Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім
саласы: Таным
ҰОҚ:
Құрастыру
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің тақырыбы: «Қар
жауып тұр»
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің мақсаты:
Қағазды умаждау тəсілдерін пайдаланып,
қағаз беттерін көлемді пішіндерге
түрлендіру.
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің міндеттері:
Білімділік
:Қағазды умаждау арқылы қар кесектерін
жасауға болатынын түсіндіру, табиғат
құбылыстары жайында қарапайым түсінік
беру.
Дамытушылық:
Балалардың саусақ бұлшық еттерін дамыту
Тәрбиелік:
Сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сөздік
жұмысы:
Жапалақтап қар жауды, қар мамықтай ұлпа.
Көрнекілігі:
үлгі суреттер, үлкен және кіші көлемді
қағаздар.
Әдіс-тәсілдері:
түсіндіру,
көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар
Билингвальды
компонент:
: қар-снег.
Оқу
қызметінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің
әрекеті
|
Баланың
іс-әрекеті
|
Ой
қозғайтын себептер
|
Шаттық
шеңбері.
Амансың
ба, Алтын Күн?
Амансың
ба, Көк Аспан?
Амансың
ба, достарым?
Сендерді
көрсем қуанам.
Балалар
қазір жылдың қай мезгілі?Қыс мезгілінде
ауа-райы қандай болады? Сурет бойынша
әңгімелеу. Жауған қарға бақылау
жасағандарын естеріне түсіре отырып
әңгіме жүргізуі. «Жапалақтап
қар жауды»
ойынын ұйымдастыру
|
Қимылмен
жасап көрсетеді.
Балалар
сурет бойынша әңгімелейді және ойын
ойнайды.
|
Ізденіс-ұжымдық-негізгі
бөлім
|
Үлгіні
көрсетіп балаларға бүгін жауған қарды
қағаздан қалай жасауға болатынын
көрсетіп түсіндіру. Балаларға жолақ
жұмсақ қағазадарды үзіп алып алақан
арасына салып умаждап, оны домалақтап,
жұмсартып, домалақ бейнеге келтіріп,
қағаз бетіне әр жерге қар жауған
тәрізді етіп орналастыруды көрсете
отырып түсіндіру. Қағаз бетіндегі
көріністерді пайдалана отыру. Балалардың
іс-әрекетіне көмек көрсетіліп, оны
қағаз бетіне қалай орналастыруға
болатынын қадағалау.
|
Балалар
екі қағазды да кезекпен алып, алақан
арасына салып, умаждап, домалақтауға
әрекеттенеді. Қар ақ, жұмсақ, оны
қағаздан жасағанда да жұмсартып,
домалақтап, бейнеге келтіреді.
|
Рефлекциялық
түзету
|
Балалардың
жасаған жұмыстарын қарап шығу, жұмыс
сапасына назар аудару, дұрыс жасамаған
балалардың жұмыстарын қайталап жасауға
көмектесу. Жақсы жасаған балалардың
жұмысын бағалап мадақтау.
|
Өздерінің
жасаған жұмыстары жайында айтып
береді.
|
Күтілетін
нәтиже:
Қабылдайды:
Жапалақтап
жауған қар туралы;
Түсінеді:
Қағаздың
көлемі «үлкен, кіші» және оны умаждау
әдістерін;
Қолданады:
Қағазбен
умаждап белгілі бір пішінге келтіріп
оны кеңістікке дұрыс орналастыра білуді.
Қағазды умаждау
тəсілдерін пайдаланып, қағаз
беттерін көлемді пішіндерге түрлендіруді