400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қаныш Сәтбаев - тарихи тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы,елге жасаған еңбегі жайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаныш Сәтбаев – тарихи тұлға


Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек

үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір

мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері

дәрежесіне дейін көтеріледі.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

Руханият – адамның ішкі дүниесіндегі шынайылықты, санадағы ізгі ойды білдіретін құнды дүниенің бірі болып табылады. Рухы мықты, өзінің адами қасиеттерін қастерлейтін, оны өзгемен бөлісе алатын адам ғана рухани байлыққа ие болатыны анық. Рухани байлық ең әуелі өзі тәрбиеленген ортадан бастау алады. Одан кейін өзі қалаған білім нәрімен сусындап, түрлі бағытты меңгеріп, даму, жан-жақты болу арқылы адам бойында ізгі амалдар мен жақсы қасиеттердің негізінде пайда болатын құнды байлық деп білемін. Сондай қасиетке ие тұлғаның бірі – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Ғалымның өмір дерегіне көз жүгіртсек, алғаш білімді араб тілінен алып, ой-өрісін кеңейтіп, түрлі бағытты қатар алып жүрген тұлға екенін аңғарамыз. Қазақтың қай ғалым, ақын, жазушыны алап қарасақ та, алғаш білімді құран тілінен алып, өз дініне, тарихына, тіліне құрметпен қарайтын, шыншыл, өр мінезді, жаны елім деп тұратын тарих мойындаған әр қазақ баласымен мақтана аламыз. Міне, кешегі ата-бабамыздың сынығы, әлем мойындаған, есімі ел есінде қалған, әр қазақтың арманы бола білген, ел мұңын көтеріп, бөлісе алған, жер байлығын терең зерттеп, артында құнды дүние қалдырған Қаныш сынды дара есімді айтпау,әрине, бізге сын. Тек есімімен емес,адал еңбегімен, жүрген әрбір жолы, халыққа тигізген әр амалы, ізгі жақсылығын мойындау, халыққа паш ету – артта қалған біздің міндетіміз.

Әр тарихи тұлғаны тану – бізге берілген үлкен мүмкіндік. Әр берілген мүмкіндік – болашақтың есігі, қиындықтың шешімі екінін есімізден шығармайық. Қаныш ғалымның еңбегі тек бір салаға тоқталып қалмай, іздену арқылы түрлі бағытты қолға алып, оны түрлі қырынан танытып, өз үлесін қосып, тың дүниелерді ашып, маңызды істерді қолға алған, әділеттілігі мен шешендігінің арқасында беделді ел қызыметінде болды. Тарихты, әдебиетті жан-тәнімен сүйді, бағалады, қазақ қоғамының беделін көтерді. Қазақтың қазба байлығын зерттей жүре, жаратылыстану бағытын терең біліп, түрлі қауіпсіздік шараларын қолға алып, өзін жан-жақты бағытта таныта алды. Сонымен бірге, қазақ тілінің даму жолына да өз үлесін қосып, қазақ халқына өшпес із қалдырды. Жан-жақты қырымен танылып, қазақ халқын байытты. Өзі сөз еткендей, өмір өткелдерінен сүрінбей, бірнеше бағытты бағдарлай, бағалай отырып, өз мақсатына жетіп, қазақтың мол мұрасын паш етті, жүрген әрбір жолы – жүйелі, ісі – нық, арманы – терең, бағыты – өзгеше, жолы – таза, есімі – жан-жақты шеберлікке ие болған жүйрікті бағалай да, жырлай да алу бізге тек мақтаныш болу керек.

Басқан әр қадамы жауапкершілкке негізделген, жүрегі мейірімділік тамшысына толы Қаныштай тұлғаның жанашырынан айырылған, шын мейірімге мұқтаж балаларға қарап, үзілген үмітін жалғап, ағалық міндетін орындап жақсы, үлгі аларлық іс жасағанына білеміз. Ізгі, шынайы амалының арқасында өзі секілді жарық жұлдыздарды өмірге әкелді, қолдады, қорғай алды. Солардың қатарына археолог Кемал Ақышевті жатқыза аламыз. Тарихта «Алтын адамды» табу арқылы, өзі тәрбиелген Қаныш ұстазының атын да алтын әріппен көш тарихында қалдырғанын жақсы білеміз. Қазақ даналығында «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді», -деген осындай ізгі дүинелерден қалған болар.

Қаныш – өз өмірінде, қазақ тарихында жауынгерлік міндетін адал атқарды, адамдық қасиетін биік шыңнан шығарып, ізденімпаздығының арқасында бірнеше бағытты бағындырып, сырына үңілді,шешімін тапты, тарихи тұлға атанды. Міне, біздің руханиятымызға ең қажетті тұлға, қазақ тарихының талантты, дара шыңы, қоғамның шынайы, жағымды, бетке ұстар кейіпкері – Қаныш есімі деген болар едім. Өмірдің сұрапыл өткелдерінен өту үшін адамға терең білім мен адами құндылық, өз ісіне тұрақтылық, өмірге деген сенім мен құлшыныстың қажеттілігін Қаныш өмір жолымен сабақтастырған болар едім.


Нұрғазы Айгүл Тілекқызы

Қызылорда қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы № 10 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.11.2024
251
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі