400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Қар қиыршықтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: Қар қиыршықтары. Мақсаты: Қар қиыршықтары мен қардың суға айналуы, тағы басқа қасиеттері туралы түсіндіру. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Ойлау, тыңдау, қабілеттерін дамыту, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: қар туралы толық түсінік беру. Әдіс-тәсілдер: ғажайып сәт, жұмбақ шешу, тәжірибе жасау, ойындар, қорытынды. Қажетті көрнекі құралдар: ақшақар, ұлпа қарлар, қар қиыршықтары, қыс мезгілінің суреттері, қағаздан жасалған әр түрлі ұлпа қарлар. Билингвалдық компонент: Ақшақар – Снегурочка . Аяз ата – Дед Мороз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Қар қиыршықтары.

Мақсаты: Қар қиыршықтары мен қардың суға айналуы, тағы басқа қасиеттері туралы түсіндіру. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Ойлау, тыңдау, қабілеттерін дамыту, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: қар туралы толық түсінік беру.

Әдіс-тәсілдер: ғажайып сәт, жұмбақ шешу, тәжірибе жасау, ойындар, қорытынды.

Қажетті көрнекі құралдар: ақшақар, ұлпа қарлар, қар қиыршықтары, қыс мезгілінің суреттері, қағаздан жасалған әр түрлі ұлпа қарлар.

Билингвалдық компонент: Ақшақар – Снегурочка . Аяз ата – Дед Мороз

Шаттық шеңбері:

Қандай керемет қыс күні,

Қонады қардың ұшқыны.

Қараңдар, достар, қараңдар,

Ақ көрпе жапқан бар аңғар.

Жасасын достық деген үн

Аймақты түгел бөлесін.

Тәрбиеші: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай?

-Қыс мезгілінде қандай ойындармен ойнаймыз?

(Балалардың жауабы)

Ойын: «Қар лақтырысу»


Ғажайып сәт: Қаршақыз Аяз атаның сәлемдемесін әкеліп, асығыс шығып кетеді.

-Балалар, Ақшақардың тез кетіп қалуының себебі қандай екен?

-Дұрыс айтасыңдар, Қаршақыз жылы жерде ұзақ тұрса, еріп кетеді.

-Аяз атаның қандай сәлемдеме беріп жібергенін қарайық , жұмбақтың шешімін табыңдар.

Жұмбақ шешеміз

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

(Қар)


1Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып –жылтыр боп жатады

Тәрбиеші: - Қар дегеніміз- өте көп әдемі қар түйіршіктерінен тұрады. Олар жағарыдан, аспаннан жерге, ағаштарға, шатырларға жауады. Жаңа жауған қар таза, мамық, жұмсақ, жылтырайды. Қар жаңбыр сияқты бұлттан жауады. Қар табиғаттың әсем жаратылысы. Даладағы жер ақ көрпеге жамылғандай. Қар аяздан өсімдіктерді қорғайды жердің жылуын сақтап өсімдіктердің үсуінен сақтайды. Әлемнің ең мықты деген ғалымдары жасаған зерттеу жұмыстары жер бетінде бір –біріне ұқсас қарды таппаған. Әрбір қардың 95 пайызы ауадан тұрады. Қардың түсінің ақ болуы себебі ауаның көптігіне байланысты.

Тарихта өзгеде түсті қар жауған кездер болған. Антрактиданың биік тауларында қызыл, күлгін, сары түсті қарлар кездеседі екен.

(Балалар мұқият тыңдайды)

Аяз атаның келесі тапсырмасы. Қарды түрлі түсті бояуға бояңдар?

(Тәжірибе жасау)


Сергіту сәті:

Қар жауады оң жақтан,

Қар жауады сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су болады қолғаптар.


-Балалар, шет ел мемлекетінде үлкен қалаларда таулы аймақ жерлерде қар көшкіні болып тұрады. Бізідің елде де Алматы қаласында үлкен таулар бар , сол тауларда қар көшкіні жиі -жиі болады. Тауға шығып саяхаттаған адамдар қардың астында қалып жатады. Көбінесе біз бұл жағдайларды теледидар арқылы көреміз.

Тәжірибе жасау. «Қар көшкіні»

Дидактикалық ойын: «Шынайы ма? Жасанды қар ма?»


Қорытынды: Балаларды мадақтау















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 тамыз
3773
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі