400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Қар. ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат көріністерін сипаттау. Қыс мезгілі, қыстағы адамдардың, жануарлардың тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру. Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Қыс қызығы.
Мақсаты: Табиғат көріністерін сипаттау. Қыс мезгілі, қыстағы адамдардың, жануарлардың тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру.
Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің көрінісі слайд.(слайд).
Үлестірмелі құралдар (пластмасс стакан, қағаз қиқымдары, түтікше, аққала бөлшектер

Балаларды нейро- жаттығу арқылы күтіп алу
- Балалар, көңіл-күйлерің қандай?
- Тамаша
-
Бір жылда неше мезгңл бар?

-Төрт мезгіл

-Қанекей атайықшы

-Қыс, көктем,жаз, күз

-Ал қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыз мезгілі

-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Дала суық,қар жауады, аққала жасаймыз, шана ,шаңғы тебеміз

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Тәрбиеші: Өте дұрыс айтасыңдар балалар ал қазір бізде қандай ай екенін білесіңбе Шандоз?

-Желтоқсан айы

Тәрбиеші: Жарайсыңдар:

Тәрбиеші: Балалар мында маған видео байланыс арқылы кімнің шыққанын білесіңдерме?

Балалар: Жооқ

Тәрбиеші: Олай болса экранға назар аударайық

(Аққала балалармен сәлемдесіп, жаңа жыл мерекесі келе жатқанын айтып, бірақ қандай дүние жасауға болатынын білмейтінін айтып, көмек сұрайды

Тәрбиеші: Балалар аққалаға көмектесемізбе? Олай болса көмекке барғыларың келсе алдымен менің тапсырмамды орындаймыз

Балалар қуана келіседі

Ритм арқылы балаларды бір-бірден өткізу

Кішкентай аққаланың мекеніне келеді

(Қар жауады)

-Балалар қараңдаршы не жауып жатыр ?

-Қар

-Қар қандай?

-Мұздай

-Пішіндері әр-түрлі

-Жылы жерде еріп кетеді

-Қармен аққала жасаймыз

-үстіне су құйып, мұз болады ,содан соң сырғанаймыз

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар

Олай болса, қыс туралы тақпақ білесіңдер ме?
Гүлім:  Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.

- Дұрыс, қардың түсі қандай?
- Ақ.

- Ия, қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл. Қар туралы тақпақ білесіңдер ме?

Алан: Қар жауыпты далаға,         
Қар жауыпты қалаға.                            
Сырғанаймыз біз енді,                         
Отырып ап шанаға.    

Қасым: Аппақ, аппақ қар аппақ,        
Айналаның бәрі аппақ.  
Қырау-қырау жол аппақ,
Қар жамылған тал аппақ.

Ал,қардың үлпілдек екеніне көзімізді жеткізу үшін мына үстел үстіндегі стакандағы түтікшені үрлеп көрейік.
(Балалар үстел үстіндегі  стакандағы түтікшені үрлейді, ондағы қағаз қиқымдарының ұшқанын көреді).
Стакандағы қар ұшты ма?  - Ия.
Қар ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауады екен.
Қарды жеуге болады ма?   - Жоқ.

Себебі қар мұздай
Қар аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл екеніне көзімізді жеткіздік.

Экраннан ОЛФ шығады

-Сәлем достар Қош келдіңдер! Маған көмек беруге келдіңдерма? Сендерді көргеніме өте қуаныштымын:

Тәрбиеші: Әрине біз саған көмектесуге келдік

Балалар үш топқа бөлініп, қалаған орталықтарына отырып, жұмыс жасайды.

1-орталықта балалар шишкалармен жаңа жылдық безендірулер жасайды

2-орталықта балалар тастанды қораптан бұғы жасау

3-орталықта ақ қағаздан қыс бейнесін жасау


Олф: Қандай керемет мен өте қуаныштымын.

Тәрбиеші: Біздің балалар әрқашанда көмекке дайын

Тәрбиеші: Ал балалар олай болса, бақшамызға оралайық. Менімен бірге ойын ойнау арқылы бақшамызға оралайық. (Сызық бойымен , түрлі қимылдар жасау арқылы секіру)

Бақшамызға келіп, оқу іс-әрекетімізді қорытындылау

Тәрбиеші: Бүгінгі іс- әрекеті ұнады ма ?

  • Олай болса мен сендерге ұнамды жайт айтылса, болса қолды шапалақтаймыз, ұнамсыз болса аяқты топылдатамыз.

  • Қар аппақ па?

  • Қар мұздайма?

  • -Қарды жеуге болама?

  • Қардан аққала жасаймызба?

  • Мұзды ауызға салуға болама?

Жарайсыңдар балалар бүгінгі іс –әрекетіне белсенді араласқандарың үшін сыйлықтар ала қойыңдар






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 сәуір
258
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі