|
Мотивациялық
қозғаушы
|
Шаттық шеңбері.
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге
жолдап...
Жақсы сөздер нұр септі, бізге
жолдап...
Еске сақтап кеңесті, достарға
сыйла...
Кел,қосылып айтайық
бір-бірімізге...
Көркем сөз.
-Балалар, ал сендер әдемі қысқы орманға барып
көрдіндер ме?
-Олай болса, біз бүгін
орманға саяхатқа шығамыз.Тек қана серуендемейміз, орманшы атайға
қонаққа барамыз. Ол бізді күтіп отыр. Бірақ, орманда біз көп
кедергі-лерге кездесеміз, сол себепті жолға шық-пастан бұрын
дайындалып алуымыз керек.
Массаж жаттығулары.
Тура тізбекпен жүру.(жай
жүріс)
Шыршаларды айналып өту.
(ирелеңдеп «жыланша» жүру)
Жалғыз аяқ жолмен келе
жатырмыз. (аяқ ұшымен жүру)
Қалың қардың үстімен келе
жатырмыз. (тізені көтеріп жүру)
Алаңқай
ортасындағы қар дөңгелектерін жинап алайық, орманшы атайға қонаққа
апарайық. (шашырап жүріп, қайта сапқа жиналу)
|
Балалар: Сәлем!
Сәлем!
Сәлем!
Сәлем!
Қонаққа баруға қуанады.
Саппен жүреді.
Ирелеңдеп жүру
Аяқтың ұшымен жүру.
Тізені жоғары көтеріп жүру.
Шашырап, жиналу
|
|
Іздену ұйымдастырушы
|
Жалпы дамытушы жаттығулар.
(доппен)
1. «Көтерейік дөңгелекті».
Б.қ. а.а. иық кеңінде, доп
төменде. 1-допты қос қолмен жоғары көтереміз. 2-допты алға созамыз.
3-допты төмен түсіреміз. 4-б.қ.келу.
2. «Доп, доп, домалақ».
Б.қ. аяқ арасы иық кеңінде, доп төменде.
1-доп жоғары, оң аяқ артқа. 2-б.қ. 3-доп жоғары, сол аяқ артқа.
4-б.қ.
3. «Көңілді доптар».
Б.қ. негізгі тұрыс.
1-тізерлеп отырып, допты алға созу. 2-б.қ.
4. «Секір, секір, добым»
Доптарша орындарында қос аяқпен
секіру.
-Балалар, орманның таза ауасын терең
жұтайықшы. (тыныс алу)
-Балалар, жолдың көп бөлігін өттік, енді аз
жүрсек орманшы атайдың үйшігіне жетеміз.
Негізгі қимылдар.
1. «Жіңішке көпір» Қолды
жанына созып, гимнастикалық орындық үстімен жүру.
2. «Төмпешіктер» Құрсаудан құрсауға қос
аяқпен секіру.
-Балалар, қарандаршы біз орманшы атайдың
үйіне келіп қалыппыз ғой. Орманшы атаймен амандасайық. Атайдың
көңіл-күйі жоқ сияқты ғой. Онымен ойнап, көңіл-күйін
көтерейік.
Қ/о: «Кім шапшаң?»
Шарты: Балалар межеге дейін жүгіріп барып,
допты себетке салып кері қайту керек.
|
Допты түрлі бағытта көтереді.
Арқаларын тік ұстап, аяқтарын созу жаттығуын
жасайды.
Жартылай отырады, допты алға
созады.
Қос аяқтап секіреді.
Тепе-теңдік сақтап жүреді.
Қос аяқтап секіреді.
Екі топқа бөлініп, допты жеткізуден
жарысады.
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы
|
-Балалар, сендер шаршаған
боларсындар. Сәл жатып, демалып алайық. (Арқамен жатып, көздерін
жұму керек.)
Тыныс алу жаттығулары:
Кеудемен тыныс алу.Ауызбен тыныс алып,
мұрынмен жайлап шығару.
Нүктелі
массаж.
|
Шеңбер бойымен тұрып,тәрбиеші көрсеткен тыныс
алу жаттығуларын орындайды.
Топқа қайтады.
|