400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қар қандай»тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр себебі бізге көптеген қонақтар келген кәне олар мен амандасайық. Шаттық шеңбер: Күннің көзі ашылды Көкке шуақ шашылды Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Амандасу үлкен мен Тәрбиенің басы ғой Ал кәнекей бәріміз Сәлемдейік үлкенге Балалар айтыңдаршы казір жылдың қай мезгілі (Балалардың жауабы) Қыс. Қыс мезгілінде неше ай бар? (Балалардың жауабы) Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. Қыс мезгіліндегі ауа райы қандай болады. (Балалардың жауабы) Күн суық ,аяз, қар жауады, боран соғады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары

Пәні: «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Тобы: СЗС9-6р

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: студенттерге жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдаландыру;
Дамытушылық: жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, сөздік қорларын молайту, сауаттылықтарын арттыру, кәсіпке байланысты сөздерді меңгерту;
Тәрбиелік: ана тілін құрметтеуге, ұлттық әдебиет пен мәдениетімізді білуге, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыруға, білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, орыс тілі, инженерлік графика, математика, география
Сабақтың көрнекілігі: 
1. Оқулық, интерактивті тақта, буклет, плакат, үлестірме қағаздар, сөзжұмбақ.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Студенттерді түгелдеу.

Дәрісхана тазалығын қадағалау.

Студенттердің назарын сабаққа аудару.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? Оларды атаңыз?

2. Сөйлем дегеніміз не? Нешеге бөлінеді? Мысал келтіріңіз?

3. Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді? Оларды атаңыз?

4. Жай сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіріңіз?

5. Жай сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді? Оларды атаңыз? Бір мысал келтіріңіз?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.
1. Жалаң сөйлем туралы жалпы түсінік

2. Жайылма сөйлем туралы жалпы түсінік.

3. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру туралы түсінік.

4. Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдау жасау туралы түсінік.


IV Жаңа білімді дамыту.

  1. Оқулықпен жұмыс. Жалаң және жайылма сөйлемді ажыратыңыз.

1. Кеше біз үлкен жиналыс өткіздік.

2. Студенттер көп жиналды.

3. Дәрістің ішінде мұғалімдер де, студенттер де отырды.

4. Жиналыс өте қызықты өтті.

5. Қызықты тақырыптар талқыланды.


2. Жұмбақтың шешуін тауып, жауап сөзді қатыстырып жалаң және жайылма сөйлем құрастырыңыз.

1. Бір сандық бар өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сырын білесің. (Кітап)


2.Онда әкем-шешем тұрады,
Ата-әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады. (Отбасы)


3.Мақалдардың мағынасын түсіндіріп, жай сөйлем түріне ажыратыңыз.

  1. Күш – білімде.

  2. Талаптыға нұр жауар.

  3. Тәрбие тілден басталады.


V Сергіту сәті

Якобы – мыс
Кирпич – қыш
Зима – қыс
Обложка – тыс
Птица – құс


Вместе – бірге
Фундамент – ірге
Не смей – күлме
Ночью – түнде
Днем – күнде
Не заходи – кірме

К кому-чему либо – 
таяу
Пешком – жаяу
Не спящий – ояу
Краска – бояу
Медленный – баяу


VІ Сабақты бекіту

«Кім тез?» ойыны.

4 студентке құрылысқа байланысты суреттер беріледі. Берілген суреттерді пайдаланып жалаң немесе жайылма сөйлем құрайды.


VІІ Қорытынды. Оқушыларды бағалау.


VIІІ Үйге тапсырма. Мамандығына байланысты жалаң және жайылма сөйлемі бар шағын эссе жазып келу.





Оқытушы А.Сейдахметова































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі