Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қар ханшайымы жаңа жылға сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Қар ханшайымы жаңа жылға сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка әуенімен балалар залға кіреді. Балалар шыршаны шыр айналып жұп-жұбымен тұрып би билейді.

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті көрермендер, ата-аналар, ұстаздар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының жаңа жылдық мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Жаңа жылдық кешіміздің қонағы Ұлуға арнап өлең жолдарын тамашалаңыздар. 1 сынып оқушылары

Зейнеп: Жасыл шырша қош келіпсіз

Сені аңсап жүрдік біз

Өзіңменен жаңа жылды

Қарсы алуға келдік біз

Жасыл шырша жанында

Ойнап күліп қайтамыз

Жасыл шырша жанында

Өлеңдіде айтамыз.

Нурсая: Кел Жаңа жыл,

Төрле, төрле жеріме

Құт береке боп келгейсің еліме

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің бізді де


Абдужамил: Кел төрлет, жаңа жылым, құтты жылым

Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін

Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен

Жарқырап әне алдымнан шықты күнім

Ұлбосын: Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой

Құтты болсын құтты болсын жаңа жыл.

Жалғас: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын

Әрқашан мерекелік көңіл болсын

Кеудеміз күмбірлеген жырға толып

Қане достар, күлкімен орта толсын

Жанерке: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін

Мына отырған барша жан бәрімізге

Мадина: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел балалар келіңдер

Тамашаны көріңдер.

Сауран:Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр

Ізгілік бірлік дәнін ортаға ысыр

Құт болып береке бер халқымызға

Мерейін мәртебесін биікке асыр

Жүргізуші: -Балалар жаңа жылымыздың шыршасы жанбай қалыпты.Сол үшін аяз ата мен ақшақарды шақырайық.

-А-я-з а-т-а а-қ-ш-а-қ-а-р

Келесі кезекте балаларымыздың жана жыл мерекесіне арналған «Шырша жыры» атты әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Шырша жыры»

Би: Жігіттер биі 3 Г сынып оқушылар

Топқа ертегі перизаты келеді . Қолында қолшатыры бар.

  • Сәлеметсіңдер ме балалар!

  • Мен сендерді ертегіні өте жақсы көреді деп естіген едім, сондықтан мен сендерге өте керемет бір ертегі ала келдім.

  • Бұл дәл Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында болған оқиға. Бір кішкене қалашықта Кай мен Герда есімді достар өмір сүріпті. Олар өте тату болыпты. Бірге ойнағанды, гүл өсіргенді, терезенің алдына отырып қар жауғанын тамашалағанды өте жақсы көреді екен. Бір күні Герда кітаптан сонау алыс-алыс өңірде бір Қар ханшайымы өмір сүретінін , ол өзінің сиқырлы айнасынан әлемдегі барлық оқиғалардан хабардар болып отыратыны туралы естиді.

  • Қатты жел соғып ортаға Қар ханшайымы келеді.

(Қар ханшайымы тақта отырады , қызметкерлері шығады.)

Қар ханшайымы:

  • Зерігіп кеттім мен мұнда,

Жалғыз өзім қашанда

Қар менен мұз борандар

Көңілсізбін мен мұнда.

Аяз ата:

  • Ханшайымым біз бармыз

Балаларымыз сізді қуантады.

Қар ханшайымы:

  • Суықсыңдар сендер тым,

Керек емес бұл маған

Мен қалаймын жылулықты.

Кеше мен бір түс көрдім

Сүйкімді бала күтіп жүр мені.


(ортаға Кай шығады, оған Герда жүгіріп келеді)

Герда: - Кай,Кай сен Қар ханшайымы туралы естігенсің бе?

Кай: -Жоқ естігем жоқ Герда.

Герда:

  • Білесің бе Кай, ол сонау алыс-алыс өңірде өмір сүретінін , ол өзінің сиқырлы айнасынан әлемдегі барлық оқиғалардан хабардар болып отырады екен .Тіпті жер бетіндегі әр қар түйіршігі оның қалауымен жауатын көрінеді. Мүмкін дәл қазір ол өзінің айнасынан бізге қарап отырған шығар. Мен қатты қорқам Кай.....

Кай:

  • Герда сен қорықпа мен бармын гой . Ол Қар ханшайымы келсе мен оны ұстап алып пешке отырғызып қоям, ол еріп быт-шыт болады.

(Герда мен Кайдың әңгімесін естіген Қар ханшайымы өте қатты ашуланады. )

Қар ханшайымы:

  • Жапалақта аппақ қар,

Борандарым соғыңдар,

Аяз қаптап жан жақты,

Мұздарымды шашырат,

Мұзым тиген әр жүрек

Тас болып қатсын ертерек.

(Мұз түйіршігі келіп Кайдың да жүрегіне тиеді. Кай өте өзгеріп кетеді.)

Музыка әуенімен ортаға шанасын суретіп Кай шығады. Шыршаның шамы сөніп , боран мен желдің дауысы шығып, ортаға Қар ханшайымы шығады.

  • Сәлеметсің бе Кай! Мен саған келдім, мен сені сонау алыстағы керемет жерге алып кетуге келдім. Ол жерде ешкім сені мазаламайды, тек екееуміз өмір сүретін боламыз. Жүр менімен Кай!

  • Мееен , әлгі Гердааа....

  • Ұмыт Герданы , жүр менімен Кай....

Қар ханшайымы Кайды алып кетеді,,, Герда шығып шыршаны айналып Кайды іздейді, сосын шыршадан сұрайды.

Герда: (шыршаға қарап)

  • Сәулетті шырша сен Кайды көрмедің бе?

  • Жасыл шырша сен ол туралы естімедің бе?

Шыршаның дауысы:

  • Сен Кайды іздеме Герда

Қонақта болды зұлым ханшайым

Мұздар патшалығының иесі

Бұрқасын, боран, қарлардың

Сиқырлы зұлым күшімен

Сарайына алып кетті

Іздеме оны іздеме....

Герда:

  • Ол сарай қайда, айтшы

Бар шындықты жайып салшы...

Шыршаның дауысы:

  • Ол сарай тым алыста

Қара орман артында

Жол шығады солтүстікке

Қорқынышты бір өзіңе...

Герда;

  • Барлық жолдар, бар сапар

Мен оны жүріп өтемін

Суық пен боран түк емес

Досыма әлбетте жетемін

Герда жолға шығады, жүре-жүре Герда Гүлдер ханшайымының сарайына келіп жетеді.

Гүлдер ханшайымы:

  • Амансың ба сұлу қыз!

Сен мұнда не істеп жүрсің?

  • Мен Кайды іздеп жүрмін,

Көрдіңіз бе, сіз оны?

  • Байқамадым мен оны

Басынан бастап айтшы енді..

  • Асығуым керек мен

Уақытым жоқ өкінем...

  • Герда сен табасың Кайды

Алдыменен деміңді ал

Отырып алып демал

Гүлдер биін қабыл ал

Би; «Қыздар биі» 3 Г сынып

Герда:

  • Рахмет сізге ханшайым...

Кетуім керек менің шын...

Гүлдер:

  • Сау бол, Герда аман бол..

Жолың болсын бара ғой

Герда шыршаны бір айналып қайта келеді.

Би: «Келді міне жаңа жыл» 1 Д сынып

Ортаға қарақшылар шығады.

Атаман қыз:

  • Мен сендерге жұмыс таптым!

  • Жұмыс па?

  • Мұнда бір алтын араба келе жатыр!

  • Алтын ба?

  • Жабыңдар ауыздарыңды..!

  • Бізге оны ұстау керек.

Аяқ қолын байлау керек

Қорқыту керек сәл-пәл

Және тонау әрине

  • Біз мұндайды қатырамыз!

  • Шабуылға дайындалыңдар.

(Қарақшылар Герданы ұстап Атаман қызға алып келеді.)

Атаман қыз:

  • Қызға тиіспеңдер, ол менің досым болады.

Шеш қалпақты, етікті...

Міне мынау менің бұғым

Солардың қасына сен де қосыласың

Менің досым боласың..!

Герда:

  • Өтінем саған мені жіберші

Мен досым Кайды іздеп жүрмін

Оны зұлым Қар ханшайымы ұрлап кетті

Мен оны табуым керек.

Атаман қыз:

  • Болды жылауды доғар...

Оны қайдан іздейсің?

Қайда екенін білмейсің ғой?


Бұғы :

  • Мен білемін оның қайда екенін

Қар ханшайымы солтүстік полюсте

Атаман қыз;

  • Сен қайдан білесің?

Бұғы:

  • Мен Лапландияда туылғанмын

Атаман қыз:

  • Жарайды, мен сені босатамын, бірақ сен Гердаға көмектесуің керек. Оны Қар ханшайымының сарайына апар... Барыңдар, жолдарың болсын!

Герда:

  • Рахмет саған досым!

(Бұғы Герданы арқасына отырғызып алып кетеді)

Қар ханшайымының сарайында отырған Кайды көрсетеді.

Герда:

  • Кай ,Кай .... Таптым-ау ақыры сені.....

  • Кай маған қарашы, мен Гердамын,,, Есіңде ме?

Герда Кайды құшақтайды..

Кай:

  • Герда , бұл жерге қайдан келдің?

  • Сені көргеніме қуаныштымын....

Екеуі қол ұстасып секіріп, қуанып тұрғанда Қар ханшайымы келеді.


Қар ханшайымы:

  • Сен мұнда калай келдің?

Мен саған Кайды бәрібір бермеймін...

Герда:

  • Жоқ өтінем, бізді жіберші

Бізді достарымыз бен ата анамыз күтуде

Бізде Жаңа жыл мерекесі болайын деп жатыр

Өтінем жіберші бізді.....


(Герда Қар ханшайымын құшақтап алады. Қар ханшайымының жүрегі жібіп коя береді.)

Қар ханшайымы:

  • Сен сондай батыл қыз екенсің

Мен күткен сүйкімді балақан

Сол сен екенсің ғой Герда

Мен қалаған жылулықты маған сыйлағаныңа рахмет.....

Герда мен Кай:

  • Сен бізбен жүр мерекені бірге қарсы алайық

Жүргізуші: Балалар ескі жыл Ұлуды шығарып салайық.

Жаңа жыл Жыланды шақырайық.

Жылан - Мұрагер
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін сендермен 1 жыл бірге боламын. Сендерді қуанышқа, шаттыққа бқлеймін

Би: «Санта биі » 1 Ғ сынып

Аяз ата:

  • Құтты болсын балалар

Келген жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп ұл қыздарым

Өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Ақшақар:

  • Қардан шыққан Ақшақармын

Сұлу айдай қиылып

Жаңа жылмен құттықтап

Жүргізуші:

-Аяз ата Ақшақар сіздерді басқа да балалар күтіп отырған болар.Сіздерді ұстамай шығарып салайық. Келіп қуанатқандарыңызға рақмет.Сау саламатта болыңыздар.

Балалар қоштасады.

Хор: «Шыршаға бардық» 3 Б сынып

Ән; Жаңа жыл 3 «Ә» сынып

Жүргізуш: Құрметті оқушылар, қонақтар осымен жаңа жылдық кешіміз аяқталды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Дендерің сау болсын. .
























«А.Қарсақбаев атындағы орта мектебі» КММ




Тақырыбы: Төрле, төрле Жаңа жыл!

Shape3 Shape4



Сынып жетекшілер:

1 «Г» сынып Абильпейсова Н.И

1 «Д» сынып Садыкова Н.Е

3»Ә» сынып Аумхан А.М

3 «Б» сынып Жанабаева Қ.Қ

3 «Г» сынып Нартаева А.А







2024-2025 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2024
227
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12