400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қар жамылған шырша

Материал туралы қысқаша түсінік
Қар жамылған шырша суретін салу барысында ӨТТШТ әдістемесі бойынша таяқша және тіс пастасымен басып жағу тәсілімен салуды үйрету. Міндеті: Білімділік: Балалардың қысқы табиғат құбылыстары ерекшеліктерін әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Табиғат әсемдігін сезіну арқылы табиғатты қорғауға баулу және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Білім беру салсы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі

Тақырыпша: Ғажайып қыс

Тақырыбы: Қар жамылған шырша

Мақсаты: Қар жамылған шырша суретін салу барысында ӨТТШТ әдістемесі бойынша таяқша және тіс пастасымен басып жағу тәсілімен салуды үйрету.

Міндеті: 

Білімділік: Балалардың қысқы табиғат құбылыстары ерекшеліктерін әсерлі қабылдай білуін қалыптастыру.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғат әсемдігін сезіну арқылы табиғатты қорғауға баулу және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала орындалатын жұмыс: Терезеден ағаштарға, үйлерге, заттарға, жерге қарай қардың қалай әдемі жауып тұрғанын бақылату.

Қолданылатын көрнекі құралдар: тіс пастасы, таяқшалар, қар жамылған шырша суреті, ойыншық шыршалар, қол сүртетін сүлгі.

Сөздік жұмыс: қар жамыған шырша.

Билингвальды компонент: шырша- елка, қар- снег.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Шақырамын сендерді

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа,

Дөгеленген шеңберді


Балалар шеңберге тұрып қимыл қоғалыспен шаттық шеңберін орындады.

Ұйымдастыру-

іздестіру

Сұрақ-жауап алу.

  1. Қазір жылдың қай мезгілі?

  2. Қыста қандай өгерістер болады?

  3. Қыста қандай ойындар ойнайды?

Жұмбақ жасыру.

Тікен, тікен, тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте

Бұл не? (шырша)

Сөздік жұмыс: қар жамылған шырша.


Сергіту сәті

Жел улейді у-у

Боран соқты зу-зу

Қатты қатты жел соқты гу-гу

Шыдай алмай жапырақтар ах-ах

Билеп кетті қалтырап пах-пах

Ойын: Деньеш блоктарынан шырша құрастыру.

Балалармен сурет салу үшін саусақ жаттығуын орындаймыз.

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды...

Өнерлі екен он саусақ:

Қала салсақ, жол салсақ...

Балаларға қар жамылған шырша суретін салу жолдарын көрсету және көмек қажет балаларға көмектесу.

-Енді балалар сол қолдарына тіс пастасын алып, ал оң қолдарыңа таяқшаны алып, тіс пастасына батырып, алдарыңдағы шыршаны қар жамылған шыршаға айналдырыңдар.

-Сурет салып болған соң, көз алдымызға ұлпа қарларды елестетіп, тыныс алу жаттығуын жасаймыз.


Балалар жауабы

Қыс мегілі.

Қар жауады, аяз, боран болады.

Коньки, шаңғы, шанамен сырғанақ тебеміз.


Жұмбақ жауабын табады. Шырша





Балалар бірге сергіту сәтін қайталайды.





Деньеш блоктарынан шырша құрастырады.






Саусақ жаттығуын жасайды.














Қарды алақандарына салып оң жаққа сол жаққа үрлеу арқылы тыныс алу жаттығуын жасады.

Рефлексивті -

түзетушілік


Балалар бүгінгі салған суреттерің өте әдемі болды. Ал сендерге ұнады ма? Осы салған суреттерден шыршалы орман көрмесін ұйымдастырайық.

Суретіміз әдемі болды. Ұнады.


Күтілетін нәтиже

Білу: қысқы табиғи ерекшеліктерді

Игеру: шырша ағашының қысы-жаы бір түсте болатындығын

Меңгеру: басып, жағу тәсілімен қар жамылған шырша салуды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
898
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі