірісейік.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сұрақ - жауап әдісі. 5 мин 2. СЛАЙД

- Манаш Қозыбаев кім? 3. СЛАЙД

    • Манаш Қабашұлы Қозыбаев ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері,

тарих ғылымының докторы , профессор.

      • Ол қай жылы және қайда дүниеге келді?

    • Манаш Қозыбаев 1931 (бір мың тоғыз жүз отыз бірінші) жылы 16 (он

алтыншы) қарашада Қостанай облысы  Тазкөл ауылында дүниеге келген.

      • Оның қандай еңбектері бар?

    • М.Қозыбаев 800-ден астам ғылым, 30 монография, 50-ден астам ұжымдық еңбектері, оқулықтар мен оқу құралдары бар.

      • Еңбектері қай елдерде жарық көрді?

  1. Еңбектері РесейУкраинаҚытайТүркияИранАҚШКореяАрменияБеларуссия, тағыда басқа елдерде жарық көрді. Мысалы: “Қазақстан тарихы” ағылшын тілінде

      • Біздің қалада қай оқу орнына Манаш Қозыбаевтың есімі берілді?

    • 2003 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик

Манаш Қозыбаевтың аты берілді.

      • Манаш Қозыбаев туралы қандай фильмдер түсірілді?

      • Қазақстан телеарнасында «Сөнбес сәуле», Парасат телестудиясында 80 жылдығына арналған фильмдер түсірілді.







Мұғалімнің сөзі: Ал енді балалар өткен грамматикалық тақырыпты еске түсірейік.

4.СЛАЙД II. «Есіңе түсір» миға шабуыл ойыны



5 .СЛАЙД «Етістік» секторы

  1. Болымсыз етістік қалай жасалады?

  2. Тұлғасына қарай етістіктің неше түрі бар?

  3. Мағынасына қарай етістік қалай бөлінеді?

  4. Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?


6 .СЛАЙД «Шақ» секторы

  1. Етістіктің неше шағы бар?

  2. Өткен шақтың түрлері.

  3. Келер шақ деген не?

  4. Нақ осы шақтың жасалу жолдары?



7 .СЛАЙД «Рай» секторы

  1. Қалау рай қалай жасалады?

  2. Шартты рай қалай жасалады?

  3. Бұйрық райлы етістік деген не?

  4. Ашық рай дегеніміз не?

--------------------------------------------------------------------------------------------------

Мұғалімнің сөзі:

      • Жақсы балалар, үй тапсырмасын орындап келіпсіздер, енді біз жаңа сабаққа көшеміз. Балалар, алдарыңызда сыңарынан бөлінген мақал –мәтелдер жатыр. Соларды дұрыстап құрастырып, тақырыбын айтыңыздар?

Жаңа сабақ: .

8 .СЛАЙД 9 .СЛАЙД 10 .СЛАЙД Мақал-мәтелдер (тақырыбын сұрау).

Ғалым болсаң,

Елге мәлім боларсың


Білімді өлсе, қағазда аты қалар,

Ұста өлсе, істеген заты қалар

Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол


      • Мұғалімнің сөзі: дұрыс, тақырыбы білім, ғылым туралы. Иә, әрине, бұл жерде ғалымдар туралы сөз етпей кетуге болмайды.

11 .СЛАЙД Этногроф, ғалым-Шоқан Уәлиханов,

Алғаш оқу құралы мен қазақ әліппесін жасаған ғалым - Ахмет Байтұрсынов, Шығыстанушы, әдебиеттанушы ғалым- Әлкей Марғұлан.

Тарих тарланы -Манаш Қозыбаев.

Қазақта тұңғыш академик атағын алған Мұхтар Әуезов,

Қазақта тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама- Қаныш Сәтбаев. (Қаныш Сәтбаевтың суреті көрсетіледі).


12 .СЛАЙД Сонымен, балалар,бүгігі сабақтың тақырыбы Қаныш Сәтбаев.

Мұғалім сөзі:  Мен сабағымды Қаныш Сәтбаевтың сөздерімен бастағым келіп тұр.

13 .СЛАЙД «Ғалым болу үшін, ең алдымен, адам болу керек. Ғалым барлық өмірін , еңбегін өзі үшін емес, халық үшін , адамзат үшін сарп етеді» деген екен ғалымның өзі.

Көрнекті ғалым ,қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті- Қаныш Сәтбаев.

Ол тек қана  геология саласында ғана емес , оның әдебиетке де қатысы бар. Оған дәлел оның жазған «Ер Едіге», «Обаған», «Қазақстанның ұлт театры туралы», «Том қаласындағы ұлттар кеші», т. б. шығармалары. «Алгебра оқулығына» қосқан 220 терминдері арқылы да оның нағыз сөз атасы болғандығын түсінеміз.

----------------------------------------------------------------------------------

Мұғалім сөзі:  ал енді  тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныс болыңыздар.

14.СЛАЙД Сөздікпен жұмыс.

Жаңа сөздерді оқып беру;

 Жаңа сөздерді кезекпен қайталату;

Сөз тіркестерін құрату;

Сөйлем құрату.

Жаратылыстану – естествознание,природоведение

Геологиялық-барлау – геологическая разведка

Марапатталу – быть награжденным

Ғұлама – мудрец, признанный ученый

Мұғалімнің сөзі: Енді бұл сөздерді сөздік дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.

Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру.

15. СЛАЙД.

І топ. «Ғұлама» сөзіне 1 сөз тіркесі, 1 сөйлем құрайды.

ІІ топ. «Марапатталу» .

ІІІ топ. «Жаратылыстану» .(кейін әр топ өз жазғандарын оқиды).


Сөз тіркестері: Ғұлама ғалым, марапат иесі,жаратылыстану сабағы.

Сөйлемдер: Шоқан Уәлиханов- ғұлама ғалым, Концертте әртістерді марапаттады. Бүгін жаратылыстану сабағы болды.




Мұғалімнің сөзі:

      • Енді жоспарымыздың екінші кезеңіне кірісейік.

16. СЛАЙД

ІІ кезең. Мәтінмен жұмыс. 1- тапсырма


СЛАЙД Қаныш Сәтбаев

Қаныш Сәтбаев 12 сәуірде 1899 жылы дүниеге келді. Ол бала кезінен зерек болды. Алты жасынан бастап ауыл мектебінде оқыды. Ауыл мектебінде арабша хат танып, араб тілін үйреніп, парсы, түркі әдебиетінің үлгілерімен танысқан.

1912 жылы Қаныш Павлодар қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебіне түседі. Бұл мектепте ән салып, гитара, домбыра тартады.

1914 жылы Қаныш Семейдің семинариясына түсіп, онда төрт жыл оқиды. 1918-1919 жылдары Қаныш Семейде педагогика курсында жаратылыстану пәнінен сабақ берді. Жоғары білім алғысы келді. Кейін Томскідегі Технология институтына түсті. Алғашқы күндерден бастап оның назары геологиялық – барлау мамандығына ауады. Екінші курстан кейін ол өз ұстазы М.А.Усовтың дала жұмыстарына қатысады. Институтты бітіргеннен кейін Қ.Имантайұлы Сәтбаев өзінің туған өлкесі Қазақстанға оралды. Қаныш бүкіл өмірін геологияны зерттеуге және туған өлкесінің миниралдық шикізат базасын жасауға арнады. Оның еңбектері 640-тан астам.

1964 жылы қаңтар айында ғұлама ғалым қайтыс болды.

-------------------------------------------------------------------------------------------

Мұғалімнің сөзі:

  1. Мәтінде кім туралы айтылды?

  2. Осы мәтіннен Қаныш Сәтбаев туралы не білдіңдер? (оқушылар мәтінді әңгімелеп береді).

17. СЛАЙД 3 мин

ІІІ кезең 2-тапсырма.

Мұғалімнің сөзі:

      • Ал енді мына копьютерлерден Қ. Сәтбаев бойынша қосымша материал іздеп табамызда, келесі жұмыстарды атқарамыз. Тақтаға қарап тапсырмаларыңызды біліп алыңыздар.

І топ постер құрады. Тақырыбы «Сатпаев атында»

ІІ топ хронологиялық кесте құрастырады. Тақырыбы: «Ғылым жолындағы еңбектері»

ІІІ топ. Диалог құрады. Тақырыбы: «Балалық шағы және білім алуы»

Осы жұмысқа үш минут беріледі. Енді әр топ өз жұмыстарын қорғайды.




      • Жақсы, балалар, енді жаттығу жұмысын орындайық. Дәптерімізді ашамыз, бүгін

      • Қарашаның жиырма бесі.

      • Сынып жұмысы.

      • Сабақтың тақырыбы Қаныш Сәтбаев.

18. СЛАЙД

3- тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті баяндауыштарды қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар:

  1. Қаныш Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында ..... .

  2. Оның ерекше қасиеті – студенттік шағынан … , өмірінің соңғы күндеріне дейін – қарапайымдылық, кішіпейілділік, қолынан келген көмегін … .

  3. Қаныш ағаның өз-бойындағы барлық күшін, жігерін, табиғаттың ерекше берген ақылын адам үшін ..... .

Керекті сөздер:  туған, аямайтын, жұмсаған , бастап.







--------------------------------------------------------------------------------------------------



19.СЛАЙД

4- тапсырма. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіріңдер.

Қаныш Сәтбаев 12 сәуірде 1899 жылы

екі кластық орыс-қазақ мектебіне түседі.

Алты жасынан бастап

Технология институтына түсті.

1912 жылы Қаныш Павлодар қаласындағы

ауыл мектебінде оқыды.

Кейін Томскідегі

өзінің туған өлкесі Қазақстанға оралды

Институтты бітіргеннен кейін Қ.И.Сәтбаев.

және туған өлкесінің миниралдық шикізат базасын жасауға арнады.

Қаныш бүкіл өмірін геологияны зерттеуге

дүниеге келді.











20.СЛАЙД распечатать и раздать

5- тапсырма Сөйлемдерді аяқтау.(Интербелсенді тақтада)

    1. Қаныш Сәтбаев бала … .

    2. Алты жасынан бастап ауыл мектебінде ....

    3. Ауыл мектебінде арабша хат…  .

    4. Араб тілін ... .

    5. Парсы түркі әдебиетінің үлгілерімен .... .

    6. Қаныш Павлодар қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебіне …  .  

Керекті сөздер: түседі, .зерек болды, танысады, оқиды, таниды.


Мұғалімнің сөзі: Ал енді грамматикалық тақырыпқа көшейік. 6- тапсырма

21. СЛАЙД Семантикалық карта

І топ етістіктерді теріп жазады

ІІ топ райларды табады

ІІІ топ етістіктің шақтарын анықтайды

   Осы тапсырмаға 2 мин беріледі.



------------------------------------------------------------------------------------------------------

  22. СЛАЙД Семантикалық карта. 2мин


осы шақ

Болжалды келер шақ

Мақсатты келер шақ

Ауыспалы келер шақ

Жедел өткен шақ

Бұрынғы өткен шақ

Ауыспалы өткен шақ

Келді





+



Оқыды





+



болды





+



танысқан






+


Арнады




+




Қатысады




+





  23. СЛАЙД Семантикалық карта


Ашық рай

Қалау рай

Бұйрық рай

Шартты рай

Келді

+




Оқыды

+




болды

+




танысқан

+




Арнады


+




Қатысады

+




Алғысы келді


+









24. СЛАЙД

7- тапсырма. Етістікті талдау.


І топ бір етістікті шақ категориясына жіктейді

ІІ топ бір етістікті рай категориясына жіктейді.

ІІІ топ етістікке СКТ жасайды. 

Бекіту:

-----------------------------------------------------------------------------------------



Сабақты қорытындылау:

25. СЛАЙД

8- тапсырма Дұрыс –бұрыс әдісі тапсырмасы бойынша сабағымызы қорытындылаймыз.


Дұрыс

Бұрыс

Қаныш Сәтбаев 12 сәуірде 1899 жылы дүниеге келді.



Ауыл мектебінде арабша хат танып, араб тілін үйреніп, орыс, ағылшын әдебиетінің үлгілерімен танысқан.



1912 жылы Қаныш Қостанай қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебіне түседі.



Томскідегі Технология институтына түсті.



Қаныш бүкіл өмірін физиканы зерттеуге және туған өлкесінің миниралдық шикізат базасын жасауға арнады.



Оның еңбектері 640-тан астам.




26. СЛАЙД

9- тапсырма «Өзіңді- өзің тексер» (тестілеу)



Үйге: Қаныш Сәтбаев бойынша мазмұндаға дайындалып келу.

Бағалау

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1549
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі