400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Қар жамылған ағаш

Материал туралы қысқаша түсінік
қыс мезгілінің ерекшелігі туралы, аппликация оқу қызметіне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шалқар ауданының білім бөлімі

«№12 бөбекжай-бақшасы»













Тақырыбы: «Қар жамылған ағаш»



Ересек топ














Тәрбиеші: Жолекенова Л.Қ














2017-2018 оқу жылы


Білім саласы: шығармашылық

Бөлімі: аппликация

Тақырыбы: Қар жамылған ағаш.

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну. Ағаштың бейнесін дұрыс бейнелеу, қию, жырту, бүктеп умаждауға үйрету,жапсырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын ,қайшымен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, ұсақ қол моторикасын дамыту.Табиғатты сүюге, қорғауға ,тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: көрсету, түсіндіру; сұрақ-жауап

Шаттық шеңбері:

Алақанға күннің нұрын саламыз,

Даладағы таза ауаны саламыз,

Жүректің жылуын саламыз,

Бәрін жинап қонақтарға шашамыз.

Жұмбақ жасыру:

1,Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады?

2.Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады

3.Табаныма байладым

Қос аяқпен айдадым

Балаларға сұрақтар қою:

-Балалар жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі.

-Қыс айларын атаңдаршы?

-Желтоқсан, қаңтар , ақпан
- Жарайсыңдар, балалар, қыс мезгілінің ерекше белгісін білеміз бе?

-Таза ауа екен.

-Қыс мезгілін неше бөлікке бөлеміз?
- Үш бөлікке бөлеміз,ерте қыс, желтоқсан айы суық ызғарлы болады, қыс ортасы қаңтар айы-қарлы ай,үскірік аяз болады, қыс аяғы ақпан-жел мен суық боранды болады екен.

-Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жылтыр қыс деп атаймыз.
-Өте жақсы, қандай мерекелерді тойлаймыз?

-Тәуелсіздік мерекесін және жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

-Қандай ойындарды білеміз?

Балалардың жауаптары.

Олай болса, қар лақтыру ойынын ойнап жіберейік.

Қар-снег-снеу, ағаш-дерево.

Экранға назар аударайық , қыс мезгілі бейнеленген,айнала ақ көрпеге оранып тап-таза күйге енген, ағаш бұталарын қар басқан, қыста да ағаштар тіршілік етуін тоқтатпайды , сондықтан да серуен кезінде ағаш бұталарын сындырмауымыз керек екен, ағаштың түбіне қар үйінділерін үюіміз керек .

Тосын сәт: Орманшы келеді.

Қоңыр түсті қағазды шетінен қиып аламыз да,оны діңгегі етіп жапсырамыз, қалған қағазды бүктеп умаждап алып, қайта жазамыз да шетінен жырту әдісі арқылы ағаштың бұталарын желімді жағу арқылы жапсырамыз, бұталарының ұзындықтары әр түрлі болады, осы дайын болған бұталарға 1-ші үстелдің балалары ақ қағаздан жыртып умаждау арқылы қар жапсырамыз, ал екінші топ балалары мақтамен, 3-ші үстел ермексазбен, 4-ші үстел тіс пастасымен, 5-ші үстел сорғышпен қарды жапсырады.

Сергіту сәті:

- Боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
(Қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
- Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырып, аяқтарын топылдатады)
- Ал күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)

Балалар жұмыс жасауға кіріседі.

Кейбір жәй қозғалатын балаларға көмек көрсету


Сұрақтар қою арқылы барлық балаларға «Жазға аман жетейік» деп бәйтеректің суретін беру.


Нені білді: қысқы табиғат ерекшеліктерін.

Нені меңгерді: жапсырудың түрлерін

Нені жасай білді: ағаштарға қамқор болуды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
1551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі