МКҚК
№161 бөбекжай-балабақша
«Қар
жамылған ағаштар»
Ашық
оқу қызметі
Ортаңғы
«Балапан» тобы
Тәрбиеші:
Курмантаева А
Алматы
2019
Ашық
оқу қызметі «Қар жамылған ағаштар»
Білім
беру саласы: Катынас
Ұйымдастырылған
оқу - қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:
«Қар жамылған ағаштар»
Мақсаты:
Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін
кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын
сезіну. Суретке қарап сөздер құрастыру,
алған әсерлерін сөзбен
жеткізе
білуге, ойлау қабілеттерін дамыту.
Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай
білуге тәрбиелеу.
Керекті
құралдар: Қыс бейнесі суреттері, слайд,
ағаш
Шаттық
шеңбер:
Армысың,
шапағатты Күніміз
Армы
сың,мейірімді Жеріміз
Армысың,Табиғат
- анамыз
Армысыздар,
апайлар
Келді
сізге өзіңіздің балаңыз
Сәлеметсіңдерме
балалар. Бүгін бізде ашық оқу қызметі.
Тақырыбымыз аты «Қар жамылған
ағаштар». Ендеше экранға назар
аударайық.
Слайдпен
жұмыс.
-
Қыс мезгілінде неше ай бар?
-
3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
-
Қыста күн қандай болады?
-
Суық, аяз, боран.
-
Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай
болып жатыр?
-
Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты
Суретпен
жұмыс:
Сендер
мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
-
Ағаштар, орман іші, айнала аппақ қар.
-
Осы суретке қарап әңгіме құраңдар.
-
Ағаш бұтақтарын қырау басқан. Ағаштардың
бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай.
-
Ағаштар, қыста да тіршілік етуін
тоқтатпайды.
-Балалар
аққала жасап жатыр
«Қар
жамылған ағаш» бейнесін саламыз.
Жұмыс
барысы үлгіге қарап түсіндіріледі:
-
Қылқаламды алып, қоңыр түсті гуашпен
ағашты саламыз. Ағаштың жуан діңін,
төменнен жоғары қарай салып, қар жамылған
бейнені ақ гуашпен саламыз. Қар жауып
тұрған сәтті палочкамен салып көрсету.
-
Енді балалар, сурет салмас бұрын саусақ
жаттығуын жасап алайық.
Сергіту
сәті:
Тоңса
біздің қолымыз,
Қолғап
кйіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт
Шапалақты
соғамыз.
Етік
киіп аламыз
Топ-топ-топ
Енді, отырып жұмысымызды бастай беруге
болады.
Балалар,
орнымыздан тұрып, шеңбер жасап «Көлеңке»
деген ойын ойнаймыз. Бір аңды айтамын,
сендер сол аңның жүрісін саласыңдар?
Көлбең
- көлбең көлеңкем, көлбеңдеген көлеңкем.
Аю қалай жүреді, жүрісін салайық. Мен
қоян деймін, сендер қоянның жүрісін
саласыңдар.
Балалар
аңдар жүрісін салады
Күтілетін
нәтиже:
Нені
білуі керек: Қыс мезгілінде ағаштар қар
жамылатынын, оның ерекшеліктерін
бейнелеуді.
Қардың
әртүрлі қасиеті бар екенін, жылдың суық
мезгілін түсіндіру.Ақ түсті бояуды
пайдалану арқылы қар жамылған ағаштарды
бейнелей білуге және сурет бойынша
әңгіме құрастыра білуді.