Қар
ериді, мұз болады
Мақсаты: Табиғаттағы
қар мен мүздың құбылыстары туралы білім
беру.
тәжірибе
арқылы қар мен судың қасиеттерімен
танысу.
бірігіп
жұмыс жасауға өзара сыйластыққа,
түсіністікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: стакан
сумен, табақтағы қар мен мүз, қар
бейнеленген суреттер.
Ұйымдастыру:
Балалар, бәріміз шеңбер құрып , қонақтармен
бір- бірімізбен амандасайық.
«Арайлап
таң атты, Алтын шуақ таратты. Жарқырайды
күніміз,
Жарқырайды
даламыз. Қайырлы күн балалар, Қайырлы
күн қонақтар.»
Сұрақ-
жауап:
-Қазір
қай мезгіл?
-Қалай
білдіңдер?
-Таңы
да не өзгерді?
-Ал
енді менің айтқанымен келісесіндер ме?
Келіссендер көк түсті карточканы
көрсетіндер, ал келіспесендер қызыл
карточка
көрсетіндер.
1.Күн
ерте шығып,кеш батады.
2.Жаңбыр
жауады.
3.Жердің
бетінде қар жатыр.
4.Жылңалардан
су ақты.
5.Күн
қысқарды.
6.Боран
соқты.
7.Жолдар
тайғақ болды.
8.Көлдердің
беті мүз болып қатып қалды.
-Жарайсындар,
бәріңде дұрыс жауап бердіңдер.
-Балалар,
табиғаттың бізге дайындаған құбылыстары
көп. Әр мезгілде әр түрлі әдемі де сұлу
болып келеді. Әр мезгілдің өзінің қүпиясы
мен таңғаларлық сәттері болады.
Ең
таңғаларлық мезгіл ол қыс: қане суреттерге
қарайықшы.
«Қатты
жел соғып терезеден хат ұшып түседі.»
-Балалар
қарандаршы желмен хат ұшып келді,
қарайықшы ішінде не бар екенін.Сендерге
оқып берейін:
«Сәлеметсіндер
ме, балалар?
Сіздерге
екі егіз тамшы хат жазып отыр.Сендер
өте ақылды және өте білімді екендігін
естідік.Бізге көмектесіндерші!
Біз
екеуміз тату –тәтті өмір сүрдік,бір
уақытта қатты аяз соғып, біріміз мүз
болып қатып қалды, ал екіншісі шашын
тарап отырған , сол күйінде әдемі қарға
айналып кетті. Енді сол әдемі болып
қалған кар мені менсінбей, сен менің
сыңарым емессін деп мені сүйкімсіз
салқын мүз дейді.»
-Ал,
балалар көмектесеміз бе? Қар мен мүзға
айналған екі тамшыға көмектесейік. Олар
екеуі судан жаралғанын дәлелдеп берсек,
сонда олар достасады.
Сендерге
жұмбақ жасырайын:
1.Әппақ
етіп айналаны, ақ көбелек айналады.(Жапалақтап
жауған қар.)
Қыста
ғана болады, үстасан қолың тонады.(Қар)
-Балалар,
алдымыздағы қарды ұстап көрейік,
алақанымызбен не сезіндік?
-Мұздай
алақанымыз су болды.
-Қар
еріп су болады екен.
2.Өзі
судан жаралған, бірақ судан қорқады.(Мүз)
-Мүзды
да ұстап көрейік, ол мұздай, ол да су
болып ериді екен.
-Ал,
енді қорытынды шығарайық, жылы жерде
қар мен мұз суға айналады.
2-дәлел.
-Балалар
қардың түсі қандай?
-Ақ
-Балалар
мұздың түсі қандай?
-Мүз
түссіз.
3-дәлел.
-Балалар
мұздын астынан біз алақанымызды көрейік,
көрінеді ме екен?
-Я,
көрінеді.
-Ал,
қардың астынан?
-Жоқ,
көрінбейді.
-Мұз
мөлдір, кар ақ, ештене көрінбейді.
Сергіту
сәті:
Күн
болып жанайық,
Су
болып ағайық,
Терең-
терең дем алып,
Жүгіріп
-жүгіріп алайық.
4-дәлел.
-Енді,
балалар мұзға қарайықшы:карандашпен
үстінен басып көріндер,мұз сынып қалды.
-Енді,
ұардың үстінен басып көріндер, қарда
ізі қалды.
-Сонымен,
мұз сынғыш, ал қар тығыз.
5-дәлел.
-Алдарындағы
суға қар мен мұзды салындар, не болды?
-Қар
мен мұз батпай бетінде қалықтап жүзіп
жүр.Содан қар мен мүз судан жеңіл.
Қорытынды:
қар мен мұз судан жаратылған.Олар су
болып есептеледі.Содандықтан мүз бен
қар екеуі мәңгі дос.Мұз бен қар ол қатты
түрдегі су. Ауа райы салқын болғанда су
мұз болып қатып қалады.Ал ең кішкендай
мұздар жоғарыда аспанда бізге қар болып
жауады.
Балалар
қарандаршы мұздан да қардан да бірдей
мүсіндер жасауға болады. Сендер далада
қардан аққала жасайсындар,мұзда сырғанақ
тебесіндер. Міне қарандаршы қаншама
заттар істеуге болады .
Қимылды
ойын: «Қатырмақ»
Тәрбиеші
қолындағы сиқырлы таяғымен балалардың
қолдарына тигізу керек, кімнің қолына
тиген бала сол қатып қалады.
-Енді
балалар, жұмсақ қағаздан қар қийып
терезеге жабыстырайық.
-Жұмыстарымызды
бастамас бұрын, қайшы мен жұмыс істеу
қауіпсіздік ережесін есімізге түсіріп
алайық:
1.Қайшымен
жұмыс істегенде, мұқият болу керек.
2.Көзден
алшақ ұстаймыз.
3.Қайшының
ұшын жоғары қаратып ұстауға болмайды.
4.Жолдасыңа
қайшы берер кезде, жабық күйде ұстап,
жұмыс істейтін бөлігін ұстап, сақинасын
жолдасына қаратып береміз.
Балалар
жұмысына кіріседі.
Балалардың
жұмысын тексеріп мадақтау. Сиқырлы
қорапшадан мұз кампит тарату.
Қонақтармен
қоштасу:
-Келесі
кездескенші, қош сау болыңыз.
Күтілетін
нәтиже:
Қайта
жаңғыртады: Қыс
мезгілінің ерекшеліктері туралы біледі:
Түсінеді:
Қар мен мұз судан тұратынын тәжірибе
жасау арқылы біледі:
Қолданады:
Шығармашылы танытады
Қолданады:
Қоян сұлбасына жапсыру әдісімен жұмыс
жасайды