400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қар бүршіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, қағазды умаждау арқылы қар біршіктерін жасауға болатынын түсіндіру,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіші топ: «Құлпынай»

Білім саласы: Таным.

Бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: «Қар бүршіктері»

Мақсаты: Балалардың саусақ қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, қағазды умаждау арқылы қар біршіктерін жасауға болатынын түсіндіру, табиғат құбылыстары жайында қарапайым түсінік беру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлгі суреттер,үлкен және кіші көлемдегі сулық қағаздар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі


Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң достарым!

Қайырлы таң қонақтар!



Шеңберге тұрып, шаттық шеңберін жасайды.


Ұйымдастырушулық

ізденістік

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?


-Қардың түсі қандай?

-Қыста қандай ойындар ойнаймыз?


Балаларға үлгі суреттерін көрсетіп, қардың ақ, жұмсақ, жеңіл, үлпілдек, суық болатыны жайлы әңгімелеу. Қар бүршіктерін қағаздан қалай жасауға болатынын түсіндіру.

Тәрбиеші үлгіні көрсетіп, бүгін балаларға қағаздан қалай қар бүршіктерін жасауға болатынын түсіндіреді. Сулық жұмсақ қағазды үзіп алып, алақан арасына салып умаждап, жұмсартып, оны домалақтайды, қағаз бетіне әр жерге қар жауған секілді етіп орналастырады.

Балалардың іс-әрекетіне көмек көрсетіліп, оны қағаз бетіне қалай орналастыруға болатынын қадағалайды. (жұмыс барысында әуен ойнатылып тұрады)..


Балалардың қағазды умаждауында қол, саусақ қимыл-қозғалыстары қадағалау, іс-әрекетіне басшылық жасау керек.


-Балалар қардан не жасауға болады?

-Аққала соғып көрдіңдер ме?


Ойын: «Қар бүршіктерін себетке жинау».

1.Балаларға ойын шартын түсіндіру.

2.Балалармен бірге ойнау.


Сергіту сәті.

Аула сырты, баққа да,

Тұрғызамыз аққала.

Аққаланы айналып,

Би билейміз шаттана.

Қыс мезгілі.

Қар жауады, суық болады, боран соғады, аяз болады.


-Ақ.

-Қардан аққала соғамыз, сырғанақ жасамйыз, шана, шаңғы тебеміз.



Балалар суретке назар аударады, не бейнеленгені туралы айтады.



Балалар қар бүршіктері туралы әңгімені мұқият тыңдайды.





Балалар бірнеше қағазды кезекпен алып, алақан арасына салып, умаждап, домалақтайды.




Балалар жасаған қар бүршіктерін суреттегідей етіп, кағаз бетіне орналастырады.



-Аққала.

-Иә.


Ойынға қызығушылық танытады.



Ойын ойнайды.


Әуенмен қимыл-қозғалыстар көрсетеді.


Рефлексиялық

түзетушілік

-Балалар біз бүгін не жасадық?

-Сендерге ұнады ма?

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап шығады, сапасына назар аударады, кейбір жұмыстарды қайтаап жасауға бағыт береді.

Балаларды мақтап, мадақтайды.

Балалар өз жауаптарын айтады.

Өздері жасаған жұмыстары туралы айтуға талаптанады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қар бүршіктерін қағаздар жасауға болатынын;

Игереді: қағаздың көлемі «үлкен, кіші» болатынын және оны умаждау әдістерін;

Меңгереді: Қағазды умаждап, белгілі пішіге келтіріп, оны кеңістікте дұрыс орналастыруға дағдыланады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
1474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі